Реттік ж?не есептік сан есім та?ырыбына ашы? саба? ?зірлемесі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
1/27-сабақ жоспары
Сынып:2 мерзімі:6.04.13ж. Уақыты: 14.00-14.45
Сабақтың тақырыбы: Реттік және есептік сан есім.
Мақсаты: Оқушылардың сан есім түрлері туралы білімдерін толықтыру.Міндеті:-оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру.
-оқушылардың іс-әрекетін бақылау.
-сөздік қорын молайту.
-дұрыс шешім қабылдауды үйрету.
-топтық, жұптық жұмысты жандандыру.
-өзара сенімді қарым-қатынас орнату.
-сауаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс-әрекеттер: Топтастыру, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, «Кубизм» стратегиясы, «Ой қозғау» стратегиясы, мағынаны тану, Венн диаграммасы, «Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «Инсерт» стратегиясы, «Тірек сөздер» стратегиясы.
Бөлімі Бөлімнің мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурстар
Кіріспе Психологиялық ахуал.
«Дос болайық, бәріміз» тренингі
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау Оқушылармен амандасу. Назарларын сабаққа аудара отырып, оқушыларды шеңберге тұрғызу.
«Дос болайық, бәріміз» тренингін
өткізу. Топқа бөлу.
«Кубизм» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрап кету. Оқушылар шеңбер бойына тұрып, қолдарын ұстап тұрып, сәттілік тілейді.Оқушыларды сурет қиындылары бойынша
4 топқа бөлемін. «Раушандар», «Інжугүлдер», «Бәйшешектер», «Қызғалдақтар»тобы.
Әр топтан шыққан оқушы, кубикті лақтырып, сұраққа жауап алады. Суреттер,
кубик, сұрақтар.
Тұсаукесер Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» стратегиясы Криптограмма шешу арқылы сабақ тақырыбын тапқызу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Реттік және есептік сан есімдер туралы мағлұмат беру. Сабақ тақырыбын өздері тауып алады. Мақсатымен танысады. Реттік және есептік сан есімдер туралы мағлұматтар алады. Power Point арқылы көрсетіледі
Негізгі бөлім
Мағынаны тану
«Венн диаграммасы» стратегиясын қолдану.
Cергіту сәті
«Автор орындығы» стратегиясы 1 тапсырма
Мәтінді оқып, сан есімдерді табыңдар.
Дәптермен жұмыс.
2 тапсырма
Әр топ берілген сан есімдерге
–ыншы, -інші жұрнағының тиістісін қойып өзгертіп жазады.
«Кішкентай үйректер» жаттығуы.
3 тапсырма
Топтарға құстардың суреттері таратылады. Әр топқа құстардың атауларын қатыстырып, сөйлемдер құрату. Сан есімді қолдану.
«Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Оқушылар мәтінді оқиды, мәтіннен сан есімді табады. Әр топ бір-біріне сұрақ қоя отырып, сан есім екенін дәлелдейді. Топта талқылау жұреді.
Сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнағының тиістісін қою арқылы, сан есімді өзгертіп жазады. Сұраққа жауап береді. Сан есімдерді салыстырады.
Жаттығу жасай отырып, дене қимылы арқылы сергиді. Ынталанады.
Берілген құстардың атауларын табады. Сан есім түрлерін қатыстырып, сөйлемдер құрайды. Автор орындығында оқиды. Дәптер, оқулық, қалам
смайликтер
Power Point арқылы көрсетіледі
Power Point арқылы көрсетіледі
Құстардың суреттері
смайликтер
Қорытынды «Инсерт» стратегиясы
Үйге тапсырма.
«Тірек сөздер» стратегиясы
Бағалау
Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазғызу. Нені білдім? Нені үйрендім ? нені білгім келеді?деген сауалдар қойылады.
Тірек сөздер бойынша әңгіме құрап келу.
Әр тапсырмаға смайликпен бағалап отыру. Кейін смайликтер бойынша мадақтау. Өзін-өзі бағалау парағы. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.
Тірек сөздер бойынша әңгіме құрап келеді.
Өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалату. Стикер
Бағалау парағы