Дара ж?не к?рделі сан есім 
Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы
№ 201 орта мектеп 
Ембергенова Айнұр Болатқызы
Бастауыш пән мұғалімі
Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Мақсаты
Білімділік: Оқушыларға сан есім және оның түрлерін таныстыру. Дара және күрделі сан есімдерді бір-бірінен ажырата алуға; сөйлем ішінен сан есімнің түрлерін таба алуға; сандарды сан есімнің түрлеріне қараай топтастыра алуға; сандарды сөзбен қатесіз жаза алуға үйрету.
Тәрбиелік: 
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, зеректігін дамыту. Тез ойлап, шапшаң жауап беруге дағдыландыру.
Типі: Жаңа білім беру
Түрі: Аралас
Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,топтастыру
Пән аралық байланыс: математика, ана тілі
Көрнекілігі: слайд, кубик
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру
-Сәлемдесу
-Сыныптың тазалығына мән беру
-Құрал-жабдықтарын түгендеу
-Назарларын сабаққа аудару
II.Психологиялық дайындық
  *Бүгінгі ұстаным:
Біреу жаныңа жолдас.
Біреу малыңа жолдас.
III.Үй тапсырмасы:
1.Үш қатардан бір-бір оқушыны тұрғызып оқыту
2.Шыққан оқушыларға сұрақ қою. 
IV.Сабақтың мақсат-міндеті:
Балалар! Бүгінгі сабағымыз алдыңғы сабақтарымыздан ерекшелеу. Сабағымыздың тапсырмаларын бізге ертегі кейіпкерлері әкеліп бермек және бүгінгі сабақта әр оқушы өз-өзін бағалап отырмақ.Яғни әр тапсырма орындалғаннан кейін тапсырманың жауаптары тақтаға шығарылады. Сіздер тақтамен өз жауаптарыңызды тексеріп өздеріңізді бағалайсыздар.
Бағалау реті былай болмақ:
Кез келген тапсырмада:
0 – 1 – «5»
2 – «4»
3 – «3» деп бағаланады.
-Барлығымызға түсінікті ме?
V.Жаңа сабақ
-Балалар біз қандай сөз таптарын білеміз?
-Жарайсыңдар!
-Тақтада не бейнеленген?
-Сөз таптары дегеніміз не?
-Ағашта қандай сөз таптары тұр?
-Сөздер қай сөз таптарына жатады?
-Жарайсыңдар, балалар!
-Әрине бұның ішіндегі сан есімдер жетпіс, он, сегіз.
-Сан есімнің ережесін кім айтады?
-Енді мына “көңілді шумаққа” қарайықшы. Қалай оқылу керек екенін кім айтады?
-             1 – бір
 Же1  екен  1қазан:
 Ке1 жемді  1қазан
 1 – ақ сәтте қойды жеп.
 Кү1  етті,
 «Тойдым», - деп.
 Естіп  1  кез  дү1ді,
 Жағадағы тү1ді
 Паналауға жүгірді.
-Өте тамаша!
                        
-Балалар! Мына ағашқа қарайықшы. Не бейнеленген?
-Жарайсыңдар!
-Бұл ағашты «сөз табы» ағашы деп алсақ, оның бұтақтары зат есім, сан есім, сын есім және етістік. Бүгінгі тақырыбыз сан есім. Сан есім бұтағына қарайықшы. Онда неше жеміс бейнеленген?
-Жарайсыңдар! Әрине екі. Бұл екі жеміс не білдіретінін кім айтады?
-Бұл екі жемісі, яғни сын есім екіге бөлінеді деген сөзді білдіреді. Дара және күрделі. Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі тақырыбымыз «Дара және күрделі сан есім» деп аталады.
-Енді барлығымыз ережені іштей екі рет оқып шығайық.
                                       Сан есім
                          Дара                         Күрделі
Бір сөзден тұрады                            екі немесе одан да көп сөзден құралады.                       
                                                           Күрделі сан есімдердің құрамындағы 
                                                           Сөздер бөлек-бөлек жазылады.
-Ережені түсіндік пе?
-Дара сан есім дегеніміз не?
-Күрделі сан есім дегенміз не?
-Егер ережені түсінген болсақ мына жұмбақты шешелік.
- Алтын   терек ,                он  екі  бұтақ, 
 Үш  жүз  алпыс  бес                           .
                                                    ( 1 жыл, 12 ай, 365 күн) 
-Әрине, жауаптарың дұрыс!
-Жауаптарыңдағы сандар сан есімнің қай түріне жатқызасыңдар?
-Жарайсыңдар!
-Балалар қараңдаршы бізге хат келіпті. Кімнен екен? Кім оқиды?
- Құрметті 4 “Б” сынып оқушылары!Менің атым – Оқымысты бала.
Мен Алматы қаласында тұрамын. Сабақты өте жақсы оқимын. Мен сендерге қоян, қонжық, түлкі, шымшық, жолбарыс  достарымды жібердім. Олардың бірнеше кедергілерден өтуіне көмек берсеңіздер екен. Сәлеммен достарың - Оқымысты бала!
*Дәптермен жұмыс:
-Балалар! Көмектесеміз бе? Олай болса бірінші қоянның тапсырмасы.
№ 7 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
                  Мен – баласы даланың
Бес жасынан ат жолында ойнаған,
Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған,
Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,
Мен – баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын   (Мұзафар Әлімбай)
*Сан есімдерді тап. Бес, бес жүз сан есімдерін салыстыр. Әрқайсысындағы сөз саны бірдей ме?
*Жеті түнде және бес саусақтай дегенді қалай түсінесің?
Келесі қонжықтың тапсырмасы:
№8 – жаттығу.Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жаз.
1.Кит-ең ірі жануар.Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай болады.2.Түйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді.3.Айдың көлемі Жерден 50 есеге жуық кіші.4.Емен өте ұзақ, яғни 1000 жылға дейін жасайды.5.Жусанның Қазақстанда 81 түрі белгілі.
*Сан есімдердің астын сыз.Олардың дара немесе күрделі екенін айт.
*Сергіту сәті
Біздер әлі баламыз
Өсіп алға барамыз.
2030- жылдары
 Біз де осындай боламыз 
*Тақтамен жұмыс
Ендігі кезек түлкіде:
№9-жаттығу.Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз алпыс бес.
*Дәптермен жұмыс
Шымшықтың тапсырмасы:
№10-жаттығу.Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелде.
9, 11, 27, 189, 640.
Келесі кезек жолбарыстың да тапсырмасына келді:
№11-жаттығу.Ребусты дұрыс шеш.
 7       
 2     
*Ауызша тапсырма:
№12-жаттығу.Мақалды оқып, жатқа айт.
Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
*Сан есімдерді тап
*Мақалдың мәнін түсіндір.
VI.Жаңа сабақты бекіту
Сан есім түрлері 10 75 108 658   3 245  0 365  8
Дара  + Күрделі + -Балалар! Егер біз әр сөйлемге мән беретін болсақ жаңылтпаштардың да, мақал-мәтелдердің ішінен де сан есімдерді табуға болатынын байқаймыз.Оның бір дәлелі:
1.Піл к3-ті
Піл к3-ті емес
Тіл к3-ті.
2.  6-н балдақ қол сәні,
Әшекей т10 сәні.
3.  4-еу түгел болса, төбедегі келер,
6-ау ала болса, ауыздағы кетер.
VII.Үйге тапсырма
«Қазақстанның көрікті жерлері» әңгіме жазып келу.
VIII.Қорытындылау, бағалау