Суды? ?асиеттері Балб?бек ша?ын орталы?ы


Топ: Ортаңғы топ.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, экология.
Тақырыбы: Судың қасиеттері.
Мақсаты: су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: су, бу, мұз, стақан.
Сөздік жұмыс: сұйық.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберге тұрғызу.
-Күндей жарқырап
-Айдай арайлап,
-Жұлдыздай жарқырап,
-Судай мөлдір, таза көңілмен, бүгінгі күнді бастайық. Балалар шеңберге тұрып,өлең жолдарын қимылмен орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәжірибе жасау: -Табиғат дегеніміз не?
-Табиғат қандай болады?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
Ал енді өлі табиғатқа ше?
Кане балалар барлығымыз мына жұмбақты шешейік.
Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен
Бұл не?
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді
Бұл не?
-Олай болса бүгінгі оұу іс-әрекетіміз су туралы.
Су туралы кім не біледі?
-Дұрыс.
Ал кім тақпақ біледі?
Ал кім мақал-мәтел біледі?
Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
1.Судың түсін ажырату.
Судың түсі қандай болады?
1-тәжірибе:
Көрінеме?
2-тәжірибе:
Көрінеме?
3-тәжірибе:
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру.
-Судың түсін өзгертуге болады ма?
4-тәжірибе:
2 стақан, пішіндері әр түрлі бұлардың ішінде су бар.
Судың пішіні қандай?
-Дұрыс, балалар.
Суды қандай ыдысқа құйсаң ыдыстың пішіні сондай болады.
Су-сұйық зат екен.
5-тәжірибе:
Мұз, жылы су, салқын су, ыстық су.
Мұзды алақанға салып ерітеміз. Қайнатылған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсаң бу шығады.Су қайнағанда бу тамшыларына айналады.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз сая бақ.
Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
Бізді қоршаған орта.
Тірі және өлі.
жануарлар, гүлдер, ағаштар.
Қар, су, тас, жаңбыр, күн.
Су.
Жаңбыр.
Балалар жауабы: сумен жуынамыз. Гүл суарады, малдар су ішеді.
Сылдыр, сылдыр сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Судың да сұрауы бар.
Су- тіршілік көзі.
Сусыз өмір жоқ.
Су-тазалықтың досы.
Суға түкірме.
Суды ластама.
Балалар жауабы.
Стақандағы суға қасық салады.
Көрінбейді.
Стақандағы сүтке қасық салады.
Көрінбейді.
Стақандағы суға қылқаламды салып, араластырады.
Судың түсін өзгертуге болады.
Стақанның пішініндей.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар қимылмен орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік -Біз бүгін қандай тәжірибелер жасадық?
- Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
білу керек: судың сұйық зат екенін.
меңгеруі керек: тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын.
жасай білуі: тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе алады.