Сыни т?р?ыдан ойлауды ?атыстыра отырып ?аза? тілінен ?БТ-ге даярлау жолдары


59499555245ШҚО КӨКПЕКТІ АУДАНЫ
«ПРЕОБРАЖЕНКА ОРТА МЕКТЕБІ»КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
НИЯЗБАЕВА ДИНАРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ары қарай ҰБТ) 2004 жылдан бастап енгізілді. Биыл, міне, оқушыларымыздың осы сынақты тапсырғандарына 11 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде қаншама жас түлек жоғары нәтиже көрсетіп, көздеген ЖОО-на түсіп жатса, қаншасының жинаған ұпайы сан соқтырып, 11 жылғы еңбектің есесі қайтпай қалғаны да бар.
Қазақ тілі - ҰБТ-дегі негізгі пән. Оқушыларымыз қазақ тілі пәнінен көбінесе ереже жаттайды, кейбіреуі тестілеу кезінде әрі түртіп, бері түртіп, «тисе терекке, тимесе бұтаққамен» белгілеп жүргендері де бар. Мұғалім ретінде дайындықты неден бастарын білмей, «5-сыныптан бастап өткенді қалай қайталатсам болар еді? Аз уақытта үлгермеймін ғой?!» деген қынжылыстар бой көтеретіндігі жасырын емес. Жылдық жоспар құрып, апта сайын кесте бойынша оқушыларымызды даярлағанмен, нәтиже төмен болып жататындығы тағы бар.
Қазақ тілі – басқа пәндерге қарағанда жеңілірек көрінеді. Дегенмен, төл тіліміз бола тұра, қазақ балаларының төмен ұпай алып жататындығы шынымен ойлантады. Мүмкін жалаң ереже жаттап, жаттығу жұмысын жасап, ағымдағы тестілеумен шектелу аз шығар?!
Иә, аз. ҰБТ-ге даярлау барысында өзімдей қазақ тілі пәні мұғалімдерімен аз да болсын тәжірибеммен бөлісуді мақсат етіп отырмын. Төменде ұсынып отырған әдіс-тәсілдер ҰБТ-де оқушыларымның жоғары нәтиже көрсетуіне ықпал етті.
Қазақ тілін оқушыға түсінікті тілмен түсіндіру қажет. Өмірден алынған мысалдар, жадыны дамыту және логикаға құрылған, жеңіл меңгертуге бағытталған жұмыстар нәтиже берді.
ҰБТ-де тапсырма мемлекеттік стандартқа сай келетін болғандықтан, ең бірінші сүйенетініміз – пән оқулықтары. Барлық тапсырмаларды оқулыққа сүйеніп жасаңыз. Қыркүйек айының алғашқы аптасында 11-сынып оқушыларымен ашық әңгіме жүргізіп, психологпен бірлесіп жасырын сауалнама алыңыз. Ол сіздің болашақта қай оқушымен қалай дайындалу керек екендігіне жол ашып береді. Ашық әңгіме кезінде оқушылардың ҰБТ-ден не күтетіндерін сұраңыз. Кәсіби әңгімеңіз еркін жағдайда өтсін. Пәнге деген көзқарасын оңтайлап, ең бастысы - сізге деген сенімін жаулап алыңыз.
Енді жоспар бойынша дайындық сабақтарын өткізіңіз. Бұл кезде мұғалімге қажеті-өзіңіздің сыни тұрғыдан ойлау қабілетіңіз және ақпараттық құзыреттілігіңіз. Себебі, тапсырмалардың дені интерактивті тақта арқылы жасалады. Оның үстіне тапсырманы жасап болған соң, дұрыс жауап нұсқасын тақтадан көрсету өз кемшіліктерімен өздері жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Мұғалімнің қатені тауып, түзеткенінен гөрі, оқушының өз қатесін өзі жөндеудегі жұмысы жемісті болмақ.
Лексика тарауын бастамас бұрын сөз мағынасы, сыртқы қабық және ішкі мазмұн дегенге назар аудартыңыз.
Мысалы: Кітап- екі дауысты, үш дауыссыз дыбыстан құралған. Бұл сыртқы қабығы. Ішкі мазмұны – қағаздан жасалған, оқуға арналған, парақтары бар зат.
Немесе, «Фокальді нысандар» тәсілі арқылы тарауды қайталатуға болады. [1]
Балық Ғалым Дернәсіл Жеңіл көлік Атом
Қабыршығы бар Жаны бар Жаны бар Дөңгелегі бар Құрылымы бар
Суда жүзеді Ғылыммен айналысады Белгілі уақытқа дейін қалпын сақтайды Адам басқарады Заттарды құрайды
Құрлықта өмір сүре алмайды Суда да, құрлықта да әмірін жүргізеді Суда да, құрлықта да өмір сүреді Суда жүре алмайды Суда да, құрлықта да бар
Үн шығармайды Сөйлеседі Үн шығармайды Үн шығарады Үн шығармайды
Қазақтың төл сөзі Кірме сөз Жаңа сөз Жаңа сөз Термин сөз, кірме сөз
Көп мағыналы сөз бен омонимді ажырату. Мысалы, көз- адамның көзі, күннің көзі. Барлық тіркесте де көзі - зат есім, тіркескен сөзінің соңынан жазылады. Ал омонимдерде әр түрлі сөз таптары болып келеді. Мысалы: биік жар, ағашты жар, жар таптым. Зат есім - етістік - зат есім.
