Прзентация по информатике на тему Информатика ?леміне саяхат


Информатика әлеміне саяхат
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
3508375762000Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңседе, жеңілседе қалма жасып.
Алдымен саяхатымызға асығып отырған талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 2 топтан тұратын 7 сынып оқушылары қатысқалы отыр. Бүгінгі ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 ші кезең – «Таныстыру»
2 ші кезең – «Білгірлер алаңы»
3 ші кезең – «Сиқырлы орман»
4-ші кезең – «Жұмбақ алмалар бағы»
5-ші кезең – «Информатика әлемі»
317563590170003651259207500
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
1 ші кезең – «Таныстыру». Саяхатымызға қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып. «Таныстыру» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде топ басшылары өз тобын таныстырады. (Жоғары бағаға 10 ұпай беріледі).
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп келесі кезеңді бастайық.
2 ші кезең – «Білгірлер алаңы». Бұл кезеңде оқушылар Ақылды үкінің жасырған сөз жұмбақтарына жауап береді.
Зиянкес бағдарлама (вирус)
Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)
Компьютердің миы, ең басты бөлігі (процессор)
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
Компьютер теледидары (монитор)
Қағаздағы кескінді компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
Вирусты жоятын программа (антивирус)
Ақпараттық процесті жүзеге асыратын құрылғы (компьютер)
Файлдар жиыны (бума)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса
3 ші кезең – «Сиқырлы орман». Бұнда оқушылар орман сақшысы Бабай атаға жолда өсіп жатқан сиқырлы саңырау құлақтарды теруге көмектеседі. Бұл саңырауқұлақтарды алу үшін онда жасырылған сұрақтардың жауаптарын тауып, оны ағылшын және орыс тіліне аударулары қажет.
3613785-127000
Паскаль қандай тіл?
(программалау тілі, )
Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет - корзина - basket)
Дүниежүзілік компьютерлік желі
( ғаламтор, интернет, internet)
Көп батырмалы құрылғы
(пернетақта, клавиатура,)
Windows – дегеніміз не? (ОЖ, операционная система, Operation system)
Сақталған құжатты ашу командасы? (Файл – ашу, файл - открыть, file – open)
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,Табылғандай таным да, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп
3761740287655004-ші кезең – «Жұмбақ алмалар бағы». Оқушылар бақта өсіп тұрған алмалардың жұмбақтарына жауап береді.
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші
Қалай деп аталады аты оның ..... (тышқан)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)
Пернетақта ауылында тұратын
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана «F» әріптерінен басталады.
(функционалды пернелер)
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (жүйелік блок)

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!Айналайын жеңіс құшқан Қырандар!Информатика әлемінің қақпасын ,Ашу үшін құпия сөзді табыңдар.
5-ші кезең – «Информатика әлемі». Информатика әлемінің қақпасын ашу үшін ребусты шешу арқылы. Құпия сөзді тауып, қақпаны ашады.
Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды).