Открытый урок по познанию мира на тему Красная книга животных и растений 2 класс


, шолп, шылп, үлп т. б.
Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б.
Даң, дүң, тың, қаң, құң, маң, шаң, шұң, шың т. б.
Ар, быр, дар, дыр, дір, күр, қор, қыр, сыр, шар, шыр т. б.
Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б.
Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шақ, шық т. б.
Жалт, жылт, кілт, қылт, мылт, сылт, талт, тылт т. б.
Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б.
Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.
2-сұрақ
Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерінің атқаратын қызметі.
Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да алуан түрлі.
Үтір. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей:
а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету үшін қолданылады. Мысалы:
ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Мысалы:
б) Үтір оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады: Мысалы:
Арылма, өлең, арылма
Домбырам, күйден жаңылма!(Жамбыл)
в) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде (Әуезов).
г) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қойылады. Мысалы: “Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас”,-дейді халық мақалы.
2. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір–хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, дәрежесі нүктеден төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл-аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады.
Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өзара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасында да қойылады. Мысалы: Кімді-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көтере алмаса, оның саяздығы (Әбішев).
3. Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарында қолданылады:
а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі-кетпен шабу, бірі-егін ору (Мұқанов).
ә) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы, төрт жылқы, бір жылқы (Мұқанов).
б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып:- қағаздағы аты-жөніңіз басқа екен ғой ?-деді Аман. Біздің ауылдың мөрін кім басқан?
Көп нүкте. Көп нүкте аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда, негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан немесе қысылып ұйалғаннан сөзі аузына түспей, сөз таба алмай мүдіргенін, сасқалақтағанын, сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. Мысалы:
-Тақсыр … қарағым… шырағым-ау… Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мініп келген … - дей бергенде, Аман келді де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды ( Мұстафин ).
Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, фуекцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгісі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.
а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды – көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат.
ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады.
б) Бірыңғай мүшелердің кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екендігін, мағыналық жақтарынан олардың мәндестігін білдіру, қызметін атқарады. Мысалы: Керуен көшетін сауда жолдары ,ұлы базарлар ,атақты қалалар, су жолдары-барлығы да бүгін айрықша керек болған.
в) Төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөліп тұрады: Сөйтіп отырып шын жылады ол:
-Аманжан, тез қайта көр!-дейді аузы кемсеңдеп.
-Жеңеше, мұнау теңеуіңіз қандай оңды!-деді де Аман бұл сөзінен дереу қайтты (Мұстафин ).
г) Сызықша мезгілдік, мекендік шаманы, шекті білдіретін сөздер арасында қолданылады. Мұндай орынның кейбіреуінде ол түсіріліп қалдырылған шығыс жалғауының орнына қолданылады және соның функциясын атқарады. Мысалы: Біздің бригада күнделікті жоспарын 150-200 проценттен кем орындап көрген емес.
д) Сызықша тетелесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәнді құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсіріліп қалдырылған қарсы мәнді құрмалас сөйлемнің компаненттеріарсында қолданылады. Бардым, -жолыға алмадым. Айтудай-ақ айттым, - көнбеді.
Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаларға қоршалған сөздің немесе сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдемелердің шартты атаулы екендігін білдіреді. Дәлірек айтқанда, тырнаша мынадай функцияларда қолданылады.
а) Цитат түрінде келтірілген біреудің сөзі тырнақшаға алынып жазылады.
Мұндай орынды тырнақша қоршауындағы сөздердің, сөйлемдердің автордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін білдіреді. Мысалы: ”Сырдария да көріне бастады. Нысаналы жерге жақындадым”,- деп жазды да, жас инженер мелиатор Бектасов автомат қаламын стол үстіне қоя сап, орнынан түрегелді (Мұқанов).
ә) Кері мағынада, ажуа, сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер тырнақшамен қоршалады.
б) Газет-журналдардың, әдеби шығармалардың, кемелер мен самолеттердің, шахталар мен рудниктердің, фабрикалар мен заводтардың, колхоздар мен совхоздардың, машина маркаларының т.б. аттары тырнақшаға алынып жазылады. Мысалы: Кеменің ” Қазақстан ” деген аты маған көп ой салып келе жатты.
Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлем мен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен граматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдері. Мысалы:
- Ә , Амантайка (Амантайды ол солай атайды) ман? (Мұқанов).
Осылар тәріздес, авторлық ескертпе, драмалық шығармаларда кездесетін ремаркалар да жақшаға алынып жазылады. Мысалы:
Байназар (Тоқаға) : Бас, бас аяғыңды жылдам!
Цитаттың қайдан, кімнен алынғандығын автор өз сөзімен айтып жатпай, одан кейін иесін немесе цитат алынған еңбектің атын ғана атаса, ол жақшаға алынады. Мысалы: “Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың” (Абай).
3-сұрақ
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік Тіл [1], мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын мемлекеттік тілге көшіру кезеңін бастан өткеруде.[2][3]Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебеге (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) мемлекеттік тіл функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты "көпұлтты" және "көптілді" деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югословия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мүндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т. б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ. Сол себептен Қазақстанда мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды.[4]