«Бір айнымалысы бар те?сіздіктер ж?йесін шешу»


Сабақ жоспары.
«Бекітілді»
Оқу ісінің меңгерушісі: Қайырқұл Ш. С.
Пәні: Алгебра.
Сыныбы: 9а, б
Сабақ: №20
Күні: 17. 10. 13
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың теңсіздіктерді шешіп, теңсіздіктің шешімін таба білу, жауабын жаза білуін, білімдерін нақтылау, жүйелеу, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмаларды орындау
Көрнекілігі: Карточка, интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, зейін аудару, көрнекіліктерді дайындау т.б.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: І топ «Халық Банк»
ІІ топ «Альянс Банк»
ІІІ топ «АТФ Банк»
Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге.
ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны – 1000 теңге
(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)
1. Сызықтық теңдеу дегеніміз?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз?
3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз?
4. Квадрат функцияның графигі?
5. Сызықтық функцияның графигі?
6. Квадрат теңдеудің жалпы түрі?
7. Шеңбердің теңдеуі?
8. Теңдеулер жүйесін шешудің неше тәсілі бар? Оларды ата.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№129
1)

2)
№130
1)
2)
IV. Жаңа сабақ:
Айнымалының теңсіздікті қанағаттандыратын мәндерін оның шешімдері деп атаймыз. Мысалы, , , және т.с.с. – бір айнымалысы бар теңсіздіктер. саны теңсіздігінің шешімі.
Теңсіздіктерді шешу дегеніміз – оның барлық шешімдерін табу немесе шешімдерінің болмайтындығын дәлелдеу. Шешімдері бірдей болатын теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктер деп атаймыз.
Теңсіздіктердің қасиеттері:
Егер теңсіздіктің екі бөлігіне де бірдей санды, не өрнекті қоссақ (азайтсақ), онда мәндес теңсіздік шығады.
Егер теңсіздіктің бір бөлігінен қосылғышты қарама-қарсы таңбамен оның екінші бөлігіне көшірсек, онда мәндес теңсіздік шығады.
Егер теңсіздіктің екі бөлігін де бірдей оң санға көбейтсек, не бөлсек, онымен мәндес теңсіздік шығады.
Егер теңсіздіктің екі бөлігін де бірдей теріс санға көбейтіп, не бөліп, берілген теңсіздіктің таңбасын қарама-қарсыға өзгертсек, онда онымен мәндес теңсіздік шығады.
1-мысал. .
2-мысал. Ø.
3-мысал. , ,

V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару:
№131, №132, №133.
VI. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту
Семантикалық картаны толтыру: (1000-5000 теңге)
Жауабы
Теңсіздіктер Ø
VII. Тест тапсырмалары:
1.
2.
3.
4.
5.
VIII. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап, таныстырады)
IX. Сабақты бекіту кезеңі:
1. Теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
2. Қандай теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктер деп атайды?
3. Қандай теңсіздіктерді квадрат теңсіздіктер деп атайды?
4. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін қалай шешеді?
X. Үй тапсырмасы: №131 (2,3), №132 (2,3), №133 (2,3), №134
XI. Қорытындылау: Оқушыларды белсенділігіне байланысты бағалау.