Разработка для дошкольных психологов К?тері?кі к??іл-к?йі?мен б?ліс


Тақырыбы: «Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс»
Білім беру саласы: Психология
Мақсаты:Балаларға көңіл-күй сыйлау,эмоциясын білдіре білуге үйрету.
Міндеттері:Бірін-бірі тануды қорытындылау,эмоциясын білдіріп,көңіл аудару білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қағаздан қиылған түймедақ гүлі,әр түрлі көңіл-күйге байланысты смайлингтер,сиқырлы таяқша,сиқырлы сандық,шарлар.
Өткізген күні:_________________
Тобы:_____________
Қатысқан балалар саны:_________
Балалар топқа музыкамен кіреді.
-Сәлеметсіндер ме,балалар,мен сендерді кездестіргеніме қуаныштымын.Сендердің көңіл-күйлерің қалай?(Балалардың жауабы).
Ойын-жаттығу.Өзінің кулкінді көршіне сыйла».
Психолог:Мен бүгін жақсы көңіл-күйдемін.Сол көңіл-күйімді сендерге сыйлағым келіп тұр.Менің көңіл-күйім арқылы не сездіңдер.
-Жылылықты,достықты,мейірімділікті.
Кел балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
-Орманның ішіндегі тіке жолмен,хан бірде жәй жүріп,бірде жүгіріп келе жатты.Ол өзінің күшін көрсетіп мақтанып,аяғын тықылдатты.Осылайша ханың көңіл-күйі болмады.Балалар,ханың көңіл-күйі неге болиады?
-Өйткені оны масалар талады.
-Қимылынан.
-Мен не істеймін,қаншама өкпелі хандар бар?
-Олардың көңілін көтеру керек?
Ойын Қызым-қызым бұрыл,бұрыл да күл.
Психолог сиқырлы таяқ арқылы әр баланың атын айтады,аты аталған бала бұрылып күледі.
-Балалар,сендер ашумен қалай күресесіңдер?(Балалардың жауабы).
-Мен ашуланғанда қатты айқайлаймын.
-Ал мен ашулансам тамақты көп жеймін.
-Мен ашулансам қатты жылаймын.
-Көкөністермен ұрысамызт.б.
Ойын:Орнымызбен ұрысамыз т.б.
Бір-бірімізге қарап,
Отырмыз көңілсіз
Жүгірейік қанеки,
Орнымызды ауыстырып.
Психолог ойынның шартын түсіндіреді.(Музыкамен бәрі орнын ауыстырады).
Ойын: Сиқырлы гүл
-Мен бүгін топқа кірсем Сәуле диванда отыр екен(суретті көрсетеді).Оның көңіл-күйі жоқ.Оның көңіл-күйі неге жоқ,қалай ойлайсыңдар?(Балалардың жауабы).
-Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Біз балалармен ойнар едік.
-Мен тәрбиешіге көмектесер едім.
-Мен кітап оқып отырар едім.
-Мен сурет салар едім.
Ортада Сәуленің ашулы кейіптегі суреті ілініп тұр.Балалар біртіндеп жапырақтарды алып Сәуленің жан-жағына іледі де,көздерін жұмып теріс бұрылады.Осылайша ашулы қыздың орнына көңөлді Сәуле ілінеді.Балалар не үшін көңілі көтерілгенін тсіндіреді.
Ойын жаттығу.Мені еркелет
Балалар,өкпелеп тұрған баланы сөйлетуге болады,еркелетуге болады.Ортаға бір баланы шақырайық (музыка ойнайды).Бала ортада орындықта отырады.Қалған балалар оны еркелетіп,басынан,аяғынан сипайды.
-Балалар,еркелеткенде не сеіндіңдер?
-Мейірімділікті,жақсылықты.
Вальс әуені қойылады.Төбеде жылтырақтар қалықтап жүреді.
-Балалар,жоғарыға қараңдаршы?Аспандағы көріністер не деген тамаша.Олар маған көтеріңкі көңіл-күй береді.Биде біз айналамыз,күлеміз,достасамыз,Балалар вальс билеп жүреді.Осы кезде қонаққа сайқымазақ кіріп келеді.Ол балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,Биле менің ойыншығым»саусақты ойынын ойнатады.
Жаттығу: Мейірімді сандық».
Фея сендерге сандық жіберіпті,бірақ іші бос екен.Сандықтың ішін мейірімді сөзбен толтырып,Феяға жіберейік.(Балалар өздерінің мейірімді сөзбен айтады).
Ойын жаттығу:Әркім өзінше қоштасады».