Ашы? саба? Дауыссыз дыбыстар 5-сынып


Қазақ тілі Уақыты:Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Дауыссыз дыбыстар
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
ЖалпымақсаттарСабақтың мақсаты:   Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағұлмат бере отырып, тілідің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
 Тапқырлыққа, білгірлікке,ізгілікке, бір-бірінен ажырата білуге тәрбиелеу.
Ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін,тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Көрнекі құралдары: Тірек сызба, ойын тапсырмалар.
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Үй тапсырмасын пысықтау
«Кім білгіш»
1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2. Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оларды ата.
3.Еріндік,езулік дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4.Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды ата.
Мағынаны тану
Дыбыс түрлері:Дауысты ДауыссызЖуан Жіңішке Қатаң Ұяң ҮндіДауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді.Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа1) кедергіге ұшырайды2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады3) созып айтуға келмейді.Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буынК - дауыссыз, қатаңІ - дауысты, жіңішкеТ - дауыссыз, қатаңА - дауысты, жуанП - дауыссыз, қатаң
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Сергіту сәті Жайғаным –түкті кілем,
Ілгенім-тықыр кілем. ( Жасыл шөп.)
Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейді.
Жер шарының картасында
 Оған еш шың теңеспейді.   ( Оқжетпес.)
 Туған жердің белбеуі
Шұбатылып қалыпты.
 Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты. (Бұлақ)Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасау. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
 «Венн диаграммасы»
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап, салдыр мен үннен пайда болуы.
  Дыбыстау     мүшелері арқылы жасалады.
Өкпенден шыққан ауаның еш кедерсіз үннен ғана жасалуы.
 Дауысты дыбыс.                   Ортақ қасиеті.                   Дауыссыз дыбыс.
Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.П - б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ;Т - д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық;К - г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу;Қ - ғ: қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...;С - з: а...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...;Ш - ж: ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ... аттық, ...алтылда.
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс