6 сынып сыныптан тыс шара Математика?а саяхат


Тақырыбы: «Математика патшалығына саяхат»
Сыныбы: 6г
Күні: 21.01.2017
Сабақтың мақсаты:Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу;
оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, тапқырлыққа,ұқыптылыққа баулу;алған білімдерін өмірде қолдана білуге, пәндердің бір-бірімен байланысын көрсету.
Іс-шараның түрі: дәстүрлі емес.
Іс-шараның типі: ойын, сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, физика
Көрнекіліктер: слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, бүгінгі «Математика – ғылымдар патшасы» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!!! Бүгінгі сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар:
Фигуралар патшалығы
Теңдеулер патшалығы
Логика патшалығы
Тура теңдік патшалығы
Ғылымдардың патшасы аталған соң,Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған соңТөзбейтін өтірікке, жалғандыққаАқыл-ойды тәртіпке келтіретін,Нағыз пән – “Математика” аталғансың.
Шараның өтілу барысымен таныс болыңыздар:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Таныстыру бөлімі.
ІІІ. Алтын сандық.
IV. Мақалшылар сайысы
V. Ой толғаныс.
VI. Миға шабуыл.
VII. Математикалық тілектер
VIII. Қорытынды бөлімі.
ІІ. Таныстыру бөлімі.
Әрбір келген патшалық өздерін таныстырады.
ІІІ. Алтын сандық. Әр бір бүгінгі кешке келіп отырған патшалықтар өздерінің дайындап келген сый сыйяпаттарын, яғни 3 логикалық тапсырмаларын жасырады.
IV. Мақалшылар сайысы
Бір түйір дәнде, ... ( бір тамшы тер бар)
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. ... (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. )
Екі жақсы қос болмас, ... (Екі жаман дос болмас)
..., жұдырық болады. (Бес бармақ жиылса)
Алдыңа бір қарасаң, ... (Артыңа он қара)
Досыңның мың болғанына мақтан, ... (Дұшпанын жалғыз болсада сақтан. )
Алты аға бірігіп әке болмас, ... (Жеті жеңге бірігіп ана болмас).
Дос сегіз болса, ... (Дұшпан сегіз).
Досыңды үш күн сынама, ... (Үш жыл сана).
V. Ой толғаныс.
1) Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған жемістердің бағасы берілген. Мысалы, төрт алма 28 теңге. Олай болса тігінен бірінші қатардағы екі алма, бір банан, бір құлпынайдың бағасы қанша теңгеге тең болады?
Нұсқалары: А) 23В) 24С) 25D) 26

2) Сандық тізбекті жалғастыр: 12, 16, 14, 18, 16, 20, ?, 22, 20, ?
Нұсқалары: А) 24-22; В) 18-24; С) 20-24; D) 18-20
3) Егер суреттегі екі фигураны беттестірсе, төмендегі суреттегі фигуралардың қайсысы шығады?

Суреттегі куб санын табыңыз (көрінетін – көрінбейтін барлығын).

Нұсқалары: А) 29; В) 25; С) 26; D) 27
Ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың қосындысы қаншаға тең? Егер бұл сандардың цифрлары әр түрлі болса.
Нұсқалары: А) 1078 В) 1089 С) 1096D) 1100
Жауабы: 1 – С; 2 – В; 3 – В; 4 – А; 5 – В.
VI. Миға шабуыл.
Алманың жартысы неге ұқсас?
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?
3. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
4. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
5. Үш май шам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?
6. 1т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?
7. ctg450-тің мәні.
8. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең?
9. Теректе 10 қарға отырды. Екеуін атып еді нешеуі қалды?
10. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?
11. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?
12. Жарты алманың жартысы неге тең?
13. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
14. 4 балада неше саусақ бар?
Логикалық есептер.
3 литрлік және 5 литрлік ыдыспен краннан 4 литр су ағызып алуға бола ма?
10 литрлік бөшке керосинмен толтырылған. 7 литрлік және 2 литрлік бос ыдыстар арқылы 5 литрден екі ыдысқа қалай құюға болады?
Бөшкі бірінші шүмек арқылы 20 минутта, ал екінші шүмек арқылы 30 минутта толады. Екі шүмекті бірдей ашып қойып, бөшкені толтырса, қанша уақыт толады?
VII. Математикалық тілектер
Математикалық символдар арқылы бір-бірлеріне тілектер жазу.
VIII. Қорытынды бөлімі.
Әділ-қазы мүшелері ұпайларын санап, қорытындылап марапаттайды.
Математика бұл күнде барлық жерде:
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер!
Виноградов И.В.: «Математиктер қиыншылықтарды жеңіп барып өседі және кемелденіп отырады».
Қош, сау болыңыздар!!!