Внеклассный урок на тему: ?ажайыпстан?а саяхат (1 класс)
Сабақ жоспары («Қазақстан» телеарнасындағы «Балапан» бағдарламасының желісі бойынша)
Мұғалім: Токтаганова Лязат Жумахановна
Сынып: 1 «А»
Уақыты: 45 минут
Сабақтың тақырыбы: Ғажайыпстанға саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару, логикалық тапсырмалар орындау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана-сезімін жан-жақты дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, жұппен жұмыс,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, таратпа материал.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
№1 слайд. (көңілді паровоз жүріп, әннің әуені орындалады)
Психологиялық кезең. Ән айту:
Кел,балалар,қанеки,
Парақтайық әліпби.
Талай қызық күтуде
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа, сен жалықпа,
Оқы,тоқы,арманда.
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыс та.
№2 слайд (сабақтың тақырыбы хабарланады)
-Балалар,бүгін біз сендермен Ғажайыпстанға саяхатқа аттанамыз.
№3 слайд (сабақтың мақсаты хабарланады)
-Біздің мақсатымыз:математика пәнінен алған білімдерімізді көрсету.
-Саяхатқа ,әрине, көңілді паровозбен аттанамыз.Ал саяхатқа аттанбас бұрын математикадан өткен тақырыптарымызды еске түсіріп алайық.
ІІ.Тапсырмалар орындау.
№4 слайд.( сұрақтар кезекпен шығып отырады)
Ой қозғау. Блиц сұрақ-жауап:
1. Ең кіші бір таңбалы сан .
2. 5+3=8 өрнегіндегі қосындының мәнін ата .
3. Ең үлкен бір таңбалы сан.
4.Сенбі аптаның нешінші күні?
5. 9 санының көршілерін ата.
6. 7-5=2 өрнегіндегі азайтқышты ата.
7. 8+1=9 өрнегіндегі екінші қосылғышты ата.
-Ал енді саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
-Ал ендеше кеттік.
№5 слайд.(әуенмен көңілді паровоз әрі қарай аттанады)
№6 слайд. (паровоз «Ғажайып сандар» қалашығына келеді)
- Біз сендермен Ғажайыпстанның «Ғажайып сандар» деген қаласына келдік. Сандардың сырын түсінгілерің келе ме?
- Ендеше біздің оқушыларымыздың өздері үйден ізденіп әкелген мәліметтерін бар екен, соны тыңдайық.
1-оқушы: Адамдар санай бастаған кезде санау үшін қол саусақтарын пайдаланған.Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан,ондықтармен санау ыңғайлы болған.
2-оқушы: Саусақтарымызға қарап-ақ сандарды атамастан оларды көз алдымызға елестете аламыз.Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit - сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді.
3-оқушы: Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін таңбалар қажет. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
-Балалар, цифрлар әртүрлі заттарға ұқсайды екен. Ендеше қай зат қай цифрға ұқсайтынын тауып көреміз бе?
Сурет бойынша жұмыс.
- Қай зат қай цифрға ұқсайды?
-Аспанда қалықтап құс ұшып жүр.Көлшікте әдемі аққу жүзіп жүр.Шөптің иісі аңқып тұр, табалдырықта орақ жатыр .Кілтті құлыпқа салып,есікті аштық. Тәтті тоқаштың иісі шығады,жай тоқаш емес, екеуден біріккен тоқаш. Пеш үстінде құйрығы салбырап мысық отыр.Тоқаштарды жедік те,үстел үстіне орындықты төңкеріп қойып,кері қайттық.
№7 слайд.(мақалдың бірінші жолы шығады, егер оқушылар дұрыс тапса, мақалдың екінші жолы шығады)
«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны.
-Ал енді осы сандарға байланысты «Мен бастаймын, жалғастыр» ойынын ойнайық.Ойынның шарты: Мен мақалдың басын айтамын, ал сендер жалғастырасыңдар.
Бір тал кессең, он тал ек.Бес саусақ бірдей емес.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Жігітке жеті өнер де аз.
Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
№8 слайд. (паровоз «Жұмбақтар қалашығына келеді)
Жұмбақтар қаласы.
- Біз сендермен сандарға байланысты жұмбақтар жасыра аламыз ба?
1-оқушы.
