АШЫ? САБА?. Денелер.Заттар.Таби?ат ??былыстары. 
 Тақырыбы: Денелер.Заттар.Табиғат  құбылыстары.
Мақсаты: Табиғи  және  жасанды  денелер, заттар,табиғаттағы  құбылыстар  жайлы түсінік  беру;  Оқушылардың  ой- өрісі  дамыту; көзқарасын   қалыптастыру . Оқушыларды  табиғатты  сүюге,оны  қорғай  білуге  тәрбиелеу. 
Сабақ типі:  жаңа  сабақ.  
  Әдісі:  түсіндіру,ой  қозғау,  миға    шабуыл.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер ,ойын.
                             Сабақтың  барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі:
 Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.    
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу-оқыту материалын талдау..
ІІІ. Ой  қозғау. 
-Табиғат  дегеніміз  не? Табиғатты  зерттеу  әдістерін  атаңдар.
IV. Мақсатын қою кезеңі:
 Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Денелер, заттар, құбылыстар.
V. Жаңа материалды түсіндіру.  Денелер- адамды  жан -жағынан  қоршаған  нәрселердің бәрі дене деп аталады. Олар  табиғи  және жасанды болып бөлінеді.  Күн, ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс – табиғи  денелер. Үй,  машина, үстел, орындық,  кітап, дәптер, қарындаш –жасанды  денелер.  Ауа , құм, тас ,т.б. өлі  табиғатқа   жатады. Тірі  денелердің  жиынтығы  тірі  табиғат  деп  аталады. Кез келген  табиғи  және  жасанды  денелер  заттан  тұрады. Мысалы,  жаңбыр  тамшысы – судан, доп  -резинадан    тұрады,  тамшы-  дене, су- зат, доп - дене, резина- зат.
Оқулықпен    жұмыс. 
Сергіту   сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін  тексеру кезеңі: 
 Ойын.  Заттар мен денелердің   байланысын  анықтау.Әр  дененің  жасалған  затпен  арасын   бағыттауыш   сызықтармен   қосу  қажет.
 Дәптермен  жұмыс: атауларын  жазу.
Миға  шабуыл.
1.Адам   табиғат құбылысын  игеріп, өзіне  бағындыра  ала  ма? Мысал  келтір, дәлелде.
2. Адам  қандай  табиғат   құбылыстарын  өз  қажеттеріне  пайдалана  білді?
VII. Бекіту кезеңі:   Қорытындылау.
-Дене  деген  не?   Дене  неден  тұрады?
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:  оқу, мазмұндау.
 Бағалау.