Презентация Сынып жетекшісіні? портфолиосы
Джамбулатова Жанар СагингалиевнаныңпортфолиосыБатыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданыАқсай қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің 6 «Г» сынып жетекшісі
Аты-жөні: Джамбулатова Жанар СагингалиевнаТуған жылы: 17 тамыз 1994 жылБілімі: Арнаулы орта Қызметі: «Математика – информатика» мұғаліміӨзім жайлы
Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Оқушыларды Отанды, туған жерді, халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы.Н.Ә. Назарбаев
Мақсатым:Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруМіндеттерім:Мектептің қоғамдық өміріне тікелей қатысу; Бала тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік, құқықтық, салауаттылық, кәсіби бағытта ықпалдықтар жасау;Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен оқушыларға қол ұшын беру; Оқу-тәрбие үрдісінде демеушілік көмек көрсету;Мектептің қоғамдық белсенділігін арттыру;
Сынып жетекшілер бірлестігінің тақырыбы:«сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу арқылы тәрбиелеу үрдісін жетілдіру»Мектептің тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:«Қазақстан Республикасының жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру»Сынып жетекшінің зерттеу тақырыбы:«Оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту»
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕСынып – ұйымдасқан ұжым. Ол жастары қатарлас ұл қыздардан құралған. Ақсай қаласы ЖББ №6 орта мектебінің 6 «Г» сыныбында 15 оқушы бар. Оның ішінде 8 ұл бала, 7 қыз бала бар. Әлеуметтік көмек алатын отбасылар қатарына жататын оқушылар: Қайратбаева Айнұр – көп балалы отбасы, Каражанова Айдана – аз қамтылған отбасы.Сынып оқушылары өте өнерлі, білімге құштар, жан – жақты. Сынып оқушылары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. 4 оқу екпіндісі бар. Сыныпта спортқа, сурет өнеріне, музыкаға бейім оқушылар көп. Мектептен тыс үйірмелерге сыныбымның 86% қатысады. Сыныпта көшбасшы бола білетін – Хасанов Алибек, Қайратбаева Айнұр, Бағдат Нұрдан, Каражанова Айдана, Кахарманов Абильхан сынды оқушылар сыныптағы бөлініп берілген қызметтерін ыждағаттылықпен атқарып, балаларға өз көмектерін беріп жүреді. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй», демекші мектепте, сыныпта өтетін, қайырымдылық шараларына оқушылармен қоса, ата – аналар да белсене араласады.Ата – аналар өзара ұйымшыл, бір – бірімен тығыз байланыста жұмыстана біледі. Бала тәрбиесіне атүсті қарамай, мектеп, ата – ана, мұғалім үштағанын үнемі жетілдіріп отырады. Сынып жетекшісі: Ж.С.Джамбулатова
2015-2016 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің құрамы№ Аты-жөні:Атқаратын қызметі:1Утепкалиева Самалкомитет төрайымы2Наурызова Самалкомитет мүшесі3Касен Саматкомитет мүшесі4Хасанова Аминакомитет мүшесі
Сынып жетекшінің ата – аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары.Ата - ана, мектеп және сынып жетекшісі жұмысының қызметтері: 1 қызмет2 қызмет3 қызмет4 қызмет5 қызмет
1 қызмет Ата - аналарды оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналарымен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жумысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бipiгіп талқылайды.Ата-аналарды оку-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады: балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні ашық сабақтар мен сыныптан тыс ic-шаралар; мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс ic- шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету; шефтік көмек; ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.
2 қызметАта-аналармен педагогикалық - психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады: Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата - аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру; қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата – аналары үшін деп бөліп өткізуге болады; Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада мәселелік кеңестер беру түрінде өткізуге болады. Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер; Тренингтер;Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.
3 қызметАта-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. Оның формалары:сынып жетекшісі ұйымдастырған сыныптан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық серуен, сенбіліктер, турнирлер.) жалпы мектептік дәстүрлі іс – шараларды ұйымдастыруға ата – аналарды қатыстыру (түлектер кештері, туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу, т.б.)республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата – аналармен бірге жүргізу;оқырмандар конференциясы;- отбасылық ойын байқаулары.
4 қызметЖекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық – педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
5 қызметАта-аналар белсенділері мен ата–аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.Сынып жетекшісінің ата – аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстамына, қарым – қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.Сынып жетекшісі отбасын аралағанда келесі шарттарды сақтаған жөн: отбасына ескертпей келмеу; отбасында 5-10 минуттан артық болмау; отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау, егер ата - аналар қобалжып өздері айтпаса,әдеппен ғана ұсыныңыз. әңгімені әкімшілік - әміршілік сыңаймен жүргізуге болмайды; ата-ананы үйретпеңіз, тек кеңес беріңіз; негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата - анаға да өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ. сонымен қатар ата - аналарға тәрбие мәселесін талқылауга шақырған қағазбен 6ipгe сол мәселеге қатысты жадынама жазып жіберу тиімді болмақ. Сынып жетекшісі отбасы — салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ал ата-аналардың, тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ecкepyi тиіс. Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.
Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек»
Ата- аналар жиналысының құрылымыАта-аналар жиналысын өз уақытында бастауды катаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1- 1,5 сағаттан аспағаны дұрыс. Сынып жетекшісінің кipicne сөзі — 5 минут. Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекші, психолог, мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут. Тақырып бойынша сөйлеу: шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі. Сөз нақты, дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс. 5-15 минут. Мәселені ата- аналармен бipгe талқылау — 20 минут. Сынып жетекші сынып үлгерімін талдайды. Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек. Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздері жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата -аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рақмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутқа кідіре тұруын сұрайды да, жеке-жеке әңгімелеседі..
Ата-аналар жиналысының хаттамалары
Тәрбие сағаттары
Оқушылардың аудандық мұражайға баруы«Денсаулық күні»
Мектепішілік «Тапқырлар тартысы» 6 сыныптарға арналған «Алтын күз»