Жаратылыстану п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары: Жерді? ??рылысы ж?не ??рамы


5 сынып
Пән мұғалімі: Жұмабекова Динара Әбіласанқызы
Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы және құрамы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жердің ішкі құрылысымен, тау жыныстары,пайдалы қазбалармен таныстыру
2. Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелілік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың пәнаралық байланысы: экология,тарих
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру, кесте толтыру.
Модульдердің кіріктірілуі: СТО, көшбасшылық, дарынды балалармен жұмыс, бағалау
Ресурстар: Глобус, жарты шарлар картасы, слайд, үлестірмелі материалдар.материалдар.
Болжамданған нәтиже: Жердің ішкі құрылысымен, тау жыныстары,пайдалы қазбалармен танысады
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау, таныстыру Оқу құралдарын дайындау
сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысады
Ой қозғау әрі сергіту сәті
Білу
"Кім? Не? Қашан? Қайда?" Зымыран сұрақтар.
1.Жаратылыстанушы ғалымдардан кімдерді білеміз?
2.Галактика дегеніміз не?   (жеке жұлдыздардың тобы)
3.Күн мен жердің орташа арақашықтығы қанша. (150 млн шақырым)
4.Орбита дегеніміз не? (күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы)
5.Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді? (9)
6.Экватор деген не? Экватор сызығы Жерді қандай жарты шарларға бөліп жатыр.
7.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар?  (ядро,мантия,жер қыртысы)
8.Қазақстан қай материкте орналасқан. (Еуразия)
9.Дүниежүзінде барлығы қанша материк бар? (6)
10.Ең үлкен аралдарға қандай аралдар жатады? (Греландия,Мадагаскар т.б.)
11.Тау жыныстары нешеге бөлінеді?  (магмалық,шөгінді,метаморфты)
12. Гумус дегеніміз.  (қарашірік)
13.Топырақтану ғылымының негізін салушы. (В.Докучаев)
14.Қатты жыныстардың үстінде 2,5 см қалыңдықтағы топырақтың түзілуі үшін кететін уақыт.  (1200 жыл)
15. ..1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм тұз болады. (35 грамм)
16. Емдік сулардың шығып жатқан жерін не дейді. (арасан)
17.Гидросфере деген не? (жердің су қабығы)
18. Галактика дегеніміз не?   (жеке жұлдыздардың тобы)
19.Жердің экваторлық радиусы?(6378км)
20. Жердің полярлық радиусы?(6357км)
Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады,
ойларын айтады.

Түсіну
"Неге? Неліктен? Не үшін?" Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.
Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер —  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80_%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Жер қыртысының құрылысы" жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0" \o "Геосфера" геосферадан тұрады:
жер қыртысы,
мантия,
ядроЖер қыртысы деп- литосфераның жоғарғы қабаты , жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера , жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82" \o "Мұхит" мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.
Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан, жоғарғы мантия мен жер қыртысы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0" \o "Литосфера" литосфераны құрайды. Литосфера қабығы жекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралады
Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%B4%D1%80%D0%BE" \o "Ядро" ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады  ішкі ядро біртұтас қатты темір шар   HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D0%B3%D1%96%D1%88&action=edit&redlink=1" \o "Электрөткізгіш (мұндай бет жоқ)" Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0" \o "Температура" температураның күрт айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%B8%D1%82_%D3%A9%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96" \o "Магнит өрісі" магниттік өріс Жер шары шеңберінен шығып,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%92%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%88" \o "Ғарыш" ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен келетін  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%97%D0%B0%D1%80%D1%8F%D0%B4" \o "Заряд" зарядталған бөлшектерді кері тебеді.

Оқушылары өздері білетін мәліметтер туралы айтады.

Қолдану
Жаттығу бойынша жұмыс
Сөйлемдерді толықтыр:
а) Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары……………тереңдікке дейін барды.
ә) Жердің осіне дейін………..шақырым.
б) Мұхит астында………………………….қабаты  кездеспейді.
в) Мантия шамамен…………….шақырым тереңдікке дейін барады.
г) Мантия жартылай…………………..және…………………күйде болады.
ғ) Ядро……………….және……….. деп екіге бөлінеді.
д) Сыртқы ядро-………….. күйінде болса,ішкі ядро-……………..болып келеді.
е) Қазақстанның……………………………мен……………..аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады.
Өздері білетін мәліметтерін айтады

Анализ, синтез
Салыстыру,
айырмашылығын табу.
Алынған ақпарат
негізінде қорытынды
жасау. Оқулық мәтінін және жер қыртысының құрылысының суретін пайдалана отырып,сызбаны толтыр:                                             
Жер қыртысының қалыңдықтары
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сын тұрғысынан ойлай отырып шешімін табады
Бағалау
"Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?" Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалайды. Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін айта өтіп, бағалайды. Оқушылар бағаларымен танысады.
Үйге тапсырма Жердің құрылысы және құрамы

Рефлексия Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектерін жазады.