КПУ по английскому языку на тему Рей Бредбери


Сынып: 8б 16.02.2015 Пәні: Ағылшын тілі Турсынбаева.ТА
Тақырыбы Рей БредбериКүтілетін нәтиже Оқушылар Американың атақты жазушысының өмірбаянымен танысады.Өзбетінше білім алады,білімін толықтырады.
Сабақтың мақсаты 1.Оқушылар қосымша материалдардың көмегімен ,шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы білімдерін өзбеттерімен алуға дағдыланады. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы ауызекі сөйлеуін дамытады.
2. Әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі Аралас сабақ
Сабақ түрі «Рей Бредбери» тақырыбы бойынша білімдерін толықтыруға және жүйелеуге арналған дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың білім беру формасы Топпен бірлесе, жұппен, жекелей атқаратын жұмысқа арналған
Сабақтың білім беру әдіс-тәсілдері Ыстық микрофон,кластер,инсерт,сәйкестендіру,пирамида,ыстық орындық, не, кашан,ббүКөрнекіліктер презентация, бейне жазба материалы, таратпа материалдар, тапсырмалары бар үлестірмелерСабақтың кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Білімді тексеру, бағалау
Ұйымдастыру мезеті.
мин) 1.Сабақтың басталуы, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру, оқушыларда жағымды көңіл-күй туғызу.
Сергіту ойыны: Horse’s gallopsТопқа бөлу:Жазушыларды топтастыру
Кезекші сабаққа даярлықтарын жеткізеді.
Шеңбер бойына тұрып аттың шауып келе жатқанын шапалақпен бейнелейді. Соңында болған соң отшашу көрсетеді
3топқа жіктеліп отырады.
Үй тапсырмасы:
3 минут Hot microphone
Answer the question: Why did G.Washington decide to built new capital on that place?
Дарынды оқушыларға сыни ойлауға сұрақ берілген,сол сұрақты ыстық микрофон әдісін қолдана отырып тексеру. Бірін- бірі бағалайды
«Қызығушылығын ояту»
(2 мин) What American writers do you know?
Кластер әдісі бойынша Оқушылар қандай американдық жазушыларды біледі,соны жазады. «Мағынаны ажырату»
(7 мин)
Әр оқушыға жазушының өмірбаяны туралы ресурстар беріледі.
Ресурсты мұқият жекелей оқиды,түртіп алады.(Insert әдісі )
Түсінбеген жерін топта талқылайды.
Мәтінді сұрақтармен сәйкестендіру
Қажетті материалдарды түртіп алады
Оқушы мәтінді оқып шығады.Қажетті материалды түртіп алады.
Ұқпағанын жұптарымен талқылайды
Оқушылар топпен жұмыс істейді.
Сұрақтарды мәтінмен сәйкестендіреді
нТоп жетекшісі бағалау парағына түсіреді.
«Ой толғаныс»
(10 мин) І-топ “Pyramid Story”1. character – 2. to describe – 3. place – 4. problem – 5. the cause of problem –
ІІ –топ “ Hot chair”
ІІІ топ Complete the chart.
Who? What? When? Where? How?
І топ 5 жолдық әңгіме жазады
ІІ топ ыстық орындық әдісі бойынша әңгімелеу
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру кесте толтыру Топ жетекшісі бағалау парағына түсіреді.
Бағалау
( 3мин) Нормативті бағалау
1.Оқушылар бір-бірін скан арқылы бағалау.
2.Бармақпен бағалау
3.Смайликтермен бағалау
4.Екі жұлдыз бір тілек Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Оқушылар формативті түрде бір –бірі бағалайды, топ басшылары бағалайды
Тест бағасы
Мұғалім бағалайды ( жиынтық бағалау) Оқушылардың формативті бағалауы
Мұғалімнің суммативті бағалауы
Үйге тапсырма Тақырып бойынша әңгімелеп беру Ұққанын ауызша айтып береді Кері байланыс
(2 мин) Кері байланыста ББҮ толтыру
(әр балаға беріледі) толтыру
Мұғалім бүгінгі сабақта әр оқушының өз білімін қалай көрсеткені туралы пікірлерін«ББҮ»-де қалдыруын тапсырады Сабақты талдауӘр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу – жақсылық пен ізгілік нышаны[2.,119]. Сабақтың басында жағымды атмосфера құрып алу, сабақтың ары қарай сәтті өтуіне оңды ықпал етеді. Сол себепті, ең алдымен оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «От шашу» деген сергіту сәтін өткіздім.Оқушыларға ұнағаны сонша көздері жайнап, жүздері бал-бұл жанды.

Осылайша сыныпта жағымды көңіл-күй орнаған соң, оқушыларды топқа бөлуге кірістім. Оқушыларды Америка, Англия, Қазақстан жазушылары деп 3 топқа бөлдім. Бұлай бөлуімнің себебі –Америка жазушыларымен, олардың еңбектерімен танысу сабақтары басталды.

