Сабакта казак тили 5 сынып


Пән мұғалімі: Аманова Айдана НасрадиновнаСабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Күні: 20.12.2016 Сыныбы: 4 «А», «Б», «В»
Сабақтың мақсаты:
Тақырып бойынша сөздерді меңгеріп,оларды
пайдаланып, шағын әңгіме құрастырып,өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын молайту. Сауатты болу жайлы тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Көрнекілігі:  слайд
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Күтілетін нәтиже:
А- оқушы диалог құрастыра алады;
В- сұрақ құрастыра алады.
С- сұрақтарға жауап бере алады.
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау, оқушылардың бастапқы білім деңгейін анықтау
Ой қозғау: төменгі деңгейлі сұрақтар қою арқылы тақырыпқа шығамын.
Бүгін сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар? Сабағымыздық тақырыбы қандай? Мақсаты қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.
Сабақтың тақырыбын жазу:
«Сабақта»

Сөздікпен жұмыс
Тақырып – тема
Қызықты – интересно, интересный (-ая, -ое, ые)
Өтті – прошел (-шла, -шло)
Пән – предмет
Сөйлеу – говорить
Тоқсан – четверть
1 – тапсырма. Диалогті досыңмен оқы.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, Айдана Насрадиновна!
Балалар, қазір қандай сабақ?
Қазір қазақ тілі сабағы.
Сабаққа сендер не әкелдіңдер?
Сабаққа біз кітап, дәптер, күнделік, қалам әкелдік.
Балалар, сендер сөздік дәптер әкеліңдер.
Оған не жазамыз?
Оған сендер жаңа сөздер жазасыңдар.
Саша, қазақ тілін үйренгің келе ме?
Иә, үйренгім келеді.
Саған қазақ тілі ұнай ма?
Иә, өте ұнайды.
2 – тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құра.
3 – тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап жаз.
Бұл не?
Сыныпта кімдер бар?
Тақтада қандай әріптер?
Мұғалім не істеді?
Оқушылар не істеді?
4 – тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Бүгін төрт сабақ.
Қазақ тілі – үшінші сабақ.
Мен қазақша оқыдым.
Мен қазақша сөйледім.
6 – тапсырма. Сөйлем құрап үйрен, жаз.
Қазақ.
Қазақ тілі.
Қазақ тілі сабағы.
Қазақ тілі сабағы қызықты болды.
7 – тапсырма. Сергітуді оқы, жаса.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Саусақтармен ойнаңдар.
Баспен жақсы ойлаңдар.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын. слайд
Үйге:  оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
Үй тапсырмасы: 5 - тапсырма. 178 – бет.
  6. Рефлексия кезеңі:
- Бүгінгі сабақта нені білдің?
- Не түсініксіз болды?
- Көңіл-күйің қандай?