Н?мірленген ж?не маркерленген тізімдер. 6-сынып


Күні: 1.02.2016ж.
Пән: Информатика.
Сынып: 6 «А»,«Ә»
Пән мұғалім: Бижанов Т.
Орындаған: Шакенова А.Б.
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу, бағандар туралы түсінік беру, практикалық тапсырмалар арқылы компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, компьютерде жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі 3мин
Үй тапсырмасын тексеру.10 мин
Жаңа тақырып түсіндіру. 17мин
Сабақты бекіту. Компьютерде практикалық жұмыс орындау.15мин
Үйге тапсырма.2мин
Бағалау. 3мин
Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау )Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?
Жаңа тақырып түсіндіру.
Жаңа сабаққа дайындық жасау. Сөзжұмбақ шешу( тізім, баған)1. қандай құрал ?2. Мәтінмен жүргізілетін әрекет?3. Экранның тік төртбұрышты аймағы?4. Delete пернесінің қызметі?5. Интернет желісіне қосатын құрылғы?№1.
Мына сөзжұмбақты шешу арқылы қандай сөздерді оқи аласыңдар?ТізімМіне, бүгін біз мәтіндік редакторда тізім қоюды, бағанға бөлуді үйренетін боламыз. Бұл тақырыпты меңгеру үшін маған оқушылар көмектеседі.- нөмірленген тізім- маркерленген тізім- бағанНөмірленген тізімMicrosoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді.Тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады.Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек.Нөмірлеудегі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау.. бөлігі арқылы шақырамыз.Мысалы оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы тізімдерді де құруға болады.Маркерленген тізімАзат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.БағандарБағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырыладыКөпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген мәтінді бағандарға бөлуге де болады.Ол үшін мындай дайын мәтін аламын мысалы мен Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін алдым, енді оны бағандарға бөлу үшін негізгі менюден парақ белгісі немесе разметка страницы бөлігін басып баған /колонки батырмасын басамын. Шыққан терезеден неше бағанға бөлу керек соны таңдаймын. Дәл осылай қажетті бағанға бөлудің түрлерін таңдауға болады.Жаңа сабақты түсіндіңдер ме? Жақсы! Онда компьютерде тапсырмалар орындаймыз.4. а) Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау. Компьютерде 6 сынып деген қапшықтағы тапсымаларды орындатуТапсырма №1.Мына сөзді септеңдер : информатика және нөмірлеу тізім командасын қолданып жазындар.Мысал:Атау септік: компьютерІлік септік: компьютердіңБарыс септік: компьютергеТабыс септік: компьютердіЖатыс септік: компьютердеШығыс септік: компьютерденКөмектес септік: компьютерменИнформатика сөзін өзің септе: және маркерлеу тізім командасын қолданып жазындар.Атау септік: информатикаІлік септік: информатиканыңБарыс септік: информатикағаТабыс септік: информатиканыЖатыс септік. информатикадаШығыс септік: информатикаданКөмектес септік: информатикамен
Сергіту сәті. Көзге жаттығуБағалау.