Фонетика тарауын меңгертуде математикалық амалды пайдаланамын. 42 - 2 (ь, ъ)= 40. 40 – 3 (Ë, Ю, Я)=37, 37 – 12 (дауысты дыбыс) = 25 + (у) дауыссыз дыбыс.
Дауыссыз дыбыстарды түріне қарай ажырату тәсілі:
Қатаң дауыссыздарды дыбысталу ұқсастығына қарай топтастыру: П-Ф, К-Қ-Х-Һ, С-Т-Ц, Ч-Ш-Щ.
Үнді: «Арайлымның уы». Дауысты дыбыстарды сызғызамыз. Қалған дыбыстар үнді дауыссыздарға жатады. Р,л,й,м,н,ң,у.
Ұяң: Б-В, Г-Ғ, Д-Ж-З.
«Жалған жауап» тәсілі. Берілген мысалдағы кеткен қателерді оқушыларға тапқызу қажет. Мысалы:
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.
Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Дыбыс - әріптің жазудағы таңбасы.
Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 12 дыбыс бар.
Қазақ тілінде 42 дыбыс бар.
Тілдің қатысына қарай дауыстылар ашық және қысаң деп бөлінеді.
“У” тек қана жуан дауысты дыбыс.
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және жабық деп бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс езудік деп аталады.
Езулік дауыстыларға алдында жазылған еріндік дауыстылар әсер етпейді.
«Артығы қайсы?» әдісі.
Еріндік дауыстылар: о,ө,и,ұ,ү,у,е,й.
Ашық дауыстылар: а,и, у, ә, е, э, ү, ц, о, ө.
Жуан дауыстылар: ө,ү,ұ,о,а,ы,и.
Езулік дауыстылар: о,ы,и,ұ,ү,у,е,й, а.
Қысаң дауыстылар: ы,і,о,и,а,у,ұ,п,ү.
4257040234950Жіңішке дауыстылар: ә,ө,ү,а,ы,ұ,і,е,и,г,у.
Оқушылардың фонетика тарауы бойынша қиналатындары - буындарды ажырату. Оны төмендегі мысал арқылы түсіндіремін. «Кең даладан үйге енгенде тұйық, үйдің ішінде есікті құлыптап алсаң – бітеу, үйден шыққанда - ашық. Шыққаныңа қуанып, «а-а-а» деп ән сал».
Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалды меңгерту. 524446550673047980605067302802890506730716280506730Қатар тұрған дыбыстарды А,Б деп белгілетіңіз де, көлік суреттерімен маршрут жасатыңыз.
1576807501167378841045402542056054540252515870497840А Б – ілгерінді ықпал, А Б – кейінді ықпал, А Б – тоғыспалы ықпал.
Мысалы: Бота гөз, ақ лақ, Найман ғазы
«Баламалы тестілеу» де оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеруге және жадыда сақтауына көмектеседі.
Буынды дауыссыз дыбыстар құрайды. Иә Жоқ
Өрт тұйық буын Иә Жоқ
Қызғалдақ сөзі бірыңғай бітеу буындардан тұрады Иә Жоқ
Ашық буын жалаң дауыстыдан құралады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады. Иә Жоқ
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буынды бітеу буын дейміз Иә Жоқ
Ұсыныспен, оқушылар, ақпарат сөздеріндегі буындар: а+а+б+б, а+а+а+б, т+а+б сәйкес келеді Иә Жоқ
Ашық буынның өз алдына сөз болуы сирек. Иә Жоқ
Морфология. Жіктік жалғауы мен жедел өткен шақ жұрнағын айырмашылығын меңгерту. Жіктік жалғауы араға жұрнақ жалғанып барып жалғанады, ал жедел өткен шақ жұрнағы бірден түбірге жалғанады. Мысалы: көрді-жедел өткен шақ, көреді – ІІІ жақ жіктік жалғауы.
Септік жалғауларын меңгерту.
А.с. Өз есімдерін айтқызу. Мысалы: Ақмарал.
І.с. Университеттің студенті.
Б.с. Ауылға бармақшы.
Т.с. Автобусты тапты.
Ж.с. Ауылда рахаттанып жатты.
Ш.с. Ауылдан қайтты.
К.с. Автобуспен қайтты.
Сөз таптары. Есімше мен көсемшені ажырату үшін «оқушы» сөзін есімшеден соң тіркестіріп көреміз. Мысалы: Келген оқушы, айтпақ оқушы, жазбас оқушы, санар оқушы. Ал көсемшені ажырату үшін «оқушы» сөзін көсемшенің алдына жазамыз. Мысалы: Оқушы айтқалы отыр, оқушы жазып жүр, оқушы айта берді.
Сөз таптарын оқытуда жиі пайдаланатын әдіс «Сызықпен бір-бірімен байланысты ұғымдарды біріктір» деп аталады. Арасына міндетті түрде бөтен ұғымды қатыстырыңыз. Ол оқушының логикалық ойлауын дамытады.
Зат есім
Деректі
жалқы
жалпы
етіс
қатыстық
Сын есім
дерексіз
сапалық
салыстырмалы

«Шылау» тақырыбын синкуэйн әдісімен түсіндіру.
Мағынасыз, көмекші
Байланыстырады, үстейді, көмектеседі
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады
Кішкентай сәби. (Себебі ол анасының етегіне шыланып қана жүреді. Өздігінен өмір сүре алмайды, ананың жетегінде жүреді, т.с.с)
Ереже, емлеге байланысты әдейі қате жіберілген тапсырмалармен жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Мысалы: Есептік сан есімдер бірден жетіге дейінгі реттік сан есімдерге -ау(-еу)  жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі заттанып жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екіеу, қасқыр бесеу. 
« 5 санын түрлендір» тапсырмасы.
Шарты: сан есімнің мағыналық түрлерін жаса.
Өздік пен ырықсыз етістің –ын,-і,-ін жұрнақтарын шатастырмас үшін мынадай жұмыс жасатамын.
Оқушы киінді. Кім киінді? Бастауышы жанды, адамға қатысты.
Киім ілінді. Не ілінді? Бастауышы жансыз, затқа қатысты.
Синтаксис тарауы.
Сөйлем мүшелерін және байланысу түрлерін меңгерту.
Атау септік. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? Кімім? Нем? – бастауыш пен баяндауыш. Қиысу.
Ілік септік. Кімнің? Ненің?(Қанша? Неше?- сан есім, Қандай? Қай? – сын есім) - анықтауыш. Қабысу.
Барыс септік. Кімге? Неге?
Табыс септік. Кімді? Нені?
Жатыс септік. Кімде? Неде? Толықтауыш. Меңгеру.
Шығыс септік. Кімнен? Неден?
Көмектес септік. Кіммен? Немен?
Қалай? Қайтіп? Қайдан? Қайда? Қашан? Не үшін? Қандай мақсатпен? Қалайша? Қаншалықты? – пысықтауыш. Жанасу.
«Сәйкестендір» тапсырмасы арқылы сөйлем түрлерін оқыту.
Баяндауыштың бір өзі негіз болатын жай сөйлем Толымды сөйлем
Бастауышы қатысқан жай сөйлем Толымсыз сөйлем
Тұрлаусыз мүше қатыспаған Жақты сөйлем
Тұрлаусыз мүше қатысқан Жайылма сөйлем
Ойға қатысты мүшелері толық қатысқан жай сөйлем Жалаң сөйлем
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлем Жақсыз сөйлем
«Жалғастыр, толықтыр» әдісі ережелерді жатқа білуге себін тигізеді. Мысалы:
Бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен .................
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің .............
Сызықша-..........................
Оңашаланған айқындауыш өз ішінде.......................
Жалғаулықтары түсіріліп айтылған..............
Тыныс белгілерін қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар.
Бақанас Байқоңыр бұл өңірдегі тобықтының ең үлкен өзені.
Алпамыс Қобыланды Ер Сайын бәрі де байдың жалғыз балалары.
Тек бір ғана балалау жігіт күндізгі жылқышы бар.
Елеңдеп мойнын бұрып жан-жағына қарап еді ештеңе көрінбеді.
Ойпырма-а-а-ай осындай да болады екен-ау деп Мағыш бетін шымшыды.
Тарауларды қорытындылау тәсілдері.
285496011315706159501131570Әр тарауды қайталаған соң оқушылармен бірлесіп «Тұжырымдамалық карта» жасау қажет. Ол ағылшын тілінде «Mind map» деп аталады. Флипчарт бетіне тірек сөзді жазып, сол сөзге байланысты оқушылар ережелерді, емлені, тірек сөздерді, мысалдарды жаза береді.
1092202630170Тағы бір тәсіл «Балық қаңқасы» деп аталады. Балықтың басына тірек сөзді, қаңқаларына ұғымдарды, құйрығына ережені толтырып жазғызасыз. Бұл әдістер оқушылардың ойын бір жүйеге келтіріп, тұжырымдауға қол жеткізеді. Әрі көлемді тақырыптарды толығымен меңгергендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, ҰБТ-ге даярлау барысында осындай шығармашылық жұмыстар жасау мұғалім үшін де, оқушы үшін де абырой әкелері сөзсіз.
Бұл жерде мұғалімнің жеке бас қасиеттері, оның іскерлігі мен біліктілігі де үлкен рөл атқарады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар мен оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді» делінген.[2] Ендеше жаңа заман мұғалімдері қалыптасып, қатып қалған қағидадан тың жол тауып, әрекет етуі керек деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей. Назарбаев мектебі ДББҰ, 2012 жыл.
«ТРИЗ-теория решения изобретательских задач». / В. В. Аглодина /, 2003 год.