ИЛИЯС ЖАНСУГУРОВ КУЙШИ ПОЭМАСЫ


Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының білім бөлімі ММ
«№1 Теректі орта мектебі» КММ
44386578740
Тақырыбы: І. Жасүгіровтің
«Күйші» поэмасының көркемдік қуаты
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9 «а» сынып
Өткізген мұғалім:
Шаяхметова Гаухар Мамыровна
Санаты: 2
Деңгейі: 3
Теректі ауылы
2015-2016 оқу жылы
Сабақ жоспары
Әдебиет сабағы
Өткізген сынып : 9 «а»
Сабақтың тақырыбы: І. Жасүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік қуаты

Сабақтың мақсаты: шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу арқылы шығармадағы өнер құдіретімен адамдар арасындағы психологиялық тартысты,оқиға шиеленістерін зерделеуге дағдыландыру.
Сабақтың тәсілі - сұрақ –жауап, топтық жұмыс, АКТ, бағалау.
Сабақтың типі - білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Ой қозғау сабақ
Көрнекіліктер - Слайдтар, тапсырмалар жазылған қима қағаздар, бағалау парағы, топқа бөлетін қима қағаздар, АКТ
Р.с Кезең ,уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті Қолданылған модуль
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
3 минут
Сәлеметсіздер ме?
Қалдарыңыз қалай?
Кезекші кім?
Сабақта оқушылар түгел ме? Сабаққа дайынсыздар ма?
Көңілдерін көтеру үшін «Сәлем жолдау» позитивті стратегиясы ұйымдастырылады.Осы стратегия арқылы топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлап алуға ұсыныс жасау. Амандасады!
Сабаққа келгендегі қал-жағдайларын айтады!
Кезекші орнынан тұрып, сабаққа оқушылардың қатысуы туралы ақпарат береді.
Оқу құралдарын дайындайды.
Оқушыларға көңілашардың әсері туралы айтады. Ниет білдіреді.
Әр оқушы өз тобына отырады.
Топ атаулары: «Елім-ай» және +++«Сарын» Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту
Үй тапсырмасын тексеру
7 минут Тест - Руно стратегиясы.
Поэманың мазмұнын қалай меңгергендеріңді байқау мақсатында поэманың әр жерінен алынған үзінді беріледі, оны сендер рет-ретімен орналастыруларың керек....
Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетуі.
Күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды, табиғат та тып тыныш бола қалды».
Қарашаштың күйге де, күйшіге де ықылас пейілі ауып, ағасы Кене ханға келіп, осы күйшіні беруін өтініп, қолқалап күйшіні алады.
Күйші ханшаға басыбайлы құл болдым-ау деп ойлайды.
Қарашаш күйшіге «айдаһар, әзірейіл, ажал... жын патшасы тажал түсті» болып көрінеді.
Күйшінің ханышаға деген көңілі жылиды.
Күйші «Еліме, үйіме қайтарыңыз» - деп ханшадан өтініп сұранады.
«Жаңа күй жаңа жолмен кетті лағып».
Әлімқұлдың тентек ұлы ханша сарайын дүр сілкіндірді.
Ханшаның күйшіні ақтап алуы. Өздеріне ұсынылған тапсырмаға жауап беру арқылы өткен тақырып бойынша өз беттерімен ізденістерін көрсетеді, тақырыпты меңгеру дәрежесін айқындайды.+++++++++ АКТ, бағалау
Жаңа сабақ
15 минут «Иә, жоқ» стратегиясы.
«Сарын» тобына: Ханша жігітті үйіне, жалғыз анасына өнерді қадір тұтқандықтан жібермей ұстап отыр ма?
Иә,... Жоқ,...
«Елім-ай» тобына: Поэманың аяқталуында «Келген соң аман-есен ауылынаАрманды «Азат» дейтін бір күй шертті.» деп автор күйшінің ханшаға деген махаббатынан азат болуын айтты ма, әлде армандаған азаттығын алғанына байланысты айтылды ма?
«Саты» стратегиясы.
Поэма мазмұны бойынша композициялық талдау жасату.
1.Авторы – Ілияс Жансүгіров 2. Тақырыбы – Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. 3. Жанр түрі – поэма 4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін түсіндіру. 5. Шумақ саны – 6. Тармақ саны – 7. Буын саны – 11 8. Бунақ– 3 9 .Ұйқас – Қара өлең Басталуы: Алатау күй тыңдады ауылдай боп, Тас болып, толқып жатты бауырдай боп. (күй құдіретіне тамсанған табиғат) Дамуы: Өзінің ордасында батыр Кене Тарттырып домбыраны отыр Кене. (Хан Кене ордасындағы жиын) Шиеленісуі: Ордадан бұдан артық тілемеймін, Бер маған осы адамды басы бүтін. (Қарашаштың Кенеге қолқа салуы) Шарықтау шегі: Соғады кейде суық мұздың күйі, Толғанған жар сағынып қыздың күйі. (Қарашаштың күйшіге деген сезімі) Шешімі: Домбыра бостандықтың ырғағын тарт! (Күйшінің бостандық алуы) 
3. «Шаңырақ» стратегиясы.
Теңеу: Күлдірлеп қоңыраудай, жүйрік аттай, қымыздай балға ашытқан, оймақтай аузы, сұлтандай сүйігімді. Эпитет: Зарлы күй, ащы күй, алтын күрек, мақпал бау, құс мамық, қылаң қабақ, қара шаш, алма сағақ, текті құс, теріс азу, ақиық қыз. Кейіптеу: Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына, жолбарыс жымың қағып, сылқ-сылқ күлді, ауырып домбыра да ыңыранды, жүректей сандыраған, күй жынданды. Метафора: Кенем-құтым, мен-тұйғын, мынау сұлу сұқсыр болып, жаңа толқын-жасыған күй. Градация:Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамшылатып, сығып, сарқып т.б. Портрет: Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз, Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз. Сырықтай ордадағы сымдай бойы. Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз. 
… Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін. Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ. Шөп желке, шолақ бұрым қотыр-қотыр, Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр. Жыландай жиырылған кесерткі қыз…  Әр топ өзіне берілген жауап бойынша ойыларын айтады.
Берілген қима қағаз бойынша поэмаға сатылай кешенді композициялық талдау жасайды. Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, оқытуды басқару және көшбасшы, бағалау, СТО
Сергіту сәті
1 минут Күй «Әлқиса». Авторы Н. Тілендиев Орындарынан тұрып би билейді. Ой тынықтырады, бой шынықтырады. Бекіту кезеңі
13 миут «Салыстыру» стратегиясы.
Сарын тобы: Ханша мен күйші.
Елім-ай тобы: «Күй» мен «Күйші» поэмаларындағы айырмашылық.
«Сыр сандық» стратегиясы. Сөздікпен жұмыс.
Қорытынды: берген тәрбиесі, менің көзқарасым. Сабақ бойынша түсінгендерін айтады, ой қозғап, ой қорытады.
АКТ, СТО, Деңгейлік тапсырма, бағалау,
Қорытындылау
4 минут Сабақ бойынша қорытынды шығарту, ұсыныс жазу. «Бәйтерек» стратегиясы. «Бәйтеректей» биік, білімді болу үшін қол жеткізу. СТО
Үй тапсырмасын беру
2 минут «Күй құдіреті» тақырыбында эссе жазу. Тапсырманы күнделіктеріне жазып алды. АКТ