Саба?ты? та?ырыбы: Ниет тазалы?ы-ізгілік бастауы


Күні: Курсы: Тобы: «Бекітемін»
Қармақшы аграрлы-техникалық колледж
директорының оқу- ісі жөніндегі
орынбасары:_______Г.Аралбаева

Сабақтың тақырыбы: Ниет тазалығы-ізгілік бастауы
Сабақ/ оқу мақсаттары: 
Білімділігі: Білім алушыларға ниет жайлы білім беру
Дамытушылық: Білім алушылардың  өзіндік  ізденісін, шығармашылық қабілетін  арттыру, теориялық  білімін  практикада  қолдана  білуге  дағдыландыру, таңдаған  мамандығына  деген  қызығушылығын  арттыру.
 Тәрбиелік : Білім алушыларды  өз беттерімен  жұмыс жасауға, ізденіске,  жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке  тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Ж.Ж Әкімбаева Өзін-өзі тану
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақ/оқу барысы
Реттік №   Сабақ/оқу кезеңі Мазмұны
1 Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
2 Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау) Оқу,білім,ақыл жайлы мақал-мәтел жазып келу.
3 Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру Ниет– адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы күш. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де Ниет Оның мазмұны адамның қылығы мен пиғылында. Ниет субстанция болса, қылық пен пиғыл – оның акциденциялары. Ұлттық дүниетанымда жиі қолданылатын Ниеттің формалары: тілек және бата. Тілектің субстанц. мәні жоқ, оның мәні – Ниет Тілек айтушы өзінің Ниетін білдіргісі келеді, сөйтіп тілек көбінесе батаға айналып кетеді. Ниетті бата арқылы білдіру қазақ халқының тұрмысына сіңген дәстүрге айналған. Көңіл құбылмалы болса, Ниет тұрақты. Ол адамның өзі, оның жеке болмысы. Ниет адамның табиғаты болғандықтан, оны түбірімен өзгерту мүмкін емес, оған тек белгілі мөлшерде әсер етуге ғана болады. Ниетті бұзушы – нәпсі, қорғаушы – ар. Сондықтан Ниет әуел бастан ізгілік жолы, ар жолы. Ниет тазалығы ізгілік ретінде ерекше субстанция болғанымен, Ниеттің бұзылуы бұл жалған дүниеде бола бермек. Қателік, адасу, күнәлі болу тек Ниет табиғатына ғана қатысты емес, ол адам баласының басына тағдыр боп түскен оқиғаға байланысты. Осындай халдер жағдайында Ниет бұзылмақ, ізгіліктен зұлымдық өсіп шықпақ. Зұлымдықты қара ниетті, бұзық ниетті адамдар тудырады.
4 Өтілген сабақты(материалды) бекіту “Кубизм”
Кубта берілген мәтін немесе өлеңнің мағынасын ашу
5 Үйге тапсырма Мәтінді оқып келу
6 Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау Оқушылар білімін бағалау
Пән оқытушысы: Г.Таурбаева