«Бізді? болаша?ымыз ?андай?»
Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі____ Қасенов М.Қ. Күні 10.12.13жыл.
Пікір сайыс: «Біздің болашағымыз қандай?»
Мақсаты:Оқушылардың бойына мемлекеттің даму бағытына қосар үлесі жөнінде өзіндік пікір, көзқарас, ұстанымын қалыптастыру, патриоттық сезімді ояту, елдің жетістігіне деген мақтанышын, ертеңгі күнге деген сенімін арттыру.
Оқушылардың танымдылық,білімділік деңгейін көтеру,ой белсенділігін дамыту.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,жақсы қасиеттерге,мейірімділікке үйрету.
Түрі: пікірсайыс.
Әдісі: пікірталатыру, ойландыру.
Көрнекілігі:видеопрезентация.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Пікір сайыс шарттарымен таныстыру:
Әдеп сақтау, сыпайы сөйлеу, басқаның пікірін тыңдау.
Оқушылардың біздің болашағымыз деп ұрандатамыз да, артынан жастар бұзық, оқымайды, жалқау, қылмыскер... деп кінәлап жатамыз. Иә, жастарды кейде мақтаймыз, даттаймыз: жастардың тәрбиесіне, рухани мәдениетінің дамуына үлкендердің үлесі, үлгісі қалай деп сұрақ қоймаймыз. Бүгінгі ортаға салатын мәселеміз де, жастарымыздың қәзіргі қоғамдағы орны. Болашағымыз жастар дейміз. Болашағымызды сеніп тапсыратын жастар қандай болу керек? Әзіргі жастарымыздың қоғамдағы белсенділігі қалай? Белсенділіктері төмен болса оған не себеп? Қоғам ісіне араласуға жастар белсенділігін қалай көтереміз? Неге ата тарихын, ұлтының ұлы ғұлама, зиялылар еңбегін көп жастарымыз білмейді – деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасып көрсек:Жарқынбек Сейтінбетұлы айтқандай жастарымыз өз ұлтымыздың тарихынан, Шоқан, Абай, А.Байтұрсынов т.б ұлы зиялылар рухынан нәр алып өссе рухани мәдениеті биіктеп, ұлт мүддесін ойлайтын ойлы, тура жол таңдай білетін жастар қатары әлде қайда көбейер еді.Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты.Қырандай күшті қанаттыМен жастарға сенемін!Мен сенемін жастарға,Алаш атын аспанғаШығарар олар бір таңда,Мен жастарға сенемін! деп – М.Жұмабаев айтқандай, жастарға сенім артамыз. Үлкендер сенімін ақтау үшін, жастарымыз жан-жақты терең білімді, қоғам ісіне белсене араласып, өз ой-пікірін ашық айтып, қорғай алатын, қоғам мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоя білуі керек. М.Жұмабаев жоғарыдағы өлеңін 19 жасында жазыпты. Жастар белсенділігі төмен дегенде, жастарға кінә артуға болмайды деп ойлаймын.Үлкендер бізде белсенділік болмаса, жастар қайдан алады белсенділікті. Шынын айтқанда, қоғамның болашағы мен ісі жоқ, ішкен-жегеніне, дүниесіне мәз үлкендерді көрген жастарымыз кімнен үлгі алады.Заңды бұзатын кім? Сыбайлас жемқорлық жасайтын, пара алатын кім? Дөрекі сөйлеп, қатыгездік жасайтын кім? Халықтың несібесінен байығандар кім? Айта берсе таусылмайды. Ал кім? Ашығын айтқанда, лауазымына қарамай қоғам моралына қарсы тірлік жасайтын үлкендер аз емес. Енді қатысушы жастарды тыңдап көрейік:
1-оқушы: Біз Қазақстанның болашағымыз!
Біз Қазақстанның азаматы болғанымызды мақтан етеміз,оны әрбір адамның парызы деп есептейміз. Тәрбие тал бесіктен басталады – дейді аталарымыз. Бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиет болу керек.Қазақстанның әрбір азаматында оның табиғатына, салт - дәстүріне, ұлттықмұраларына деген қызығушылық болу керек.-Әрбір адам халқымыздың салт – дәстүрін біліп,Отанын мақтан етіп, туған жерін құрметтеп - Отаны үшін отқа да, суға да түсетін ер азамат болуы,адамгершілік рухани сезімін қалыптастыруы қажет сонда біздің болашағымыз жарқын болады.Мақтан етем елімді мен,Туып өскен жерімді мен.Мақтан етем тауымды мен,Өзен, көлдер, бауымды мен.Мақтан ету жырға қосу.Менің де ол міндетім!
2-оқушы: Мен өз болашағымды жарқын етіп, есірткісіз елестетемін. Оқимын, білім аламын, елім үшін қызмет етемін»
Есірткіге карсы күресу үшін жастар спортпен айналасып, салауатты өмір салтын ұстануда.
Айта кетейік, өткен жылы елімізде жасалған заңсыз есірткі айналымына қатысты 3548 қылмыс жасалған. Есірткіге еліккен әйел азаматтарының саны — 254. Өкініштісі сол есепте кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.
«Мақсатымыз тек қана жастарды емес, қаланың, ауылдың тұрғындарына да есірткінің келтірер зиянын ұқтыру Адамдық қалыптан айыратын есірткі бір ғана бізді емес, бүкіл елдің ертеңін бұлыңғыр етеді. Болашағына балта шабады.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,Өмірде бақыттысың денің сауда.Денсаулық терең бақыт деген сөзді,Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
3- оқушы: Білімді жас ұрпақ - болашақтың кепілі»! – деген еді Қазақ атам сондықтан да биылғы Елбасымыздың Жолдауы біз үшін мағыналы да, мәнді. Осы жылғы Жолдау жастар үшін ерекше : Президент елімізде тұратын әр азамат «өмірдегі басты құндылық – ОТАНЫМ» - деп білуі тиіс деген патриоттық ой тастаған болатын, – БІЗ үшін бұл ой маңызды! Елбасымыздың осы сенімін ақтап, алдағы жылы НАҒЫЗ ОТАНШЫЛ БОЛАШАҚ ҚАЛЫПТАСУЫНА еңбек сіңіреміз. Біз жастар - Президентімізді, Елордамызды мақтан тұтамыз! Жолдауға сай бүгінгі таңда өскелең ұрпақтар бәсекеге қабілетті тұлға, білімді де, білікті азамат, сонда нағыз — « Қазақстандық БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» қалыптасады. Оның көзі толған білім, сөзі жалын, ойы ұшқыр, жүрегі Отанға деген сүйіспеншілікке толы, дені сау, өмірі ұзақ болады.«Қазақстандық БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» - үш тұғырлы тіл саясатын қолдаған, әлеуметтік шапшаң, қиыншылыққа бет ұстар, халықаралық өркениетте бірінші болатын ЖАС ҰРПАҚ! БҰЛ — БІЗ ЖАСТАР! Қазақстан жасасын, БІЗ Президентіміз Н.Ә. Назарбаевпен БІРГЕМІЗ!Тап осы сәттен бастап Жолдауды еңкейген кәріден, жүгірген жасқа жеткіземіз, қолдаймыз!!!2020 жылы дамыған 50 елдің 1-ші сатысында боламыз!!!
4-оқушы: Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Себебі әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықды алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім де болсын, тіпті Елбасымыздың өзі де деп айтсам,асыра сілтегенім болмас, тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине де ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртің қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын.
Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу екінің қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп қой.
Бірақ, "осындай ұстазым бар менің" деп ауыз толтырып, үлкен мақтанышпен айтатын апайларым бар-ақ. Оларға деген сыйластығым да ерекше. Әр кез демеп, ақыл-кеңесін аямайтын сондай жандардың барына мың шүкір. Өз қызметін міндетсінбей, адал атқаратын олардың алдына бас ие бергің келеді.Мен болашақта осы кәделі кәсіптің етегін ұстаған мұғалім боламын. Білім ғана бермей, оқушыларды үлкен өмірге дайындайтын ұстаз боламын. Бұл менің асқақ арманым, болашағым…
5-оқушы:
Жастар мәселесі қашан да қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылады. Демек, қазіргі таңда өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе білетін асқақ ойлы азаматтар болуы тиіс. Олар елдің жоғын жоқтап, халықтың болашағын ойлап, ел алдындағы борыштарын абыроймен орындауы қажет.– Жиырма жылдан енді асқан мемлекетіміздің болашағын көтеретін жастар екені даусыз. Сондықтан, ел болашағы саналатын жастар мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көтеріліп жүр. Қазіргі күнде жастар арасында дәстүрлі емес дінге бетбұру белең алуда. Соның әсерінен Отанға деген сезімдері де әлсіреп бара жатқандай.
– Елбасының өзі қолдап отырған жастардың қоғамдағы алар орны ерекше. Үкімет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Соның нәтижесінде, олар қоғамда өз орындарын тауып, түрлі мамандықтардың иесі атануларымен қатар, әр салада еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Жастар ұйымдарының қатары соңғы жылдары көбейіп, қалада, аудандарда белсенділіктері артты. Біздер, ауыл жастары да өз қатарларымыздан кейін қалмай, халыққа еңбек етуді басты мақсат тұтамыз. Осы тұста, аудан көлемінде мамандығының мақтанышы болып, кәсіпкер атанып, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген белсенді жастар жетерлік».
«Жастарға деген жылы көзқарас соңғы жылдары ғана басталып, іске асырылып жатыр деуге болады. Бұған дейін жастардың баратын жері, басатын тауы жоқ болғаны жасырын емес. Қазақ жастары арасында қоғамда өз орындарын таба алмай жүрген жастар әлі де көп. Бірлестіктер мен ұйымдар күн санап көбейіп жатықанымен аттары ғана бар, жасап жатқан жұмыстары жоқтың қасы. Бүгінгі таңда бір емес екі дипломмен жұмыс таба алмай жүрген жастарымыз да жетіп артылады.
Жұмыссыздықты азайту мақсатында Үкіметтің ұсынған түрлі бағдарламалары арқылы қоғамдық ұйымдар құрып, кәсіпкерлікпен айналысуға да жастардың толық мүмкіндіктері бар. Ауданда жыл сайын «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен – ауылға!» бағдарламалары арқылы жұмысқа орналасқан жастарды да көптеп мысалға келтіруге болады.
Жастар елдің болашағы.
6- оқушы: “Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,-демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп - өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс - тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде..Бүгінгі таңда басты мәселе де бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні - ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс.Міне, қазіргі білім беруді дамыту, оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде - ақ айтып кеткен.үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Қорытынды:Әрбір адам туылғаннан керемет сыйға бөленген,ол-жетілуге талпыну.Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп,ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз,үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз,сондықтан балалар еліміздің даңқын асыру үшін білім алып,оның гүлденуіне өз үлесімізді үнемі қосып отырайық.Ел болашағы-жалынды жастар қолында екенін үнемі жадымызда сақтайық.