Ашы? саба?.Та?ырыбы: ?лі пішімді мата ?стіне салу.


Алжапқыш - тазалық пен ұқыптылық белгісі.
Сабақтың тақырыбы: Үлгі пішімді мата үстіне салу.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың үлгі пішімін мата үстіне түсіре білуге үйрету, сызба тұрғызудың маңыздылығын түсіндіру, терминдер мен өлшемдердің мағынасын ашу, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға шығармашылық ой қиялын дамыту.
Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:сызу,бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі:нұсқау карта, мата түрлері, ине, жіп, қайшы, түрлі түсті қағаз.
Сабақ түрі:аралас сипаттағы сабақ.
Әдіс-тәсілдері:түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Оқушылармен сәлемдесу, кезекшіні анықтап, оқушыларды түгелдеу.
II.Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары:
Тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесі мен тәртібі?
Алжапқыш киімнің қай түріне жатады?
Алжапқыш тігіу үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?
III.Алжапқыш — күнделікті өңдірістерде пайдаланатын киімнің бір түрі.Оған керекті матаны ұқыптап таңдап алу керек.Алжапқыш жиі жуылатын болғандықтан ыңғайлы,мықты және ерекше күтімді керек етпейтін матаны керек етеді.
Пайдаланылуына қарай тұрмыстық, өндірістік және формальдық киімдер болып бөлінеді.
Тұрмыстық киімдерге күнделікті, салтанатты, спорттық және үй киімдері жатады. Өндірістік киімдер санитарлық жағдайда және әр түрлі жұмыстарды орындау барысында киетін арнайы киімдерді қамтиды.
Аспаз жұмыстарын орындау үшін өндірісте және жеке үй жағдайында алжапқыш пен бас орамалдан құралған арнайы киімдер қолданылады.
Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын,тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы-шыттан,зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі,сырт көрінісі тартымды келеді.Алжапқыш- тазалық үшін алдына байлап алатын жұмыс адамының қосалқы киімі. Оған керекті матаны ұқыптап тандап алу керек. Алжапқыш жиі жуылатын болғандықтан ыңғайлы , мықты және ерекше күтімді керек етпейтін матадан тіккен дұрыс
VI.Нұсқау карта.
№ Орындалу реті Сызбасы
1 Ең алдымен матаны бірдей етіп қиып, үтіктеп аламыз.
2 Матаны тең екіге бүктейміз.
3 Үлгіні мата үстіне саламыз. Мата мен үлгінің тұйық жақтары бір – бірімен беттесіп келуі керек.
4 Үлгіні мата үстіне түсірген кезде тігістікке 1-1,5 см орын қалдыру керек.
5 Үлгіні түсіріп болғаннан кейін қиып аламыз.
V.Тап, тап, тап жорға
Табаны жоқ боз жорға
Желіп кетсе жеткізбес
Жергетүссе, таптырмас(ИНЕ, ИГОЛКА,NЕЕDLE )
Киім деуге жатпайды
Киімді кірден сақтайды(АЛЖАПҚЫШ, ФАРТУК, APRON)
Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс-тыртысын,
Қонымды етер киімді(ҮТІК, УТЮГ, IRON)
Біреуге киін дейді,
ал өзі киінбейді(ТІГІН МАШИНАСЫ,ШВЕЙНАЯ МАШИНА, SEWING MACHINE)
Гүлдері бар құлпыраған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркім ұмтылған,
Киім киер оңтайлы(МАТА, ТКАНЬ,FABRIC)
VI.Алжапқыш түр-түрін тігіп келем,Жас ұрпаққа үйретіп, үлгі берем.Өнері асқан ежелгі,өнегеліӨсіп шығады cіздерден небір өрен –дей келе бүгінгі
сабағымды қорытындылай келе, барлығыңызға өте жақсы деген баға қоямын.
VII.Үйге тапсырма «АЛЖАПҚЫШ» деген сөзге сөзжұмбақ құрастырып келу.