Ертегілер ?леміне саяхат презентация математикадан ашы? саба? (мектепалды даярлы? класс)


№3 Алға қазақ орта мектебі Тәрбиеші:Дилметова Ұлболсын Мирзакалиевна. Білім саласы: Таным.Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет. Тәрбиелегі: Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу. Өз бетінше ойлауын одан әрі жетілдіру,жаңылтпаш,жұмбақтар арқылы баланың тілін,ой-өрісін дамыту. Балаларды ертегі кейіпкерлері арқылы 1 ден 10-ке дейінгі сандар жүйесін ауызша санап есептеуге,сандарды тура және кері санауға үйрету,логикалық есептерді ойлау арқылы шығарту. Сабақтың мақсаты Көрнекілігі:Ертегі кейіпкерлерінің бет пердесі,сандар,интерактивалық тақта.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,ертегіні сахналау.Билингвальдік компонент:Шал-дед,кемпір-бабка, немере қыз-внучка,ит-собака,мысық-кошка,тышқан-мышка. «Шаттық»шеңберін құру.Қуан шаттан алақай,Қуанатын күн келді,Қайырлы таң,Қайырлы күн ,Күліп шықты күн бүгін.Жарқырайды қаламыз,Жайнай түсті даламыз. Атайдың тапсырмасы: 1. тапсырмада 2 сұрақтан бар.1-тапсырма.А)Неше жыл мезгілі бар?Қазір қай мезгіл?Бір аптада неше күн бар?Апта күндерін ата?Бүгін аптаның қай күні?ә) Өзі айлакер,өзі қуЖүрген жері айғай да шу. Мысық:-сиыр,сиыр маған қатық берші.Сиыр:-сен маған жапырақ әкеліп бер,сол кезде мен саған қатық беремін. Әжейдің тапсырмасы: 2Тапсырма. А)Аспанда төрт қаз ұшып барадыБиіктен төмен қарады, , Аяқ нешеу бас нешеу? Жауабын кім тез табады?Ә)Бос орынға тиісті суретті сал. Мысық:-Ағаш,ағаш маған жапырақ берші.Ағаш:-маған су берсең мен саған жапырақ беремін-дейді. Немере қыздың тапсырмасы:3-Тапсырма.жаңылтпашты тез жатқа айт. А)Есет атам ет асатар,Ет асатса бес асатар.ә) Мысық:-Қыздар,қыздар маған су беріңдерші. Қыздар:-бізге сағыз берсең біз саған су береміз дейді. Иттің тапсырмасы:4-Тапсырма:А)  Бұтақта 3 құс қонып отырыпты, оның біреуі ұшып кетіпті. Бұтақта неше құс қалды?Ә) 4+1=     1+1 =      2+1 =         3+1 =5-1  =        4-1 =    3-1 =         2-1 = Мысық:-Дүкенші,дүкенші маған сағыз берші. Дүкенші:-Сен маған жұмыртқа әкеліп бер,сол кезде мен саған сағыз беремін-дейді. Мысықтың тапсырмасы:5-Тапсырма.Кроссворд шешу:Бос торкөздерге сандардың нәтижесі 10-ға тең болатындай етіп орналастырыңдар. 4 3 1 2 1 3 2 4 3 4 2 1 Әр суретті сана және тиісті цифрларды шеңбер ішіне жаз. 5 7 4 Мысық:-Тауық,тауық маған жұмыртқа берші.Тауық:-маған тары бер,сол кезде мен саған жұмыртқа беремін –дейді. Тышқанның тапсырмасы: 6-Тапсырма.Сөздерді оқы,талдау жаса.А)Ата,ат,ана,нан,тап,ауа, тал,шал Ә).Дидактикалық ойын:«Ұқсасын тап».Шарты:сиқырлы пішіндерді орналастыру.(үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,) Мысық:-мен сені жеймін –дейді.Сол кезде тышқан былай дейді:-Жеме,жеме мен саған тары беремін. 1,2,3Қарлығаш боп ұш.4,5,6Қарлығаш боп шалқы.7,8,9,10Қарлығаш боп қон. Сергіту сәті Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын, Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен. Күтілетін нәтиже:Білу керек: Сандарды тура және кері санап, ертегінің мазмұнын біледі.Қандай түсініктерді меңгеруі: кроссворд шешуді, логиклық есептерді оймен шығара білуді.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі: өз бетімен іс-әрекет жасауды,ертегіні сахналау,ойын ойнау,әр бір жеке баланың тапсырманы орындау қабілеті,білімділік деңгейлері артты.