Ертегілер ?леміне саяхат.


Ертегілер әлеміне саяхатМаксаты : Балаларға ертегілер жайлы түсінік беру. Ертегілердің кейіпкерлері жайлы өлең тақпақтарын сұрау, ормандағы кейіпкерлер қандай ертегіден екенін сұрау. Ертегі кейіпкерлері жайлы қысқаша сурау.Көрнекіліктер : Топтың ішін ертегіге сай безендіру. Орманның бейнесін жасау. Балаларға батперделер дайындап, ертегіге сай ойыншықтармен суреттер қойю.Шаттық шеңбері:Армысың алтын күн !Армысын көк аспан!Армысың жер ана!Армысыңдарма менің достарым, Сендерді көрсем қуанам.Жылуыма жылу қос!Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар өте жақсы амандастыңдар, ендеше балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдеме?Балалар : - Иә жақсы көреміз.Тәрбиеші: - Қандай ертегілерді жақсы көресіңдер?Балалар : - «Шалқан», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық», « Дос іздеген бота», «Жеті лақ» жәнеде тағысын көптеген ертегілерді білеміз.Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар , ендеше бүгін біз ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Сендердің ертегілер әлеміне барғыларың келеме?Балалар : - Иә барғымыз келеді.Тәрбиеші: - Балалар ендеше қалаған батперделерімізді киіп, саяхатқа жөнелейік. Балалар жан-жағымызға қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?Балалар :- Қасқыр, түлкі , ата- әже, ешкі мен оның лақтарын, қыздарды және әртүрлі ертегі кейіпкерлерін көріп отырмыз.Тәрбиеші: - Иә балалар өте дұрыс айтасыңдар , ал осы ертегідегі аңдар туралы тақпақтар білесіңдерме?Қасқыр.Қаңғырамын , үйім жоқ, Ауылдардың иті жоқ.Ұрлық, зорлық кәсібім,Тамақтанар несібім.(Бекнұр). Түлкі. Қырда жүрер ол жортып,Іні де жоқ бармайтын.Құйрығымен бұлаңдап,Қандай аң ол алдайтын?( Жанбота).Аю.Тәтті көрсе бассалар,Айнымайды баладан.Үп-үлкен болып жасқанар,Кіп-кішкене арадан.(Мансұр).Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар , қасқырмен лақтар қандай ертегіде ойнайды?Балалар :-« Жеті лақ» ертегісінде ойнайды. (Балалар ертегінің мазмұнын қысқаша айтып береді.Тәрбиеші: Ендеше балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Қараңдаршы балалар бір мысықпен қыз ұрысып жатыр екен, олар қандай ертегіден екен, кім біледі?Балалар : « Мақта қыз бен мысық» ертегісінен. ( Бағнұр ертегіні қысқаша айтып береді).Тәрбиешімен балалар топтың барлық жерлеріндегі ертегі кейіпкерлерін танып, оны талдап тақпақтары болса айтып береді.