Шартты ж?не шартсыз к?шу операторлары



Пән аты: Информатика Бекітемін ................................
Сабақ____Сынып:______Мерзімі_________Пән мұғалімі............................
Тақырыбы: Шартты және шартсыз көшу операторлары
Мақсаты: Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;
Программалау ұғымын дамыту;
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.
Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың өту барысы:
І Кіріспе.
Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
Тапсырмаларды орындау (15-минут)
Сабақты бекіту (6-минут)
Оқушыларды бағалау (2-минут)
Үйге тапсырма беру (1-минут)
ІІ Проблеманы шешу:
Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.
Паскалдағы жазылу түрі:
Толық тармақтау БС
if <шарт> then 1-оператор else 2-оператор;
шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.
мыс:
gas:=15;
if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’)
else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’);
Жоғарыдағы сұаққа назар салыңдар. 1-operator
1-operator
шарт

Қысқаша тармақтау БС
if <шарт> then оператор;
шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..
мыс:
gas:=15;
if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);
оператор
шартm

Шартқа байланысты көптеген таңдаулар жасау қажет болса қайтеміз? Мысалы апта күні қалай аталатынын анықтау үшін бір шартты жеті рет тексеру қажет болады.
Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы goto белгісі бар операторға өту үшін қолданлады.
Осындай мақсаттарды шешу үшін Паскальда таңдау операторы қолданылады. Жазылу түрі мынандай: ІІІ Сынып жұмысы.
ЕСЕП: Клавиатурадан енгізілген бүтін сан бойынша апта күндерін анықайтын программа жазыңыз.
program apta;
var kun:integer;
begin
write('kyn retin engiz ');
read(kun);
case kun of
1:writeln('duisembi ');
2:writeln('seisembi ');
3:writeln('sarsembi ');
4:writeln('beisembi ');
5:writeln('juma ');
6:writeln('sembi ');
1:writeln('jeksembi ');
else writeln('byndai kyn jok ');
end;
end.
case шарт of
1-шарт: 1-серия;
2-шарт: 2-серия;
...
n-шарт: n-серия;
else n+1 -серия;
end;
case шарт of
1-шарт: 1-серия;
2-шарт: 2-серия;
...
n-шарт: n-серия;
else n+1 -серия;
end;
ЕСЕП: №4(89бет)
Тақтаға мат.мод жазу.
Не белгілі?
Үш нүктенің координаттары,
x1, y2, x2, y2, x3, y3 –бүтін сандар.
Не істеу керек?
Үш бұрыштың a, b, c қабырғаларын есептеп, олардың тең бүйірлі немесе тең қабырғалы екенін анықтау.
Қалай есептейміз?
Координаттар бойынша үш бұрыш қабырғаларын есептейміз:
;
; ;
Үшбұрыш қабырғаларын өзара салыстырамыз. Үш қабырғасы да тең болса жауап: «тең қабырғалы», екі қабырғасы тең болса жауап: «тең бүйірлі».
ІV. Оқушыларды бағалау.

V. Үйге: Үш санның кішісін табатын программа құру керек.