Тал басында, тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі? 2-оқушы:Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. 3-оқушы:
Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? 4-оқушы:Екі аяқпен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің.Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын?
5-оқушы:
6 аламаның екеуінДосың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуіӨз қолыңда қалады.
- Балалар,сендердің алдарыңда жолдама қағаздар жатыр. Бұл қағаздарда ребус жазылған, сендер жұптаса отырып, осы ребустардың шешімдерін дұрыс тауып жазсаңдар, келесі аялдамаға жолдама аласыңдар.
Жұппен жұмыс. Ребус шешу.
№ 9 слайд. (паровоз әуенмен әрі қарай жүреді)
№10 слайд. (баяу әуен орындалады)
Сергіту сәті . Көз жаттығулары.
Көзді жылдам жыпылықтатып, жұму, 5-ке дейін санап тыныш отыру.
Көзді қатты жұмып, 3-ке дейін санау. Ашып, 5-ке дейін санап, алысқа қарау.
Оң қолды алға созу, басты бұрмай, сұқ саусақтың оңға, солға, жоғары, төмен жасаған қимылын көзбен бақылау.
1-4 –ке дейін санап, қолды созып, сұқ саусаққа қарау
№11 слайд. . (паровоз әуенмен әрі қарай жүреді)
№12 слайд. (паровоз «Ғажайып алаңға келеді.Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап берген сайын кезекпен үй, дүкен,мектеп, дәріхана пайда болады)
Ғажайып алаң.
-Балалар,енді біз сендермен Ғажайыпстанның ғажайып алаңына да келіп жеттік
-Осы алаңда біз ғажайып қала тұрғызсақ қайтеді?
-Қала тұрғызғыларың келе ме?
-Ал ендеше бастайық. Сұрақтарға дұрыс жауап берсек, әдемі қаламыз пайда болады.
1. 9-5=4 өрнегі бойынша есеп құрастыр.
2. Ыдыста 6 қызанақ және 4 алма жатыр.Ыдыста барлығы неше жеміс бар?
3. Анасының Әсел деген қызы, Әсет деген ұлы, Ақтөс деген күшігі, Моншақ деген мысығы бар. Анасының неше баласы бар?
4. 3 сауысқан, 2 ара, 3 қарға ұшып келді. Үй маңында неше құс болды?
- Жақсы балалар,енді бұл қалада жарық пен жылу болу үшін не жетіспейді?
- Ендеше қазір біз сендермен күнді бұлттардан босатайық та, ғажайып қаламызға күнімізді қояйық.
№ 13 слайд. (оқушылар өрнектердің мәнін дұрыс тапса, бұлттар кезекпен түсіп қалады)
Күнді бұлттардан босату.
Санды өрнекті, әріпті өрнек, теңдік, теңсіздік, теңдеуді ажыратып айту.
№14 слайд (тұрғызылған қалашыққа бұлттардан босатылған күн пайда болады)
Топпен жұмыс.Танграмм .
Топпен фигуралардан сүйікті жануарларды құрастырады.
№15 слайд. (оқушылар өрнектердің мәнін дұрыс тапқан сайын әріптер цифрлардың астына орналастарылады, ең соңында «Жарайсың» деген сөз шығады)
Ойын: «Сөз құрайық, тез құрайық».
Өрнектердің мәндерін таба отырып, сандарды ұяшыққа орналастыру. Шыққан сөзді оқу.
50 80 60 90 40 0 10 70
30+50 =А 50-40=Ы
20+30 = Ж 90-30=Р
30+40 = Ң 80-40=Й
60+30 = А 30-30=С
- Сендердің барлықтарыңа бүгінгі сабаққа «Жарайсың» деген баға берілді.
ІІІ.Қорытынды.
Рефлексия
- Ал енді,балалар, өзіміз салуға қаламызға гүлдер отырғызайық. Егер бүгінгі сабағымыз ұнаса, мына әдемі гүлдерді отырғызайық.
№16 слайд. (әннің әуені орындалады)
Ән орындау:
Көп қызық бар әлемде
Құштар бол сен білімге.
Ізден,оқы,жалықпа,
Білмегенді анықта.
Ойланайық,ойлайық
Кітаптан оқиық.
Жеңістерге әрдайым
Біліммен жетейік.
-Міне, балалар,біз сендермен сыныбымызға қайта оралдық. Сендерге көп-көп рахмет.