Омырт?асыздар тарауын ?орытындылау (7 сынып)


Білімді мыңды жығадыҚызылорда облысы, сырдария ауданы, қоғалыкөл ауылы,№44 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Досмағанбетова фарида
style.rotation
Білімді мыңды жығадыБрейн ринг 7 сынып Мақсаты: омыртқасыздар тарауын қорытындылау, оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа баулу, интелектілерін дамыту
style.rotation

І тур Іріктеу кезеңі «Жылдам жауап»
style.rotation 1-топГидраның денесі неше қабаттан тұрады? (екі)Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап қайтаруы қалай аталады?(тітіркенгіштік)Ақ сұлама қандай құрттар типіне жатады?(жалпақ құрт)Шегіртке қай отрядқа жатады?(турақанаттылар)Ұлуларда ең алғаш пайда болған асқорытуға қатысатын без? (бауыр)




2-топГидраның атпа жасушалары қандай қызмет атқарады? (қорғаныш, қоректену)2. Ағзадағы белгілі құбылысы бар үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі (мүше)3. Басы, тілі, жұтқыншағы жоқ ұлулар (қос жақтаулылар)4. Кенелердің үш жұп аяғы бар дернәсілі қалай аталады? (нимфа)5. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі қалай аталады? (мальпигий түтігі)




3- топГидра денесі зақымданғанда регенерациясының жүруі қандай жасушаларға байланысты? (аралық жасуша)2. Құрттардың денесінің сыртын қаптайтын қорғаныш, тірек қабаты (сірқабық)3. «Сиқырлап» ұйқтатуға болатын ұлу(басаяқтылар)4. Өрмекшітәрізділердің барлық аяқтарының саны нешеу? (6 жұп)5. Қара шыбын қандай отрядқа жатады?(қосқанаттылар)




4- топСу астындағы маржан шоғырынан су бетіне шеңберленген бұтақтар өсіп шықса пайда болатын риф қалай аталады? (шеңберлі риф –аттол)2. Таспа құрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі бар дернәсілі қалай аталады? (финна)3. Буынаяқтылардың денесі қандай затпен қапталған? ( Хитин)4. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі қалай аталады? (демтүтік- трахея)5. Бұғы қоңыз қай отрядқа жатады?(қатқылқанаттылар)




5- топГидра қалай қозғалады? (адымдап, тоңқаңдап)2. Ұлулардың зәр шығару мүшесі не? (бүйрек)3. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым қалай аталады? (гельминтология)4. Тайга кенесі адамға ең қауіпті қандай ауру жұқтырады? (энцефалит)5. Масаның ауыз мүшесі қандай? ( шаншып сорғыш)




6-топІшекқуыстылар типінің қанша түрі бар? (9000)2. Мамықкенелер құстарда қандай ауру туғызады? (әкаяқ)3. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (энтомология)4. Балараның ауыз мүшесі қандай? (кеміріп –жалағыш) 5. Қаракүйе көбелек қандай отрядқа жатады?(қабыршаққанаттылар)




7-топМедузанаң дернәсілі қалай аталады?(планула)2. Ұлулардың тұлғадан ерекше қатпарлы қабаты қалай аталады? (шапанша)3. Шаянтәрізділердің зәр шығару мүшесі қалай аталады? (жасыл без)4. Көбелектердің ауыз мүшесі қандай? (сорғыш түтік ауыз)5. Құмырсқа қай отрядқа жатады?(жарғаққанаттылар)




8- топІшекқуыстылар қалай тыныс алады ?Суда еріген оттегімен бүкіл денесімен2. Ішекте өмір сүретін паразиттер қалай аталады?Эндопаразиттер 3. Шаянтәрізділердің барлық аяқ саны қанша? (8 жұп)4. Қан соратын сүліктің жұтқыншағындағы арнаулы бездерден бөлінетін ерекше зат қалай аталды? (гирудин)5. Қоңыздардың ауыз мүшесінің құрылысы қандай?(кеміргіш ауыз)




ІІ тур Жартылай финал «Ойлан, тап!»
1-топ Гидратәрізділер класына жататын обелияның жынысты жолмен көбеюі қалай жүзеге асады аузы жоқ ерекше бүршік- жынысты дарақ (медуза)- еркін жүзеді- жұмыртқа- дернәсіл(планула) отырықшы обелия2. Кірпікшелі құрттарда қандай мүшелері бар?асқорыту, зәр шығару, жүйке, жыныс, сезім мүшелері3. Ұлулардың қан айналым жүйесі мүшелерін атаЖүрегі екі бөліктен тұрады, қарынша , құлақша, ірі қантамырлар және қылтамырлары бар, қанайналым жүйесі - ашық


2- топІшекқуыстылардың қорегі қандай тәсілдермен қорытылады? жасушаішілік және жасушадан тысқары немесе ішек қуысында2. Шұбалшаңның ас қорыту мүшелерін ретімен ата ауыз қуысы-жұтқыншақ- өңеш- жемсау- қарын- ішек –аналь тесігі3. Шаянның аяқтарын ажыратын ата 3жұп жақаяқтар, 1жұп қысқыш аяқ, 4 жұп жұру аяқтары


3- топ1. Гидраның сыртқы қабатында(эктодермада) қандайжасушалар орналасқан? сезімтал жасуша, атпа жасушалар, тері- бұлшық ет жасушаслары 2. Шұбалшаңның жүйке жүйесінің құрылысын ата? Жұтқыншақүсті түйіні(ми) және жұтқыншақасты түйіні- құрсақты бойлай қатарласа созылған жүке бағанасы- жүке түйіндері-құрсақ жүйке тізбегі3. Бунақденелілердің толық түрленіп даму сатыларын ретімен ата. жұмыртқа- дернәсіл- қуыршақ- имаго



4-топСиыр цепенінің дамуын ретімен ата жұмыртқа- алты қармақшалы дернәсіл- финна- ересек таспа құрт2. Үлкен тоспа ұлу- гермофродитті жәндік. Ол қалай ұрықтанады айқаспалы ұрықтану3. Өрмекшітәрізділердің қоректенуіндегі ерекшелікті атаастың ішектен тыс қорытылуы


ІІІ тур Финал «Суреттер сөйлейді»rrr Жауабы: нәзікқұйрық инелік. Республикамыздыда Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында ғана тіршілк етеді. Қазақстаннның Қызыл кітабына тіркелген. Бунақденелілер мен масаны қорек етеді.1-топСуретте қандай инелік берілген. Қысқаша сипаттама бер
ppt_yppt_yppt_y
Жауабы: ақтеңбіл дәуіт Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген ең жалмауыз дәуіт. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1кг 300грамға жуық бунақденелілерді жойған.Суреттер қандай жәндік бейнеленген. Сипаттама бер.

Жауабы: Көркемше инелік. Ол көбелектерше қанатын құрсағынаан жоғары жинастырып қонады . Қазақстаннның Қызыл кітабына тіркелген.Суретте қандай инелік берілген. Қысқаша сипаттама бер

Жауабы: Бұғықоңыз- саны күрт кеміп бара жатқан, тұрқы 87 мм шамасындағы ең ірі қоңыз.ол еменді ормандарда өмір сүреді. Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмасынан кездестіруге болады.Суреттер қандай жәндік бейнеленген. Сипаттама бер.

ҚорытындыЖеңген топтарды мадақтау, алғыс хаттар тапсыру