Метал бетіне белгі салу ?дісі


lefttopБатыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Үшағаш негізі отра мектебінің технология пәнінің мұғалімі Тапауов Мұратбек Төлеуғалиұлы.
Сабақ тақырыбы:Металл бетіне белгі салу әдісі..Сарамандық жұмысСабақ мақсаты:Білімділік: Оқушыларға металдың бетіне сурет және белгі салу технологиясы жайында мағұлмат беру.Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.Дамытушылығы: Металдың бетіне сурет және белгі салуда оқушылардың ептілігі мен алғашқы дағдысын қалыптастыру.Көрнекілігі: Әр түрлі деңгейде жасалған жұмыстар, фото - буклетСабақ түрі: Топтық жұмыс, лекция, сарамандықӘдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, жұмыс жасау.Пән аралық байланысы: Тарих, сызу, сурет.Сабақ жоспары:1. Ұйымдастыру кезеңі -а). оқушыларды түгендеу -ә) сабаққа әзірліктерін тексеру -б) жұмыс орнын ұйымдастыру -2. Жаңа сабақ3. Сарамандық жұмыс4. Үй тапсырмасын тексеру5. Үйге тапсырма6. Қорытындылау2. Жаңа сабақ: Материалға белгі, бейне салудың әдісіБелгі түсіру - деп арнаулы өлшемнің, сызбаның, өрнектің немесе бұйымның, тіпті суреттің бейнесін металдың бетіне түсіруді айтамызБелгілеу сызығы - негізгі, бақылаушы және көмекші болып бөлінеді. Негізгі - деп арнаулы бұйым сызбасының шекара сызығын, өңделуін белгілейді.Бақылаушы - деп негізгі сызықтың жанынан артықтау алынып қатар жүргізілген сызықты айтамыз.Көмекші - тең бөліктегі симметриялы бөліктерді, ортаны және шеңбердің, радиустың ортасын анықтауға, т. б қолданылады.Темірге сызу кезінде оны бізбен тырнау арқылы белгі түсіреміз немесе түсті металға карандашпен түсіреміз.Бұйымның өлшемі темірге үш түрде түсіріледі. Олар – түзу белгіде, бір жазықтықтағы белгіде және кеңістіктегі белгіде.Түзу белгідегі әдіс бір өлшемдегі тұтас темір бөлігін алу (мысалы сым темір, т. б.) қолданылады.Бір жазықтықтағы әдіс белгілі бір бұйымның жалпы көлемін қамти отыра қолданылады.Кеңістіктегі белгі кез келген бұйымның, өрнектің т. б. бейнесі металға түсірілген әдісі.Темір бұйымының өлшемін немесе белгілі бір бейнені түсіру үшін бізде басқа арнаулы құралдар қолданыладыОлар: темір сызғыш, бұрыштама, біздер, арнаулы өлшеуіш аспаптар түрлері, арнаулы шеңбер сызғышы, т. бАрнаулы біздер темірге белгілі бір бұйымның белгілі өлшемін немесе өрнектің бейнесін түсіруге арналады.Өндірісте үш түрі кең көлемде қолданылады, олар 1 - алға домалақтанған басы үшкір қатты сым темірден жасалынған түрі; 2 - басы үшкір, аяғы қайырылған, арнаулы тұтқалы; 3 - ауыстырмалы инелі біз.Қарапайым түртпе – бұл ұзындығы 100, 125 немесе 160 мм - лік, көлемі 8, 10, 12 мм - лік домалақ пішінді басы үшкірленген болат темір. Оның ұратын басы жіңішкеріп доғал келеді. Түртпенің ұшы жалпы 60 градуста өңделеді. Өте дәлдікті қажет ететін түртпе 30 - 45 градус шамасындағы түртпе, ал шеңбер тесілетін орынды белгілеу - 75 градус бұрыштағы түртпе қолданылады.3. Сарамандық жұмысДайындаманы тік бұрыштап сызуДайындамаға кернегіштің және өлшегіш циркульдің көмегімен белгі салу.4. Үй тапсырмасын тексеру1. Сараптау, талдау жасау.Босату мен жасытудың айырмашылығы неде?2. Бағалау5. Үйге тапсырмаТемір өңдеудегі, өрнек түсірудегі құрал - саймандарды түрлерін, атқаратынқызметтерін, қасиетін игере біліңдер?6. Қорытындылауға арналған сұрақтар:1. Материалға белгі түсірудің технологиясына мінездеме беріңдер?2. Темір өңдеуде белгі, өрнек, өлшемдерді, т. б түсірудің маңызына, қолданылатын құрал - саймандарына сипаттама беріңдер?