: Бізді ?орша?ан ?лемдегі т?ртб?рыштар (параллелограмммдар,тікт?ртб?рыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)
Беисова Гүлнар Ақылбайқызы
«Ж.Жапаров атындағы орта мектеп МДШО мен» КММ
Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограмммдар,тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қайталауға арналған есептер шығарған кездегі
білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығы ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Алған білімдері мен түсініктерін қайталайды, есте сақтау қабілеттері артады.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдылары жетіледі
Топпен бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.
Сабақтың жабдықтары: интерактивтік тақта арқылы PowerPoint, маркер, қарындаш, бағалау парағы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
Танысу тренингі
Әр оқушы өз есіміне сын есім жалғап таныстырады (қарлы жұмбаз әдісімен)
Топқа бөліну: «Төртбұрыш түрлері»
1-топ: Параллелограмм, 2-топ:Тіктөртбұрыш, 3-топ: Ромб
ІІ.«Ой атысы»
«Конверт-сұрақ» стратегиясы
Конвертке өткен тақырыптар бойынша 3 сұрақ жазып. барлық топтарға таратады:
1.Геометриялық фигураның анықтамасы
2. Сызбасын көрсету
3. Негізгі қасиеттерін атап өту.
Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Топ ол сұрақтарға жауапты стикерге жазып әкеліп мұғалімге береді.
Оны мұғалім дауыстап оқиды, топтар талқылап, «Екі жұлдыз, бір пікір» әдісі бойынша
топ жұмысына баға береді.
ІІІ. Маңызын арттыру
Әр топқа «Тізбек» тапсырма беріледі. Жеке, жұптық, топтық жұмыс
«Сен-маған, мен-саған» әдісі.
Параллелограммның үш бұрышының қосындысы 2700. Барлық бұрыштарын табыңдар.
Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы 36 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Ромбтың қабырғасымен диагональнің арасындағы бұрыш 350.Ромбтың барлық бұрыштарын тап.
Квадраттың диагональдарының қиылысуынан пайда болатын үшбұрыштың ауданы 3 см2 болса, квадраттың ауданын табыңдар.
Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасының ұзындығы 6 см,ал кіші табаны үлкен табаның жартысына тең.Ауданы 28 см2 болатын трапецияның қабырғаларын табыңдар.
Топтар орындап болған соң оң жақтағы көрші топпен алмастырып бір-бірінің тізбек бойынша жауаптарын тексереді.
ІV. Сергіту сәті.
Барлығы әуенге бірдей қозғалады.
Білім бекіту.
«Басқыш» тапсырмалары
Әр топқа есептер беріледі
1 басқыш № 162
2 басқыш №163
3 басқыш №164
Оқушылар оны тақтада орындауы қажет.
VI. Бағалау.
Критерий бойынша бағалау.
№ Критерийлер Дискрипторлар
1 Геометриялық фигуралар туралы ұғым қалыптасқан 1.Фигуралар түрлерін ажырата алады;
2.Олардың анықтамасын айта алады;
3.Фигуралардың сызбасын сыза алады.
2 Геометриялық есептерді шығара алады 1.Фигуралардың элементтерін таба алады;
2.Теоремаларды тиімді қолдана алады.
3 Төртбұрыштың түрлерін ажырата алады 1.Төртбұрыштардың макетін жасай біледі;
2.Төртбұрыштарды қоршаған ортамен байланыстыра алады.
Топтағы бақылаушы топ мүшелеріне критерийлер бойынша «3-баллдық» жүйемен баға береді.
VII. Рефлексия.
V.
«Сабақ сіздерге ұнады ма?»
Оқушылар түрлі-түсті қағаздар көмегімен «Бағдаршам» әдісі бойынша өз көңіл-күйлерін білдіреді.
VIII. Үйге тапсырма:
Өткен тарау бойынша реферат дайындап келу