Электронды? кестеде функциялар мен формулаларды ?олдану


Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестеде функциялар мен формулаларды қолдану
Функциялардың негізгі категориялары
«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
ABS (сан) – санның модулі;
COS(сан) – косинусты табу;
EXP(сан) – ех функциясының мәнін есептеу;
LN(сан) – логарифмді есептеу;
SIN (сан) – синусты есептеу;
TAN (сан) – тангенсті есептеу;
КОРЕНЬ (сан) – квадрат түбір табу (оң мәнін);
ПИ () – санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;
СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;
СУММ (сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді;
«Статистические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің үлкенін анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;…) - аргументтердің кішісін анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орташа мәнін табады;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт) – диапазондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды .
Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь)
функциясы,функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат
мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал
қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді.
И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән
қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған
жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ
мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған
жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Сабақты бекіту
1- жаттығу. Массивтерді қосу, азайту және мүшелеп көбейту.
1. Лаб_12_Матр жұмыс кітабын құрып, бірінші бетінТапсырма1 деп
өзгертіңіз;
2. Келесі кестені (11- сурет) құрыңыз:
A B C D E F G H I J K L M N
1 1 мысал 2 мысал 3 мысал
2 15 12 16 7 8 9 8 9 7
3 A= 18 5 16 B= 4 9 15 C= 15 80 21
4 19 2 25 2 6 9 31 25 63
5 6 7 A+B= B-C= A2 8 3. 1-Мысалды орындау үшін:
Қосынды матрица орналасатын диапазонды, мысалы, B6:D8 белгілейсіз;
“ = “ пернесін басасыз;
А матрицасы орналасқан В2:D4 диапазонды белгілейсіз;
“+ “ пернесін басасыз;
В матрицасы орналасқан G2:I4 диапазонды белгілейсіз;
CTRL+SHIFT+ENTER пернелер комбинациясын басасыз.
Нәтижесінде формулалар жолында келесі: = {B2:D4+G2:I4} формуласы шығу керек;
4. Қалған тапсырмаларды жоғарыда көрсетілгендей ретпен орындап көріңіз.
Сабақты қорытындылау
Студенттердің білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру
Студенттердің сабаққа қатысын есептейтін кестелік құжат құру