Салауатты ?мір салты т?рбие са?аты
Ашық тәрбие сағатыБілімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.Сабақтың мақсаты:1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:1. Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
Магнитофоннан тыңдау:1. денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
(«Мың бір хадистен»)-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.
1- топ «Денсаулық»Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
2- топ «Салауат»Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:
І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
ІІ Кластер құру.ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары.
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 1- топ: 1. Д…… і (дәрі)2. в…та…н (витамин)3. ….ны…..у (шынығу)4. с….ау……т (салауат)
2- топ: 1. Г…и…на (гигиена)2.ту…ку….ез (туберкулез)3. тұ……у (тұмау)4. д… ау…. қ (денсаулық)
IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды. V. Шығармашылық тапсырма:1- топ:…………………………………………баламыз,………………………………………….аламыз.……………………………………………..………………………………………….санамыз.
2- топ:…………………………………………күлеміз,………………………………………….жүреміз,……………………………………………….……………………………………………сүреміз.
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 1-оқушы: Жымысқы жау- арақ мынау.Аңқылдаған жалпылдаған.Аңқау жұртым қазағым.Сенгіштіктің көнбістіктің,Тарттың әдбен азабын.
VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.Тренинг «Денің сау болсын десең…»Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
VII Қорытынды: Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.