Поурочный план по казахскому языку на тему: Алматы ?аласыны? экономикасы. Ыры?сыз етіс(для студентов колледжей) 
Бекітемін
 Директордың оқу ісі
                                                                                             жөніндегі орынбасары
                                                                                        ___________ М.Ерманова
Сабақ жоспары № 23
Пәні:    Қазақ тілі                                     Мерзімі:   _____________    
Тобы:   ПО-17                                
Сабақтың лексикалық тақырыбы:  Алматы қаласының экономикасы
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Ырықсыз етіс
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Студенттерге еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласы туралы, оның экономикасы туралы мағлұмат айту, ырықсыз етіс туралы білімдерін толықтыру;
Ә) Дамытушылық: Студенттердің сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Б) Тәрбиелік: Студенттерді еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау
Оқыту құралдары: Мультимедиалық проектор, кеспе қағаздар
                               
                                          Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттермен сәлемдесу. 
2. Студенттерді түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Студенттерге сабақтың мақсатын айту
Грамматикалық тақырып:  Ырықсыз етіс 
      Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндей көрінеді.
 Жұрнақтары: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н.
Мысалы: егін ор+ыл+ды, үй таза+лан+ды.
                       
1. «Алматы қаласының экономикасы» мәтінін оқу.
2.Мәтінді аудару.
3.Сөздікпен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Жаттығулармен жұмыс.
1.1-жаттығу. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.
      қосалқы                                кәсіпорын
      орын                                      орнату
      өнім                                       бөлшектер
      тұрақты                                 өңдеу
      шағын                                   алу
      қарым-қатынастар               жүйе
      металл                                   орталығы
1.3 - жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңдар. Сөйлемдегі бастауышты ырықсыз етіс түрінде жазыңдар.
    1. Ертіс және Жайық өзендері арқылы көпірлер ... . 2. Жиналыс туралы оған алдын ала ... . 3. Көшелерге көптеген жарнамалар ... . 4. Осы мейрам қарсаңында зейнеткерлерге пәтер ... . 5. Бөлмеде жарық ... . 6. Отбасы дастарқанға жиналып, шай ... .
1.4 – жаттығу. Берілген сөздерді етістің түрлеріне қарай бағанға бөліп жазыңдар.
Үлгі:  
Өзгелік етіс Өздік етіс Ырықсыз етіс Ортақ етіс
оқыт көрінді тазаланды сөйлес
 Жеңілді, аяқталған, әкелісті, өңдетті, жүргізген, жуынды, тапсыртқыз, ақылдастым, сөйлестік, жасырынды, сұрат, жинасты.
ІV. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.
V.Үйге тапсырма беру:
80 бет, 1.6-жаттығу. Берілген етістіктердің шақтарын, етіс формасын анықтаңдар.
                                                                 
                             
                                
Пән оқытушысы:                        Б.Мукашева