Ашы? саба?. Сауат ашу. Саба? та?ырыбы: ? дыбысы мен ?рпі. (1 сынып).
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі. (1 -сынып)
Сабақтың мақсаты:
1 Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.Сөзге дыбыстық талдау жасау.Ә әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
2. оқушының ойлау қабілетін, сурет бойынша сөйлем құрапайту дағдыларын молайту.Жазылу ерекшеліктеріне мән беру.
3.Ұқыптылыққа , зеректілікке баулу. Оқушының білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру, өзіндік жұмыс
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
Амандасу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
ІІ. Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Әріптермен танысып,
Біз білімді боламыз.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?
Мысал келтіріп көрейікші.Оқушылардың жауабынан кейін, слайдтан суреттер шығады.(Әріптер шығады.)
Қорыту: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы сөз ойлау.Сөйлем құрату
Жаңа сабақты ашу.
Жұмбақ жасыру арқылы
Шұқшитқан кеп әуелі, Бұрап қойған сағаттай,
Сені әрбір әріпке. Айқайлайды таң атпай (Әтеш)
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап? (Әліппе)
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
-Бүгінгі өтетініміз дауысты дыбыс, Ә әрпі.
ІҮ. Жаңа сабақ:
Ә әрпін хормен айтқызу.
1.Оқулықпен жұмыс. Жалпы жұмыс
- Бағандағы сөздерді оқыту
Ә-же, Әсем, Сән-ді, ән, ән-ші
Ә-ке, ә-де-мі, дәм-ді, сән, әтеш. (Хормен оқыту)
2. Суретпен жұмыс
-Оқулықтағы суретке қарап әңгіме құрап көрейікші.
-Тақырыбын не деп аламыз?
-Әже мен немере.
– жақсы
-Олар не істеп отыр?
Әңгіме, ертегі айтып отыр.
Мәтін. Әже. Мұғалім өзі оқып береді.
3.Дыбыстық талдау жасату.Тақтамен жұмыс
Қанша әріп, қанша дыбыс, қанша буын бар екенін анықтау
- Ә-же, ә-сем, сән-ді, ән, ән-ші,Ә-теш
4. Жеке жұмыс. Сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру
Ү.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Үлкен болып шығамыз.
Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.
Шығармашылық жұмыс:
Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.
ҮІ. Дәптермен жұмыс: Әә әрпін жазып үйрену
ҮІІ. Сурет бойынша диктант жазғызу.Слайдтан суреттер шығады
Доп, алма,айна, тақта,ту,ағаш
ҮІІІ. «Жоқ әріпті тап» ойыны
Әжеде бар,
Анада жоқ
Әкеде бар,
Атада жоқ (Ә әрпі)
ІХ. Топпен жұмыс
І- топ
Жақшадағы әріптердің тиістісін қойын сөз құра.
Ә...е, (ж,и) с...н, (ә,к) әте.., (к,ш)
әліпп.., (е, н) С.. уле(ә,т ), ..сет. (Ә, д)
ІІ-топ
Мына сөздерді буынға бөл.
Мата, қала, кеме, әже
ІІІ- топ
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата
Дауысты дыбыстар: а,у,о,ұ,ы,е,і.
Дауыссыз дыбыстар: т,п,н,ғ,р,л,ш,й,қ,д,м,б,с,ж,ң,к
Х. Сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Әже дегенде Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Әнші, әже, әтеш,
Әсем, әке,әдемі
Топтастыру:
Ә
ІХ. Үйге тапсырма
Х. Мадақтап, бағалау.