«Бізді ?орша?ан ?лемдегі т?ртб?рыштар» ашы? саба?


Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8
Уақыты: 27.10.15
Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометрия пәніне деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, төртбұрыштар тарауына шолу жасау, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау.
Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау өрісін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Сөздік, көрнекілік, практикалық, ұжымдық және топтық оқыту.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих,қазақ тілі.
Көрнекілігі: плакаттар, топшамалар, ребус, математикалық диктант.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сыныптан тыс сайыстың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру:
Алдыңғы сабақта бақылау жұмысы болғандықтан, жалпы тарауды қайталауға берілді. Қазір әзірленген білімдеріңізді сайыс барысында қолданасыздар.
Негізгі бөлім:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар» деп аталады. Сіздермен төртбұрыштар тарауы бойынша қорытынды сабағымызды сайыс сабақ түрінде өткізгелі отырмыз.
Сайыс мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1-бөлім «Кел, танысайық!»
(әр топқа берілген 4 ребусты шешу арқылы топ аттарын анықтау)
2-бөлім «Математикалық диктант»
(анықтамалардың бос орындарын толтыру)
3-бөлім «Қанекей, бірге есептейік!»
(әр топқа 2 есептен беріледі)
4-бөлім«Фигуралар сөйлейді?» (жасырылған фигураны табу)
5-бөлім «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар»
(төртбұрыштарға өмірден мысал келтіру, тарихи мәліметтер)
6-бөлімҚорытынды
Сайысымыздың әділ-қазы алқаларын таныстырып өтейік:________________________
1-бөлім «Кел, танысайық!»
(әр топқа берілген 4 ребусты шешу арқылы топ аттарын анықтау)

КВАДРАТ РОМБ

ТІКТӨРТБҰРЫШ ТРАПЕЦИЯ
2-бөлім «Математикалық диктант»
(анықтамалардың бос орындарын толтыру)
Әр топқа математикалық диктант беріледі. Анықтамалардың бос орындарынын орнын толтырады. Топтың атына сай тақырыпта беріледі.
Квадрат тобына:
______________ деп барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты атайды.
2. Квадраттың барлық бұрыштары ______.
3. Квадраттың барлық ___________ тең.
4. Квадраттың _____________ тең, өзара перпендикуляр, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және квадраттың бұрыштарын да қақ бөледі.
1) квадрат
2) тік
3) қабырғалары
4) диагональдары
Ромб тобына:
________ деп барлық қабырғалары өзара тең параллелограмды атайды.
____________ перпендикуляр әрбір параллелограмм ромб болады.
3. Ромбының диагональдары өзара _______________ және оның бұрыштарын қақ бөледі.
4. 30 -қа қарсы жатқан ________гипотенузаның жартысына тең.
1) ромб
2) диагональдары
3) перпендикуляр
4) катет
Тіктөртбұрыш тобына:
________ деп барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды айтады.
Тік төртбұрыштың ____________ тең болады.
3. Диагональдары тең _______________ тік төртбұрыш болады.
4. Тік төртбұрыштың периметрі____________ формуласымен есептеледі.
1) тік төртбұрыш
2) диагональдары
3) параллелограмм
4) р=(а+в)
Трапеция тобына:
1.Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш _____________деп атайды.
2.Бүйір қабырғалары тең трапецияны ____________ деп атайды.
3. Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның _____________ деп аталады.
4. Бір бұрышы тік болып келген трапецияны _________________ деп атайды.
1) трапеция
2) тең бүйірлі трапеция
3) биіктігі
4) тікбұрышты трапеция
3-бөлім «Қанекей, бірге есептейік!»
(әр топқа 2 есептен беріледі)
Топ мүшелеріне өз топ атауларына сай 2 есептен топшамалармен беріледі.
Квадрат тобына:
1. Егер квадраттың қабырғасы 5 см-ге ұзарса, онда берілген квадраттың периметрі қалай өзгереді? (квадраттың қабырғасын а деп аламыз)
2. Ромбының диагональдары тең болса, оның квадрат болатының дәлелдеңдер.
Шығару жолы:
1. Шешуі: Берілген квадраттың қабырғасы а десек
Р=4а а1=а+5
Р1=4а1
Р1=4(а+5) =4а+20=Р+20
Р1=Р+18
Жауабы: 20 см ұзарады
2.
В С O

