Конспект на тему Салауатты ?мір- бізді? болаша?ымыз
Қостанай облысы, Арқалық қаласы№ 8 негізгі мектеп.
Математика пәнінің мұғалімі
Байкенова Лаззат Егинбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір- біздің болашағымыз».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген
аяушылық сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
Тәрбиелік: Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынына байланысты, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етудің пайдасы туралы пікірлесу.
Көрнекілік: Диаграмма, тірек-сызба, суреттер, бейне таспа, слайд.
Сабақ түрі: Өнеге сағаты
Әдісі: Баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері(Сәлемдесу, орналасу)
Бәрі бірге: Бүгініміз бар жарқын, Ертеңіміз бар айқын, Асырайық бірге Салауаттылықтың даңқын.«Денсаулық» слайд
Кіріспе. Мұғалім сөзі: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек? Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр. Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
Бейне таспа
Елбасының Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар,даму» Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.Салауатты өмір сүру дегеніміз не? «Ой түрткі» Тілеухан: Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Айым: Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
Негізгі бөлім: Мұғалім сөзі:Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы. Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған. «Қазақтың салт-дәстүрі- салауатты тәрбие бастауы»
Бейне таспа
«Қымыздың жасалуы және пайдалы қасиеттері»
«Дертке дауа – қымыздың пайдасы»
«Шұбаттың адам ағзасына пайдасы»
2) Нашақорлық неден басталады? «Ой толғау» Саида: Сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.Бейне ролик: «Нашақордың мұңы»(Есірткі туралы ақиқат пен жалған) Мұғалім сөзі: Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.
Эколог (Жанар):
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф (Ақтұрсын):
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог (Венера):
Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Дәрігер:(Гульнар)
Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді. СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.
«Салауатты өмір» слайд
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Ән: «Бақытты балалық шақ»( Ақтұрсын)
Мұғалім сөзі: Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек.
«Сен білесің бе?» (слайд)1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде.
Қорытынды бөлім: «Ойқозғау»1. Қоғамда «Мемлекет қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай?2. Қазір арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай:3. Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың?
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.
«Болашақ ұрпақ қандай болу керек?» слайд
Бейне таспа «Олимпиада жеңімпаздары»
Бір тамшы ой:
Ей,адамзат!
Өмір керек соған да,
Маған да,саған да,
Есіңде сақта, осыны
Ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Кісілерден ерте жүргін алшақта.
Пешенеге жазылған ғұмырыңның,
Тамырына ұрпағым, балта шаппа!