?лы Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан Ба?ыт г?лін терген к?н! та?ырыбында презентациялар бай?ауы
«№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
067945«Бақыт гүлін терген күн!» Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған презентациялар байқауы
«Бақыт гүлін терген күн!» Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған презентациялар байқауы
/8 -10 сыныптар/
Информатика пәнінің мұғалімі: Дильманова У.М.
Әли ауылы
2014-2015 оқу жылы
«Бақыт гүлін терген күн!» Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған презентациялар байқауы
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат бер. Отан үшін жан қиған аталарымыз бен аталарымыздың ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты мәліметтер іздестіріп, презентация жасай білуге баулу.
1. Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар!
Ұлы кешке сенген күн,Фашистерді женген күн.Ағаларға ерген күн,Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған 8,9, 10 сыныптар арасындағы презентациялар байқауына қош келдіңіздер!
2. Бақ пен бап сыналар бұл сайыста әділ төрелігін береді деген оймен сайланған әділ-қазылар алқасымен таныстыруды рұқсат етіңіздер!
Директордың оқу ісінің меңгерушісі: Хармысова Алмагүл Қасымханқызы
Мектеп психологы: Сембаева Динара Тұрлыбайқызы
Әлеуметтік педагог: Ілиясов Ермұхан
3. Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
8а сынып оқушылары Жүнісхан Алтынай мен Парахатова Назира
4. «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,Оқ даусы мәңгілік жойылсын.Бомбаның орнын тегістеген,Күректер музейге қойылсын».Кім келіспейді бұл тілекпен!
8а сынып оқушылары Сәкен Мадина мен Асан Әсел
5. Бауыржан Момышұлының өз даусымен жазылған бейне баянға назар аударайық.
8ә сынып оқушысы Оразаева Жанель
6. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.
70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы,70 жыл — шуақты күн таратты әнін.Талай құс содан бері қайта оралды,Талай бақ әлеміне қайта оранды.Соғыста өлгендер тек оралмайды,Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
7.Елге қауіп төнбесін,Егестен адам өлмесін!Есен – аман болайық,Енді соғыс болмасын!Өртенбесін туған ел!Шайқалмасын асқар бел!Шайқалмасын шалқар көл!8а сынып оқушылары Хайтбаева Салтанат пен Джанатаева Зарина8. 8ә сынып оқушылары Оразхан Ажар мен Абдиганиева Қазына9. Жасасын Жеңіс!Бақытты елім күле бер!Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!Болмасын соғыс!Болмасын соғыс!Болмасын!
Осы тілекті барша халайық тілеңдер!
10. 9а сынып оқушысы Мұхамедкаримова Айдана
11. 9ә сынып оқушылары Ахметов Нұрсұлтан мен Жаңабергенов Қанат
11.Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.
10 сынып оқушысы Мұратова Айсұлу
12. Қорытынды, марапаттау.Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Хармысова Алмагүл Қасымханқызына шақырамыз.
13. Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,Не жетсін жөні келіп жарасқанға.Сен менің құдіретім, кием-дағы,Айбардың айтсын сөзді адасқанға.
Осымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған презентациялар байқауы өз мәресіне жетті. Еліміз мәңгі жасай берсін! («Жаса Қазақстан» әні ойнайды)