Берілгені: АВСD ромб
АС=ВD
Дәлелдеу керек: АВСD квадрат
А D
Дәлелдеуі: <А=<В=900 екенін дәлелдеу керек. АВСD ромб болғандықтан ВDАС, ВО=ОD, ОА=ОС, ал шарт бойынша АС=ВD ендеше ВО=АО, демек ΔАОВ- тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш, онда <ВАО=<АВО=450
Ал, <ВАD=2<ВАО=900
<АВС=2<АВО=900 дәлелденді

1. Ортақ төбесі бар екі қабырғасы тең параллелограмм ромб болатынын дәлелдеңдер.
«Ромб» тобына:
2. Ромбының қабырғасы 4,5 дм. Периметрін есептеңдер.

1. В С
А Д
Берілгені: АВСД-параллелограмм.
Д/к: АВСД-ромб
Д/уАВ=АД
АВ││СД
А- ортақ нүкте
АВ=СД
АД││ВС
2. .В С
А Д
Берілгені: АВСД-ромб
АВ=ВС=СД=ДА=4,5дм
Т/к: Р-?
Шешуі: Р=4а
Р=
Жауабы: Р=18дм
«Тік төртбұрыш» тобына:
1. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының қосындысы 10 см, қатынасы 2:3. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
2. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының орталары ромбының төбелері болатынын дәлелдеңдер.
1. В С Берілгені:
АД+АВ=10 см
АД:АВ=2:3
Т/К: АВ, АД-?
А Д
Шешуі: АД=2х, АВ=3х
2х+3х=10
5х=10
х=2
АД=2∙2=4 АВ=2∙3=6
Жауабы: 4 см, 6 см.
2.
81280184150
Берілгені: АВСД тіктөртбұрыш
АК=ВК, BN=NC, CF=, АН=
Дәлелдеу керек: KNFH-ромб

Дәлелдеуі: Екі катеттерінің теңдігі бойынша ΔNBK=ΔNCF=ΔHДF=ΔНАК .
Онда бұл үшбұрыштардың гипотенузалары да тең. KN=NF=FH=KH қабырғаларының теңдігі бойынша төртбұрыш KNFH-ромб болады.
«Трапеция» тобына:
1. Тең бүйірлі трапецияның диагональдарының тең болатынын дәлелдеңдер.
2. Трапецияның екі бұрышы 105 және 65-қа тең. Оның қалған бұрыштарын есептеңдер.
1.
69850121285
Берілгені: теңбүйірлі трапеция
мен диогональдар
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу: мен диогональдарын жүргіземіз.
мен қарастырамыз:
1) ортақ
2) теңбүйірлі трапецияның қасиеті бойынша
3) берілуі бойынша үшбұрыштар теңдігінің I белгісі бойынша, онда.
-381042545
2. Берілгені: трапеция

Табу керек:

Шешуі: болғандықтан (ішкі тұстас бұрыштар). . Сол сияқты
Жауабы:
4-бөлім «Фигуралар сөйлейді?» (жасырылған фигураны табу)
Бұл бөлімде оқушыларға фигуралар беріледі, сол фигураны сұрақтар қою арқылы ашып, жасырылған фигураны табу керек.
Мысалы: Параллелограммның суреті берілсе, оның анықтамасы, түрлері, қасиеттерін айту арқылы оны дұрыс таба білу керек.
5-бөлім «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар»
(төртбұрыштарға өмірден мысал келтіру, тарихи мәліметтер)
Әр топтан оқушылар шығып, өздеріне берілген фигуралардың тарихы туралы айтып, оқушыларға түсіндіреді. Оқушылар сұрақтар қойып, талқылайды.
6-бөлім Қорытынды
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы жеткізеді.
Сайыстың ұпай санын есептеп, жеңімпаз топ анықталады.
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағаланады.