Шойын мен болат 9 сынып?а арналган саба? жоспары


Күні 26.02.2016
Пәні Химия
Сыныбы 9
Тақырыбы §40 Шойын және болат
Мақсаты Шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашып, тұрмыста темір құймалары және оның қолданылуы туралы теориялық білімдерін жүйелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар шойын мен болатты ажырата біледі.
Шойын мен болаттың алыну әдістерін біледі.
Қазақстандағы өндіріс орындары туралы сипаттап айтып бере алады.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Кім шапшаң» әдісі, «Қызықты сәттер», «Кубизм» әдісі, «Химиялық эстафета», «БББ»
Қолданылатын ресурстар Оқулық: Н Нұрахметов К Сарманова К Жексембина Алматы «Мектеп» 2013 ж Химия 9сынып оқулығы, интербелсенді тақта, бейнефильмдер, суреттер , А3. маркерлер, т.б
Пән аралық байланыс География, экология, экономика, тарих.
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг Таратылған формулалардан сәйкесін табу
Берілген қосылыстардан генетикалық қатар құру
І топ «Темір»
ІІтоп «Мырыш»
ІІІ топ «Кальций»
Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу
Өткен тақырыпқа қатысты
«Кім шапшаң» әдісі бойынша Үйге берілген тапсырманы тапсырмалар арқылы диалогқа түсіру
Берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау І топ
«Лото» ойыны
ІІ топ
«Химиялық диктант»
ІІІ топ
Деңгейлік тапсырма
Түсіну Видео суреттер «Қызықты сәттер» Қызықты суреттерді тамашалату
«......... қайнауда шынығады
Батыр майданда шынығады» Видеоны тамашалау арқылы тақырыптың мәнін табу
Қолдану Видео ролик
Шойын мен болат анықтама беріп көрейік
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген видеоны өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу.
Талдау «Кубизм» әдісі Ресурстармен жұмыс Кубизм әдісі 6 қырлы кубик
Оқушыларға ақпараттық парақ таратылады. Тақырыпты меңгере отырып, тапсырманы орындау
І топ
1.ҚЫЗЫЛ Шойын мен болаттың ашылу тарихын таныстыру
2.ҚЫЗҒЫЛТ Шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық технологияларымен жабдықталған өндіріс ошақтарының тыныс –тіршілігін баяндау
ІІ топ
3.КҮЛГІН Шойын мен
болат өндірісі жөнінде домна пештерінің
құрылысы жұмыс жасау принциптерімен
таныстырып өту
4.САРЫ Қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері туралы айту
ІІІ топ
5. ЖАСЫЛ Шойын мен болат өндіріс ошақтарның экологияға әкелетін өзекті
проблемаларын және олармен күрес жолдары
6.КӨК Шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар ету Топпен жұмыс жасау
Оқушылар таратылған ресурстар бойнша және оқулықпен жұмыс жасайды.
Әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасайды
Кубиктегі сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыпты талдау әрекеттерін көрсетеді
Шығармашылық жұмыс орындайды
Жинақтау Конверт
Топпен жұмыс «Химиялық эстафета» ойыны арқылы жалпы бүгінгі сабақта не үйренгендерін тексеру арқылы тақырыпты жинақтау 1.Шойын- негізінен, темір мен көмірден тұрады. Шойынның массасы 5,8 г үлгісін тұз қышқылының ерітіндісінде еріткенде 2,24 л (қ.ж.) сутек бөлінді . Шойынның құрамында ғы заттардың массалық үлестерін табыңдар.
2. Массасы 150 г шойынды оттек ағынында жаққанда 3г көміртек (ІҮ) оксиді түзілді. Шойынның құрамындағы көмірдің массалық үлесін табыңдар
3. Темір мен мыстың құймасына тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 224 мл (қ.ж.) сутек бөлінді. Құймадағы темірдің массалық үлесі 20% болса, бастапқы құйманың массасы қандай болғанын табыңдар
Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін оқушылар формулаларды сәйкестендіріп орналастырады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырманы орындайды
Бағалау Жалауша Жаңа сабақты игере, қорыта отырып оның жетістіктері туралы айтады. Темірдің аса бағалы өнімдері, оның құймалары – шойын мен болат. Олар қазіргі өнеркәсіп пен техникада кеңінен қолданылады.
Бағалау Өзін-өзі бағалау
Бағалау парақшалары Бағалау парақтарын таратады
Бағалауды қадағалау Топты бағалау
Өзін-өзі бағалау
Рефлексия Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі ББҮ кестесін толтыру Ұсынылған стикерді толтыру
Үйге тапсырма Үй тапсырмасы бойынша сілтеме беру
§40 оқу 5,6 есеп дәптерге орындау.
«Еліміздегі қара металлургия өндірісі» реферат
Тарихшы- шойын біздің заманымызға дейінгі IV-VI ғасырда белгілі болған. Аристотельдің темір өндіру әдістері туралы еңбектеріне қарағанда, шойын біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Жерорта теңізінің жағасындағы елдерде кеңінен танымал болған. Олар кен орындарынан шағын шахталық пештегі ағаш көмірінің қызуымен темір, болат алуды үйренген.
Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.
Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Мен сіздергі Соколов-Сарыбай кен орының пайда болу тарихын естерінізге саламын. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінін байқайды. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасайтын еді. 12 ақпан 1949 жылы - тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.
Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарқанд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Өндіруді кеңейту мақсатында комбинат салу шешілді. Комбинат арқасында Теміртау қаласы пайда болды- 1 қазан 1945 жылы Самарқан ауылы атауын өзгертіп қала атауына ауысты. 1957 жылы салтанатты түрде домна пешінің кірпіші қаланды. 1 жылдан кейін құрылысты шұғыл кеңестік комсомолдық деп жариялады. Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен жастар Теміртауға ақты. Жастардың арқасында Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы пайда болды.
1960 жылы 3-шілдеде Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы шойын қорытылды. Шойын алушылардың ішінде елбасымыз Н.Назарбаев та бар еді. Сол жылдан бері бұл күнді металлургтер мекені ерекше атап өтеді. Бүгінде осынау Қазақстан Магниткасына - 50 жыл.
(Тарихшы маманға сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. Олай болса рахмет орныңызға жайғасуыңызға рұқсат. Келесі болып сөз алатын геогроф маман.) Геогроф- қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т. темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір концентраты шығарылады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кен орындарының темір қорын дүниежүзіне әйгілі Лотарингия (Франция), Кривой Рог (Украина) кен орындарымен салыстыруға болады. Сондай-ақ Торғай иінінде табылған темір кені қорының мол екендігі анықталып отыр. Темір кені ашық әдіспен өндіріледі. Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай, сондай-ақ Аят, Лисаковск және Қашар кен байыту комбинаттары Қазақстан қара металлургиясының маңызды шикізат базалары болып табылады.
1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия зауытында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) болат қорытатын екі мартен пеші, ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымдылығы 300 т. үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімділігі 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды болат балқыту, болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр техникалық болат алу, т.б. технологиялар игерілген.
(Журналистер қауымынан маманға сұрақ қоюшылар болса, баяндамаңызға рахмет. Ендігі кезекте арнай өндіріс орындарынан шақырылып отырған қайнаған оттың, қызу жұмыстың бел ортасында жүрген маман иесі технолог. Сол кісіге сөз кезегі беріледі.)Технолог - қазіргі заманғы домна пеші – металлургия өндірісіндегі ең ірі әрі ең жоғары дәрежеде механикаландырылған агрегат. Ол шихтаны тиеу, ауаны қыздыру, оны пешке үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін жинау және тасымалдау үшін қажетті өте күрделі механизмдермен, автоматты құралдармен жабдықталған. Домна пешінде жүзеге асырылатын процестер үздіксіз жүреді. Ең үлкен домна пешінің пайдалы көлемі 2700 м³. Домна пеші темір-бетонды фундаментке орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Пештің негізгі бөліктері: колошник, шахта, пеш күймесі, пеш иіні және көрік. Шахта, пеш күймесі және пеш иіні жоғары сапалы шамот кірпішінен, ал көрік пен пештің табаны құрамында глиноземнің мөлшері көп кірпіштен немесе көміртекті болатты блоктардан қаланады. Пештің табанынан 600-1000 мм биіктікте шойын мен төменгі шлакты құйып алатын науа, одан 1400-1600 мм биіктікте шлак құйып алатын екі науа, ал көріктің жоғарғы бөлігінде ыстық ауа үрлейтін фурма, пештің күмбезінде домна газын алып кету үшін газ шығарғыштар және екі конустан тұратын шихта тиегіш аппарат орналасқан. Биіктігі 30 м, ішкі диаметрі 12.
Экономист - қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі. Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар бағдарламалар әзірленді. Басқа салалардағыдай бізде де өндірістің жыл сайын жаңарып, жаңғырып жатуы қалыпты үрдіс. Онсыз болмайды. Әлемдік рынокта бәсекелестік одан сайын күшейген уақытта озық технология көмегі арқылы алға ұмтылу аса қажетті әрекет екені белгілі. Кәсіпорынды қанатында ұстаған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бұл ретте келешегін ерте ойлап, дамуға дем беруде ештеңеден аянбауы көңілге көрік береді. Демек, Магниткамызды жаңа белестер күтеді. Солай боларына да сеніміміз үлкен. Мысал үшін бүгінде өндірісіміздің тың қуат көзі – әзірлемелерді үздіксіз құю қондырғысын орнату аяқталды. Ол жылына 1,5 миллион тонна осындай өнім өндіруге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл – комбинат күш-қуатын күшейту бағытында іске асырылған маңызды жобалардың бірі. Мұндай қарышты даму кепілі еселенген жігермен еңбек етуге ұмтылдырмай қоймайды. Соның жарқын көрінісіне біздегі өндіріс ырғағы айғақ.
Эколог - қара металдар өндірісі, шикізатты өңдеу – экологиялық қауіптілерге жатады. Өнеркәсіп ошақтарынан шығатын әр түрлі улы газдар, қатты шаңдар, түтін осының барлығы өнеркәсіп аймағында орналасқан елді- мекендер үшін экологиялық проблемалар болып табылады. Темір кенді және металлургиялық өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерінің 80 %-ы атмосфераға әсері арқылы көрінеді. Өндіріс орындарынан алынған мәліметтер бойынша әлемдік металлургия атмосфераға жылына 50 мың т. қорғасын, 35 мың т. мырыш, 6 мың т. мыс, 1,2 мың т. никель, 70 т. кадмий бөледі. Ауада үнемі селен, теллур, молибден, марганец, ванадий болады.
Қоршаған ортаны ластау кен орнын игеруден басталады. Жауын болмаған жағдайда шаң ұзақ уақыт бойы сейілмейді (таралады).
Атмосфераның ластану салдары:
1)C, N, S қосылыстары, шаң әсерінен тыныс алу органдарының аурулары;
2)Құрылыстардағы (ғимараттардағы) конструкциялық материалдардың бұзылуы;
3)Ауыл шаруашылығына әсері – жиналымның, мал өнімділігінің кемуі (нашарлауы);
4)Жабайы флора, фаунаға әсері.
Суды көп мөлшерде пайдалану, оның металлургиялық процеске қатысуынан кейінгі температураның өзгеруі және түрлі қалдықтардың қосылуы табиғи су қорларының температуралық және химиялық режимінің өзгеруіне әкеліп соғады. Шойын болат балқыту және прокат даярлау аса улы өндіріс.
Қара металдар балқыту материалдарды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан толық циклді металлургиялық кәсіпорындар негізінен темір кені мен кокстелетін көмір өндірілетін аудандарда немесе ортасында ( өндіріс орналасуының шикізаттық факторы) орналасады.
(Эколог маманға сұрақ қоям деуші тілші - журналистеріміз болса рұқсат, баянамаңызға рахмет. Келесі кезекте шойын мен болаттан жасалған бұйымдар тұралы айтып өту үшін тұтынушы ретінде келіп отырған баяндамашымызға сөз кезегін ұсынамын.)
Тұтынушы- құю шойындарынан машинаның ауыр бөліктерін, маховиктерді, плиталарды, т.б даярлайды. Шойыннан құйылатын көркем бұйымдар, мүсіндер, әшекейлі тор көздер т.б. жоғары бағаланады. Жоғарыда айтылып өткендей болатқа белгілі бір қасиеттер беру үшін оны алуан түрлі термиялық, химиялық, және механикалық өңдеуден өткізеді. Осылардың арқасында болат қазіргі техниканың баға жетпес материалына айналып отыр. Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат – бұл аспанмен таласқан мұнаралар мен аспалы көпірлер, пойзға арналған рельстер, қуатты әскери кемелер мен артиллерия. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Болат жақсы созылады және соғылады, тез салқындатқанда өте қатты, ал баяу салқындатқанда жұмсақ болады. Жұмсақ болаттан беттік және жапқыш темір, қаңылтыр сым, шеге, болаттар, машина тетіктерін жасайды.