География ?ызы?ты география (8 сынып)
География пәні мұғалімі:Кереева Мадина Онайбаевна Мұнайлы ауданыБасқұдық елді мекені№9 орта мектеп МАҚСАТЫ: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, география пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой – тұжырымы бар, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу. 1 кезең. “Сандықшада не бар?” 2 кезең. “Географиялық лабиринт”3 кезең. “Елдерге саяхат”4 кезең. “Құпиялы ағаш”5 кезең. “Бір әріп 10 жауап” “Сандықшада не бар?”І топқа:ХҮІ ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейе ХҮІІІ ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар? ІІ топқа Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл. Одан түрлі ыдыс - аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады. Әсіресе, оның басқа металдармен қоспасы өте құнды. Мұндай қоспалар әрі берік, әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтары, ғарыш кемелерін жасауға кеңінен қолданылады. Ол таза күйінде ХІХ ғасырдың басында өндіріле бастады. Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті. Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқа алтыннан да қымбат, сирек кездесетін зат ретінде қолданылған. Сандықшада не бар? «Географиялық лабиринт»І топқа:Ауа райын болжайтын адамдар:Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал: Күн жүйесіндегі планеталар саны: Су буы қатты күйге айналатын температура: Ең ыстық материк: Гүлдер елі: Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам: Ұлыбританияны материктен бөліп тұрған бұғаз: Қазақстан Республикасының аумағы қандай: Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі: Қазақстан аумағындағы Орал тауларының жалғасы: Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері: Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл: Жезқазғандағы мыс кенін ашқан ғалым: Алюминийдің шикізаты: Ең арзан электр энергиясын беретін станция: Қырғызстанның мемлекетінің астанасы: Алтынды көп өндіретін ел: Олимпиада ойындарының отаны: Бразилиялықтар қай тілде сөйлейді: ІІ топқа:Гринвич меридианы басып өтетін қала:Азимутты анықтайтын құрал:Атмосферадағы оттегінің пайыздық мөлшері:Атмосфераның ең төменгі қабаты:Ең үлкен шөл:Шайдың отаны:Бірінші глобусты жасаған:Аңыз бойынша «Аяз атаның мекені:Қазақстан қай материкте орналасқан: Қазақстандағы ең биік шың: Аспанмен тілдескен тау: Қазақстанның шығыс шекарасындағы тау:Жанатын пайдалы қазбаларды ата:Қысқа қашықтыққа жүк тасымалына қолайлы көлік түрі:Шардара су қоймасы қай өзенде салынған:Қазақстанның ірі көмір бассейндері:Түрікменстан мемлекетінің астанасы:Африкадағы ең ежелгі мемлекет:Ватикан мемлекеті қай қалада орналасқан: Өте кедей елдер: «Елдерге саяхат»Бұл кезеңде екі топқа сұрақ беріледі. Сұрақтар негізінен белгілі бір мемлекетті сипаттау арқылы, қай мемлекет туралы екенін анықтау керек. І топқа:1. Бұл – фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі – католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп, музыка және би шеруімен өткізіледі. Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел? 2. Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы – аграрлы ел. Олар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар. Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті, сарымсақ сорпасын тамсана жейді. Айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңғалдырады. Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді. Сірә, бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. 3. Бұл ел өздерінің ұлттық әдет - дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған. Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт), аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. ІІ топқа:1. Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері -икебана, тырбиған ағаштарды өсіру өнері - бансай, қыл қаламмен және тушьпен көркем жазу өнері - каллиграфия, қағаз бен жібекке сурет салу, өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, әйел киімі, ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау, дастарханды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі. 2. Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі. Жылына шығаратын кинофильмдерінің саны жөнінен (жылына 750 фильм) онымен дүние жүзінің бірде бір елі теңесе алмайды. Сонымен бірге шахматтың отаны, қасиетті құсы - тауыс, қасиетті гүлі - тұңғиық гүлі болып саналады. 3. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі. Олардың әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. ХІ ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат берді. ХҮІ ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады. Діни және т.б. мейрамдарды міндетті түрде астап өтеді. Ішіндегі ең негізгісі - Рождество. Сыйлықтарды тарататын кемпір - Бефана. Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады: ыдыс - аяқ, киім, жиһаз, аяқ -киім т.б. Ал көктемгі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин, Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды жақсы көреді. «Құпиялы ағаш»Ағаштың бұтағындағы әрбір жапырақта құпиялар жазылған. Осы құпияларды ашу ұсынылады. «Бір әріпке 10 жауап»Шарты: Бұл ойында қойылатын сұрақтар бір әріптен басталады.