презентация сынып са?аты ?ызЖібек -эпосына 500жыл


Қыз Жібек  Қазақтың ұлттық эпосы «Қыз жібекке» 500 жылдан асты.Белгілі талантты режиссер С. Ходжиковтың арқасында 1970 жылы, екі жастың махаббаты туралы көркем фильм өмірге келді. Эпос былай басталады: О, халайық жарандар! тындап, құлақ салыңыз, замандас, еркек, ұрғашы, ақсақалды шалыңыз. аз әңгіме қозғайын, қызығына тоялық сыры түскен жерлерін жасыртып қайта боялық ! Кешегі өткен заманда, дін, мұсылман аманда, Кіші жүздің ішінде Жағалбайлы елі бар, Жағалбайлының мекені Ақ теңіз деген көлі бар. Жаз жайлауын сұрасаң, Кара теңіз жағасы. Базарбай атты байы бар, есеп жетпес жайы бар. Жеті жүз түйе жүгі екен, ділдәсі менен жамбысы. мың түйеге жүк тағы да канты менен шайы бар. аяқты малда есеп жоқ, айдалып барып жайылар. Оба –кесел - бірі қалмай тоғыз үл бәрі де өлді. Ажал жетіп бәрі өлді. Базарбай - ашумен алты қатын тағы да алды. Базарбай сексен жасқа келген шақта - тауыпты кіші катын тағы бір ұлды, періште сипатты. Бала жоқ өзгесінде мұнан басқа. жүргенде көзі толып қанды жасқа. Төлеген деп қойыпты ұлдың атын, - кұдай артық жаратқан оның затын. Базарбай баласына көңілі тойды. қайғының ішіндегі бәрін жойды. тоғыз жылда артынан бір ұл туды, жұрт жиып, Санзызбай деп атын қойды. Алса да патша қызын малым жетер. Ақжайыққа - қызы сұлу артық ел. Тулеген - Ақжайықта, -тәңірінің жазған ісін көрмек болды. -басшы болып, сол елді тапқан жанға, жүз жамбы сүйінші бермек болды.көңілі кетті - іздемекке талап етті. "Жолы бар неше күндік оның депті?" "Жүз күндік жолы", артынан қуып келіпті - өлгенде көрген шешесі. өлгенде көрген қарағым, -қай жакқа кетіп барасың, ата-ананды зарлатып? Сансызбай болса жас еді, - жүреміз кімге алданып? Айналайын шешеке-ау! қам көңіл болып жылама, тілімді алмай кеттің деп. мен Жайықтан келгенше, жүзіңді аман көргенше, тапсырдым ата-анамды жаратқан қадір Құдайға. Сапар шегіп барамын, көңіліме түсті бір қиял! "Талабы жоқ жас үлың - оқалины жоқ шоқпен тең" Армансыз адам алысқа бармас". кетер болсан, қарағым, жылқыдан таңдап қырық жорға ал".