Бүгінгі сабағымның тақырыбы –«Рей Бредбери, оның творчествосы». Бұл топқа бөлу сабақ тақырыбына тікелей байланысты болды.
Үй тапсырмасы Вашингтон қаласы туралы айту және неге дәл осы жер елдің астанасы болып таңдалды деген сындарлы сұрақ дарынды оқушыларға тапсырма ретінде берілген болатын. Вашингтон қаласы туралы білімдерін тексеруде «Көпір салу» тәсілін қолдандым. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет,айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу,ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.[1.,41] Оқушыларға ағашта тұрған алмаларды ала отырып , сұраққа жауап берді.
Ал сындарлы сұрақты «Ыстық микрофон» арқылы тексердім,әр оқушы өз ойларын айтып берді.Нақты жауапты сыныптағы үлгерім деңгейлері әртүлі үш оқушының бірі, дарынды және талантты оқушы (жоғары деңгей) Дауренова Дана берді.
Рей Бредберидің журналиске берген интервьюден бейне үзінді көрсетілді.Сол бойынша тақырып анықталды.Бұл жерде ұтымды шыққаны- оқушылар интервьюді ағылшын тілінде тыңдады және көзбен көрді. «Мағынаны ашу» бөлімінде оқушыларға жазушының өмірбаяны туралы ресурстар таратылып берілді. Мәтін интернет ресурстарынан алынды, ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталып, өңделді.Әр мәтіннің төменгі ұжағында жаңа таныс емес сөздердің аудармасы берілген.Ол сөздер бірнеше рет қайталанып айтылды,яғни сөздікпен жұмыс жүргізілді.Insert әдісі бойынша қажетті ақпаратты дәптеріне түртіп алды.Алдымен жекелей жұмыс жасалынды, сосын жұбыме н талқылады осы кезде жазушының еңбегіне қатысты мағлұматты ұқпай қалғанын байқадым. Жұппен талқылаған сон топпен жұмыс істеді. Мерсер(2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейілінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады [1.,29]- деген.
lefttop
Топқа салғанда дарынды оқушылардың ,яғни Дана ,Талшын, Саяттың көмегімен талқылап, олар ұқпаған оқушыларға түсіндіріп,ойын қорытып, өзекті пікірлерін ұсына білді. Топта талқылаған соң шағын 8 абзацтар мен 8 сұрақтарды сәйкестендіру туралы 1 тапсырмасын орындады. Мирас отырған топ алғаш аяқтады, сосын сағат тілімен әр топ бірінің жұмысын бірі тексерді,артынан интерактивті тақтада жасырылған жауабымен тексерілді.Бір топ ламинат арқылы бағалады, екінші топ « Екі жұлдыз, бір тілек» айтты. «Екі жұлдыз, бір тілек » айтқан кезде оқушылардың сөздік қорларының жетіспеуіне байланысты алдын-ала қолдануға болатын сөздер тізімі берілді. Сол сөздерді қолдануға тырысты,бірақ менің көңілімнен шықпады.келешекте осындай тірек сөздерді қабырғаға іліп, оқушылармен жиі қайталап , қолданып тұру керек деп шештім. Сосын кім? не? не істеді? қашан? қайда? қалай –деген тапсырманы орындап, оны тақтада қорғады.


Сабақ соңында оқушыларға сындарлы ойлану үшін Неге Р.Бредбери осындай ғылыми фантаст жазушы болды? Не түрткі болды? Осы жазушының жазғандарынан қазіргі өмірден орын алып жатқандары барма? деген сұраққа жауап іздеу берілді.Әртүрлі жауап берілді,бір оқушы оның ішкі дүниесі бай десе,біреуі ол кішкентай кезіндегі әр сәтін есінде сақтауы көмектесті деді.Қазіргі өмірде оның жазғандарынан Марсқа саяхаты, әртүрлі байланыс құралдары өмірге енгенін айтып шықты.Оқушылардың бұл тақырып бойынша қызығушылықтары артқаны соншалықты жазғы демалыста барлық кітаптарын оқып шығуға уәде берді.Топ басшысы барлық топ мүшелерін нақты бағалады деп ойлаймын,әр бағасына комментарий беріп отырды.Сабақ соңында кері байланысқа ББҮ кестесі берілді, сабақ барысында не үйренді, өзіне не алды деген сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын интербелсенді тақтаға жазды.Осы топтастырылған сабақтарды беру барысында бағдарламада берілген білімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Бұрынғы дәстүрлі сабақта 45 минут бойы тек өзім ғана жұмыс істегенімді ойласам,ұялам. Ал Кембридж Бағдарламасы ол оқушыларға тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді дұрыс бере алсаң, оқушылар өз беттерімен жұмыс істей отырып,бір-біріне үйрете отырып оқи алатындарына көзімді жеткізді. Келешекте сабақтарымда осындай түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды білімнің шыңына жеткізуге күш саламын деп ойлаймын.Бұл тізбектелген сабақтарды өткізе отырып,көңіліме түйгенім мұғалімнен көп іздемпаздықты, көп ойлануды қажет етеді екен. Жеті модульдің әрқайсысын өз сабақтарымда тиімді және нәтижелі қолдануға тырыстым. Бұл алған білімдерімізді, оқу үрдісіне жоспарлы түрде енгізуіміз қажет деп ойлаймын.Әрине сабағым кемшіліктерсіз өтті деп айта алмаймын,уақытты тиімді пайдалана алмадым.Бағалау мен кері байланыс үзіліс кезінде айтылып жатты,оқушылардың тіл байлықтарының аздығы өз ойларын жеткізуде қиындықтар туғызды, Келешекте сөздік қорларын кеңейту үшін әртүрлі тірек схемаларды,клишелерді көбірек дайындауды жоспарлап отырмын.Формативті бағалауға да көбірек көңіл бөлу,тағы да әдіс-тәсілдерін табу,ойластыру, түрлендіруді қажет етеді.
Дарынды оқушыларға арналған ШҚО мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты Ағылшын тілі пәні:
«Рей Бредбери»
Пән мұғалімі: Турсынбаева Т.А

Өскемен қаласы. 2014-2015оқу жылы