Ертегі ?леміне саяхат проект
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда, құзыреттіліктерін қалыптастыруда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқын.
Ертегінің тәрбиелік мәнін жоғары бағалағандардың бірі – заманымыздың заңғар жазушысы – Ш.Айтматов. Ол ертегілер жайында: «Біздің өркениетті ғылыми-техникалық ғасырымызда ертегіге мәжбүрлік, зәрулік жоқ тәрізді. Ертегілер – адамзаттың тәжірибесі» деп пікір білдіреді. А.Егенова ертегілердің балалардың өз күшіне сенуіне, тапқырлыққа баулитынына: «Ертегілер бала жанына жақын, тілі жатық, сөз тіркестері бір-бірімен сабақтасып, үйлесіп, тілге орамдылығымен тыңдаушыларын ұйытып, қызықтырып, еріксіз еліктетеді» деп жан-жақты тоқталады.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырудың жөні бөлек. Жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгісі – ертегілердің алатын орны ерекше. Білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптас-тырып оқытудың ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыру – маңызды да күрделі міндет. Оның мәні тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады. Баланың құзыреттілігін қалыптастырып іс жүзінде орнату әдетте, ең алдымен педагог-тәрбиешілерге жүктеледі. Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы ерекше. Халықтың асыл қазынасы – ауыз әдебиеті аңыз-әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздер-ден, жұмбақтардан, жаңылтпаштардан т.б. тұрады. Балалардың ақыл-ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертегідегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі – ертегіні қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды. Бұрынғы уақытта балалар көбінесе ата-әже бауырында өскен. Олар үлкендердің ертегі, әңгімесін тыңдап, зейін қойып өскен. Балалар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірімді, ілтипатты болған. Қазір көбінесе теледидар немесе компьютер алдында отырады да кино, көп сериялы мультфильмдер көреді. Ертегілер мазмұны қызықты болса ғана тыңдайды. Ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлерге яғни, рөлдерге бөліп драматизациялау, саусақ театры, көлеңке театры, қуыршақ театры балалардың асыға күтетін көркем дүниесі. Бала ертегі кейіпкерлеріне сай дауыс ырғағымен айтуға үйренеді, қимыл-әрекетін келтіреді және жүреді. Мектепалды даярлық топтарына арналған «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа», «Ертөстік» т. б ертегілер бар. Ертегілер балалардың құзыреттілігін қалыптастыруда:
Біріншіден, қарым-қатынастық мазмұны, атмосферасы, өзара қатынасатын түрлі баланың адамгершілікке жататындардың бәрін меңгеруіне, өзін адам ретінде тануын, ізгілік, өзін-өзі сыйлау сезімін өзімен есептесетіндігін, өзін керек ететіндігін, өзін елеп, бағалап отыратындығын түсіне білуін тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
Екіншіден, педагогикалық үдеріс оқытудың әлеуметтік мәні бар шарт-тарын қалыптастыруға, рухани өсуге, адамгершілік жағынан ширауына, ынтымақтастық, өзара көмек сезімін оятуға, балалар ұжымдық ортақ мақсат, өзара қарым-қатынастың бірыңғай қағидалары негізінде біріктіруге ықпал етуі керек.
Үшіншіден, педагогикалық үдерісте балалардың алғырлығына, дербестігіне, танымдық және қоғамдық белсенділігіне кең өріс берілуі қажет: балалар ұжымында өрілетін қарым-қатынас сипаты әр баланың өзіне тән адамдық болмысын дамытуына көмектесуі тиіс.
Педагогикалық үдерісті балалардың белгілі топтарының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бір ізге келтіру керек. Балалық шақтағы жетекші белгілердің бірі – баланың есеюге талпынысы екені жоғарыда айтылды. Егер осынау психологиялық ерекшеліктеріне ден қойылмай, өктем-дік позициясындағы педагогикалық үдеріс құрылатын болса, балалардың талаптары мен потенциалдық мүмкіндіктерінің толық түрде жан-жақты ашылып дамуы үшін жағдайлар жасалмайды. Бала тұйықталып, өзінен-өзі қорғала бастайды, оның дамуға тырысқан функционалдық тенденциясы ықтиярсыз мәжбүр болу салдарынан өзінің қимыл қарқынын бәсеңдетеді, ал енжарлық өзінің жеке басын кемсітуге қарсы ыза ретінде туады. Балаларға өзіндік ар-ождан тұрғысынан қарау адамгершілікті жағдай туғызып, әр баланың өзін адам ретінде сезінуіне мүмкіндік беруі ықтимал. Педагогикалық үдерісте «Қай ертегінің кейіпкері?», «Кім көп ертегі біледі?», т.б. ойын түрлерін қолданып отырсақ, ойын барысында бала зат-құбылыстармен танысады, әр түрлі қызмет тәсілдерін игеріп, қарым-қатынас, тәртіп нормаларын үйренеді. Бала жаңа біліммен қамтылады, қажетті әдет-дағдыларын дамытады. Қазақтағы хайуанаттар жайлы ертегілердің бейнелегіш образдары тамаша келеді. Балада хайуанаттардың ерекше сырына, жұмбақ бітіміне, өзгеше өмір тәсіліне, жат сырына таңдану болады. Көркемдік қасиеттерін, поэтикасын талдауда бұл ертегілердегі жәндіктерді сөйлестіру диалог түрінде ерекше шебер келтірілетінін еске тұту қажет. Тәрбиеші көркем сөз арқылы тыңдаушысын толғандырып, балаларды өзі-мен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт. Мұның бәрін тәрбиеші өзінің орындаушылық, көркем сөз оқу құралдарымен жүзеге асырады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға «жан бітіп», тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер ететін болады.
Қорыта айтқанда, ертегілер балалардың қатынастық-тілдік құзіреттіліктері ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға игі әсер етеді. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларға тілдік материалдарды ертегілер арқылы меңгерту– тілдің лингвистикалық заңдылықтарды ұғындырудың тиімді әдісі. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын балалар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы ғана іске асады.
Балалардың қатынастық-тілдік құзыреттілігін ертегілер арқылы қалып-тастыру жұмыстары бойынша нәтижеге келсек. Қатынас білім саласы бойынша балабақша баласы:
• Ертегілерді меңгеру арқылы арқылы бала қатынас мәдениетіне төселеді;
тілдің грамматикалық құрылымын игереді;
• Тілдің дыбыстық мәдениетін игеріп, сөздік, байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасады;
• Мемлекеттік тілді, шығармашылық тілдік қызметті меңгеріп, шығарма-ларды қабылдау құзыреттіліктері қалыптасады.
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 «Мерей» көптілдікті дамыту орталығы бөбектер бақшасы» КМҚК
КГКП «Центр полиязычного развития ясли- сад №20 «Мерей» отдела образования акимата города Экибастуза»
Communal state puplic Enterprise the centre of polylingual development of a nursery garolen №20 «Merey» of the education department formation city of Ekibastuz
Балабақшадағы жобалық іс- әрекеттер «Ертегіні ойнау»
Екінші кіші «А» тобы
Тәрбиешілер: Назымбекова Р. З
Сыздыкова Р. С
Екібастұз қ., 2016- 2017 о. ж