Алдар к?се мен бай ертегісі


Технологиялық карта
Сәрсенбі: 01.04.2015ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алдаркөсе мен бай»ертегісі.
Мақсаты: Көркем шығарманың мазмұнын зейін қойып тыңдауға. Халық ауыз әдебиетінің туындыларын тыңдауға деген қызығушылығын арттыру. Шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Суреттер, хрестоматия.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе,міне мен
Доспын енді сенімен. Балалар шеңбер болып тұрады, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме
Балалар,сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Ендеше,балалар,Алдаркөсе мен бай ертегісімен танысамыз.
Алдаркөсе мен бай ертегісі оқылады.
Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын сұрау
Алдаркөсе деген кім?
Алдаркөсенің шапаны қандай еді?
Алдаркөсе неге тоңды?
Алдаркөсенің алдынан кім шықты?
Бай Алдаркөсеге не деді?
Бай мен Алдаркөсе не туралы армандады?
Ертегі қандай сөздермен аяқталды?
Сергіту сәті
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасайық,
Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Бір,екі,үш,
Жоғары қолды созамыз.
Дәптермен жұмыс.
Өлең жолдарын жаттау.
Балалардың жауабы. Зейін қойып тыңдайды.
Қу байды алдайды. Жыртық шапаны ескі бай.
Балалардың жауабы.
Қимылды жаттығулар жасайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлекциялық-түзетушілік Қорытындылау:
«Кім жылдам» ойыны арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.
Ойын шарты: балалар шеңбер бойына тұрады.Ортада тәрбиеші допты қай балаға лақтырса, сол допты ұстаған бала білетін ертегісін айтады, ойын осылай жалғаса береді. Балаларды бағалау, мақтау, мадақтау. Балалардың бәрі ойынға қатысуы керек. Балалардың қызығушылықтары арта түседі.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: шығарманың мазмұнын;
Игереді: жаман мен жақсы қасиеттерді ажырата біледі.
Меңгереді: шығарманың тәрбиелік мазмұнын.