?аза? тілінен саба? жоспары:Дауыссыз дыбыстар (5-сынып)
Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты :
а) Ауызша,жазбашаталдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекту,оқушылрды дұрс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету ;
ә) Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру ;
б) Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір – бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ – жауап,тіл дамыту,талдау.
Қажет құрал-жабдықтар: үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика мақал – мәтелдер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Фонетика нені зерттейді? 6.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
7. Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2.Тіл дыбыстары дегеніміз не ? 8. Қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?
3.Дауысты дыбыстар қалай жасалады? 9.Еріндік дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 10.Езулік дауыстыдыбыстар дегеніміз не?
5.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар мыналар : б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ,(у)
Дауыссыз дыбстарды айтқанда,өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып,салдыр пайда болады.Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе үн өте аз болады.
Мәтінмен жұмыс : Мәтінді оқып,осындағы дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
Кітаппен жұмыс : 262 – жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
П – б : . . . айдасыз, . . . аласыз, . . . алың, са . . . ар т.б.
Т – д : ба . . . пақ, қа . . . ақ, са . . . ақ, . . . абыс, . . . әрі.
Шығармашылық жұмыс :Мақал-мәтелдерді көшіріп,мағынасын түсін.Дауысты дыбыстарды түріне қарай талда.
1.Ас атасы-нан.
2.Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.
3.Ұстаз көрген хат таныр.
4.Тазалық-тамаша әсемдіктің басы.
5.Жақсының арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.
Білімді бекіту : 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2.дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
3. дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4. дыбыстар не арқылы жасалады?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Кез келген бір мақалға дыбыстық талдау жасап келуге беремін.