Статья АКТ-ны сабакта колдану
АКТ – құралдарын сабақтарда қолдану
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Білім туралы» заң енгізген болатын, онда жаңа көзқарастардағы білім беруді дамыту, атап айтқанда 12 жылдық орта білім беруге, қайта құрылымдауға, кәсіби білім беру жүйесін және үш сатылы жоғарғы кадрларды даярлау моделін құру, жоғарғы оқу орыннан кейінгі білімді (бакалавриат–магистратура–доктарантура PhG) дамыту, ұлттық білім беру сапасының бағалау жүйесін және педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру негізделген.
Қазіргі таңда Республикада білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік–экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.
Қоғамның ақпараттану үдерісінің қарқынды дамуына байланысты соңғы онжылдықта ақпаратты технологиялар екпінді өсуде. Қоғамды ақпараттандыру жаңа есептеу технологиялары мен ақпараттарды жіберу құралдары негізінде ақпаратты жіберу, алу, өңдеу және сақтау әдістерін жаппай енгізу болып табылады.
Ақпараттық технологиялар адам іс–әрекетінің барлық салаларына енуімен қоса біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы технологияларды пайдалану әртүрлі ақпараттық түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
Қазақстандық қоғамда мұндай жағдайда өзекті мәселелерінің бірі-бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады, әлеуметтік және экономикалық жағдайдағы өмір-өзгермелігіне дайын ғана емес, сонымен қатар, бар шындықты өзгерте отырып, белсенді әсер етуге және оны жақсы жаққа қарай өзгерте алу. Осыған байланысты бірінші кезекте жеке тұлғаға қойылатын белгілі бір талаптар пайда болады. Олар: креативтілік, белседілік, әлеуметтік жауапкершілік, дамыған интелект қабілеті, жоғарғы кәсіби сауаттылығы, танымдық қызметінің тұрақты мотивациясы.
Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс.Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Қорыта айтқанда, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.