?ызы?ты математика 3 сынып сыныптан тыс шара


Математика Тақырыбы: “Қызықты математика” Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есептеу дағдыларын жетілдіру. Өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Топпен жұмыс жасау арқылы ұқыптылыққа, жинақылыққа, достыққа тәрбиелеу. Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.Түрі: Сайыс сабағы.Көрнекіліктер: Плакаттар, ойындар, сұрақ тапсырмалар. Барысы:І. Қызығушылықты ояту. Көңілді Тапқыштар, БілгіштерБар өнерін алдарына салады.Кім білімді, көп оқыған болса егер,Бүгінгі жеңімпазы болады. ІІ. Мағынаны тану.Сайысқа екі топ қатысады.І – Тапқыштар.ІІ – Білгіштер. Сайыстың жоспары: 1.Таныстыру. 2. Қызықты шаршы. 3. Арифметикалық таңбалар. 4. Логикалық тапсырмалар. 5. «Бәйге» ойыны. 6. Криптограмма шешу. 7. Топ басшылар сайысы.Әр дұрыс жауап 5 ұпай болып есептеледі. Кел, балалар ойнайықОйнайық та ойлайық.Қандай жұмбақ болса да,Шешпей оны қоймайық.І. Таныстыру ІІ. Қызықты шаршы. 1-ден – 20-ға дейінгі сандар 16 тор көзіне жазылған. 2 мин ішінде жоқ сандарды атау қажет. 15 6 4 1 13 1 20 19 5 16 14 8 3 10 9 17 11 4 15 7 6 13 20 1 2 16 9 17 10 18 5 12 ІІІ. Арифметикалық таңбаларды қой.4 5 20 = 29 12 2 9 = 548 2 15 = 1 8 2 15 = 31 ІV. Логикалық тапсырмалар.Сенің әке – шешең көршіңе кім болады? Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Су астында қандай тас жоқ? Сілеусіннің алдында не бар, ал жолбарыстың артында не бар? Бүгін жұма, ал бүрсігүні қандай күн болады?Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді, сонда оларда неше марка қалды? Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? VІ. Криптограмма шешу Мұнда әр топқа бір – бірден криптограмма беріледі. Қай топ ең көп сөз тауып жазса, сол топқа жоғары ұпай беріледі. Н Ш Е Е Ң Д Ү К Ң Т Ө Е Р Т Б Е Р У А Е Ұ Ш Т Б Д И Р Ы М Е С У А Л Е С А Н Т У Т Р VІІ. Топ басшылар сайысы.1. 45 санын 9 есе кеміт.2. 1 дм неше см бар?3. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек пе? 4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.5. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?7. 7 онд. 6 бірл.тұратын сан?8. Аудан деген не?9. 1 жылда неше ай бар?10. 8-ді 8 есе арттыр. 1. 9-ды 9 есе арттыр.2. Жоқты білдіретін сан.3. 7 жүзд. 2 онд.1 бірл. тұратын сан.4. Жылдың соңғы айы.5. Салмақ өлшем бірліктерін ата.6. 32 саны 8-ден неше есе көп?7. 1 см неше мм бар?8. Қосудың нәтижесі қалай аталады?9. Периметр деген не?10. 1 тәулікте неше сағат бар?  ІІІ:Толғаныс: Қорытынды. Жеңген топты марапаттау.