О?ытуды критерий ар?ылы ба?алау


Тақырыбы: Оқытуды критерий арқылы бағалау
Мақсаты: Критериалды бағалау туралы түсінік беру арқылы «критерийлер» мен «дескрипторлар» жасауды үйрену, бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу
Оқыту нәтижесі: Критериалды бағалау туралы түсінік алады, дескриптор мен критерий құруды үйренеді.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Әдіс-тәсілдер: «Сағат» ойыны,ресурстар арқылы топтасу, «Ойлаудың бес гүлі» әдістерімен бағалау
Дереккөздер: Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, маркерлерКоучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру.
Алдымен стикерге өз есімдерін жазып, жапсырып алады.
«Сағат» ойынын ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау,
Тарихи әңгіме арқылы топқа бөлу
өлмейтін өмір,
қартаймайтын жастық,
сарқылмайтын байлық,
қайғыға айналмайтын қуаныш
Мұғалімдер слайдтағы тапсырмалар арқылы жаттығулар жасайды

топтарға бөлінеді.
Слайдта бірнеше суреттер беріледі, өзіне ұнаған, көзі түскен суретті таңдау Мүғалімдер таңдаған суреті бойынша өз сипаттамаларын тыңдайды. Әр тыңдаушы сипаттамалары бойынша өздерін бағалайды.
Тақырыпқа шығу: Коучинг басында топтарға видео көрсетіледі. Бұл видеоны көріп болған соң, топтарға оны бағалау тапсырмасы беріледі
Топтар бір бірлерімен талқылайды, одан кейін әр топтан 2-3 пікір тыңдалады. Осы пікірлерден тақырыпқа шығу. Видеоны тамашалау, оны бағалау, пікіралмасу, тақырыпқа шығу
Топ мүшелеріне арнайы тапсырма беру.
1-топ: киіз үйдің суретін салу.
2-топ: киіз үйдің макетін жасау.
3-топ: бәйтеректің суретін салу
4-топ: бәйтеректің макетін жасау Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту «Шабандоз» Берілген қималардан шабандоздың бейнесін шығарады.
Әр топ жұмысын бағалауға үйрету. Киіз үйдің көлеміне,биіктігіне, ұқсастығына, беріктігіне, эстетикалық талғамына қарай баға бергізу. Қойған ұпайларын дәлелдету.Әр топтың берген бағасын тыңдау, қойған ұпай санын тұсына жазу, сәйкестігіне қарай бірін-бірі және өздерін өздері бағалауға тапсырма беру. Бірін бірі бағалауға және өздерін-өздері бағалауға үйрету
Қорғау жұмыстары аяқталған соң, қорытынды жасалынады. Жалпы осы тақырып бойынша презентация көрсетіліп, «Критерийлер» құрудың жолы көрсетіледі. Презентация тыңдау арқылы критерий құру жолдарын толық түсінеді
Сергіту «3 минуттық тапсырма» 3 минут ішінде берілген тапсырмаларды орындайды.
Кері байланыс. «Ойлаудың бес гүлі» әдісімен коучинг барысын бағалау. Коучинг барысын бағалау үшін гүлдің суреттері таратылады, өз ойларын гүл жапырақтарына жазады.