Асы? ойындары. Ашы? саба?


Ақмола обласы Ерейментау қаласы КММ №1 негізгі мектебі
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Базарбаева Жанар Тангатаровна
Мектеп директоры: Жүсіпбек Азамат Амантаевич
Сабақ тақырыбы: Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.Міндет: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.Сабақ барысы:
I. Дайындық бөлімі 15 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сыныпты түгелдеу.Рапорт қабылдау.Жүру,жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар;
1.Алға жүру;
2.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
3.Қол белде өкшемен жүру;
4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.
5.Жеңіл жүгіріс;
6.Тізені алға көтеріп жүгіру;
7.Қолды артқа қойып, аяқты артқ сермейжүгіру;
8.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;
9.Оң қапталмен қолды алға айналдыру;
10.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру;
11. Дем алу жаттығулары.
Негізгі бөлім 25 минутII. Асық атаулары:1. Құлжа - арқардың аталығының асығы2. Сақа - арқардың асығы3. Жабайт – еліктің асығы4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен5.. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа». Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Бас бармақпен сұқ саусаққа қысып ұстап жоғары сілкіп, салмақтап айландырады. Айландырып тұрған сақаны сағаттың тіліне қарсы иіріп атады. Ірі әрі салмақты иіріліп тиген сақа асықтарын бірнеше домалатады. Шебер иіріліп атылған сақа, асыққа тигенде 10 сантиметрден 150 сантиметрге жерге дейін ұшырып жібереді.Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталадыIII. ОйнатуАсық ойыны«Тас қала»Ойынның ережесі:Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бұзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.Ойын ережесін түсіндіру.Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.ХанталапайОйынның ережесі:Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
IV Қорытынды бөлім 5 минут
1. Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.2. Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау3 Оқушыларды бағалау ,қоштасу.5.Бір саппен спорт алаңынан залдан шығару Бір саппен шығуын қадағалау
№1 негізгі мектеп

Сабақ тақырыбы: Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық
ойындарының бірі.
Сынып 7-8 «А»
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Базарбаева Ж.Т
Ерейментау 2013-2014 оқу жылы





Асық ойынынан көрініс