32-саба?. Мектебіме саяхат. Аа дыбысы мен ?рпі Ашы? саба?
Сабақ: сауат ашу Мектеп : № 15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Мерзімі :10.10 Мұғалімнің аты - жөні: Байтакова Айым
Сынып : 1«а» Қатысқандар : 20 Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы 32-сабақ. Мектебіме саяхат.
Аа дыбысы мен әрпі
Осы сабақтың оқу мақсаттары 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. бағалау.
1.3.8.1
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Бағалау критийлері Барлық оқушылар :Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылардың көпшілігі: А әрпінен басталатын сөздерді айта алады мысал келтіреді.
Кейбір оқушылар : Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. Өмірмен байланыстыра алады.
Тілдік мақсаттары Асхана , кітапхана, спортзал , жуан дыбыс, жіңішке дыбыс
Талқылауға арналған сұрақтар А қандай дыбыс ?
А әрпі сөздердің қай жерлерінде кездеседі ?
Пәнаралық байланыс Дүниетану , математика
Бұған дейін меңгерідген білім Дыбыс , әріпі сөз, сөйлем туралы біледі.
Жоспары
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс- әрекеттер Дереккөздер
Ұйымдастыру
3 мин Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу! Интер
белсенді
тақта
Білу
5 мин Ой қозғау. /Түлкіге көмек /Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші- ( балалар өз ойларын айтады)- Қандай аңдарды білетін едік.- Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің сазайын тартқызайын» –деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп, өздері тұрып алыпты:- Біз түлкіге көмектесеміз бе?- Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап түлкіге көмектесейік.1-ші аң түлкіге кездескен – қасқырҚасқырдың тапсырмасы: Қандай зат артық.1) кітап, дәптер, қалам –оқу құралдары, доп – ойын құралы2. ұшақ, автобус, машина - көліктер, көйлек - киім3. төрт түлік - жолбарыс4. ыдыс-аяқ - бананҚасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»- келесі кедергіде тұрған аң - кірпі.Ол «төрт түліктің төлін тап» деген тапсырма:Қойдың тапсырмасы:қой –қозы 1) буынға бөлу, сөйлем құраужылқы-құлыншақ 2) жылқының пайдасысиыр-бұзау 3)ешкі-лақ 4)түйе-ботақан 5)Сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін»Келесі кезекті аң – аюАюдың тапсырмасы: «Ажырату»- оқушылар мына жерде күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністер бар, бірақ ол қай себетке барарын білмей тұр? Кәне ажыратайықОртақ қасиетДәруменге байДенсаулыққа пайдалыАдамның ағзасына пайдалыАюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»- оқушылар біз жаңа қандай аңның тапсырмасын орындадық.
Түсіну
2 мин
6 мин
1 мин
Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы?- алма, алмұрт, алхорыОлай болса бүгінгі танысатын алғашқы әрпімізА әрпі болмақ.-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.А дыбысысөздің басында-----------------------------қызыл үйге кіредіортасындасоңындаДыбысты біз айтамыз, естиміз.Әріпті біз жазамыз, көреміз
Оқулықпен жұмыс
Мектеп ішіне А әрпімен бірге саяхат жасап көр Мынау – асхана
Мынау – кітапхана
Мынау – спортзал
Суреттің көмегімен сөздерді құра алма, айран, асық, кітап, арқан , нан
Бұл заттардың қайсысын асханадан көресің Қолдану
10
5 Тапсырма
Топпен жұмыс
1 А әрпінен басталатын заттарды бөліп шығару
2 Суреттегі заттардың аттарын дөңгелекше арқылы жазу
3 Суретті бояу
4 Суреттегі заттардың аттарын дөңгелекше арқылы жазу
5 А әрпінен басталатын заттарды бөліп шығару
Сергіту сәті
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дәптермен жұмыс
Ауада жазу
Жазу дәптеріндегі тапсырманы орындау
Кері байланыс
3 мин
2мин «Еркін микрафон»
2211070-671830
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс