«Электронды? кестеде деректерді енгізу, редакциялау ж?не пішімдеу»
№5 орта мектеп
«Электрондық кестеде деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу»
(Ашық сабақ)
Өткізген: Ж.Қ.Бегімбетова
Сынып: 8 «Б»
Мерзімі: 28.02.2015
2014-2015 оқу жылы
Шалқар қаласы
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестеде деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі: Microsoft Excel-кестелік процессорын іске қосу, терезе
элементтері, мүмкіндіктері, құжатты сақтау және ашу жолдарын
түсіндіру
б) дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
дамыту
в) Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер құрылғылары, электронды оқулық, интерактивті тақта
І. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеремін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұраймын:
«Карта ойыны»
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау:
Microsoft Excel-ге кіріспе.
Microsoft Excel-сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа
2.Тарихи шолу:
0167640
1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.
3. Microsoft Excel-мен танысу.
Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі тізбектерді орындаймыз
1. Пуск-Программы- Microsoft Office- Microsoft Excel.
Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады.
Терезе мынадай бөліктерден тұрады.
1. Тақырып жолы.
2.Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word менюінен айырмашылығы Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.
3. Стандартты аспаптар
4.Пішімдеу панелі
5.Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты
6.Формула жолы
7.Жұмыс парағы
8.бағандар аты Латынның А,В,С,D...F 26 әрпінен тұрады.
9.Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады
10. Таңбашалар немесе парақ
11. Айналдыру жолағы
12.Басқа параққа ауысу батырмасы
13.Қалып-күй жолағы
3. Microsoft Excel –дің негізгі 10 мүмкіндігі бар.
457200137795
IV. Тапсырмалар
1. Microsoft Excel программасының кеңейтілімін табыңыз
. doc .jpg .bmp .txt .xls
2. Microsoft Excel бағдарламасында қанша жол және баған бар
255 баған 66566 жол 256 баған 45536 жол 252 баған 13465 жол
256 баған 65536 жол 244 баған 56895 жол
3. Терезе элементтерін орналастыр274320022860
Стандартты аспаптар
4.Пішімдеу панелі
5.Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты
6.Формула жолы
7.Жұмыс парағы
8.бағандар аты.
9.Жол нөмірі
10. Таңбашалар немесе парақ
11. Айналдыру жолағы
12.Басқа параққа ауысу батырмасы
13.Қалып-күй жолағы
4. Құралдар тақтасындағы батырмаларды тап
1.Алдын ала көру
2.Автосумма
3.жартылай қалың
4.құжатты сақтау
5.проценттік формат
6.баспаға шығару
V. Сергіту сәті. Оқушы өзін компьютерлік класта қалай ұстау керек
VII. Қорытындылау:
Кестелік процессорды іске қосу жолы қандай Құжатты қалай сақтаймыз Құжатты қалай ашамыз Жұмыс кестесінде қанша жол, баған бар Жұмыс кестесінде үнсіз келісім бойынша неше бет беріледі
VIIІ.Үйге тапсырма:
1.§8.1 Microsoft Excel –мен танысу тақырыбын оқып келу
2.Microsoft Excel мен Word мәтіндік редакторының айырмашылықтарын жаз
IX.Бағалау: Бағалау парағыР/с Оқушының
аты-жөні Үй тапсырмасы Тапсырмалар Қорытындылау
І ІІ ІІІ IV 1
2
3
4
5