?арттарым, аман-сау ж?рші! ??тты?тау кеші


М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі
Құттықтау кеші
«Қарттарым, аман-сау жүрші!»
Өткізген: Жылқыбаева А.Т.



2015 - 2016 оқу жылы
Тақырыбы: Қарттарым, аман-сау жүрші!
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке баулу; үлкенді сыйлауға, иманды да инабатты болуға тәрбиелеу; эстетикалық талғамдарын нығайту.
Көрнекі құралдар: Қанатты сөздер, плакаттар, шарлар, музыка.
Жүргізушілер: Қайролла Алмас, Тасберген Индира.
1-жүргізуші: Дүниеге келер бір рет,
Дария-кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым, аман-саумысың – деп, бүгінгі «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты құттықтау кешіне қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Мерекеде басты қостық бәріміз,
Жарасады әніміз бен сәніміз.
Той пердесін ашайық,
Аталарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық!
1-жүргізуші: Әрқашан еркелетіп ертіп жүрер ата-әже баласы болған қандай бақыт! Ата-әженің тәлім-тәрбиесін көріп, өнегесін үйренбеген немере болмас. Тіпті ұлы адамның өзі де ата-әжесінің тәлім-тәрбиесімен сусындап өскен.
2-жүргізуші: Құттықтау сөзі мектеп директоры Хасенова Мүслима Қасымқызына беріледі.
1-жүргізуші: Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – дей отырып, бүлдіршіндердің орындауында «Балапан» әні (1-сынып)
Бастауыш сынып оқушылары өз тақпақтарын айтады.
Тілеужан: Асыл әжем, мақтанышым менің де
          Қонақ болып отыр міне төрімде.
           Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
          Ән салатын кезім келді  менің де.
Мәншүк: Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Аружан: Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2-жүргізуші: Әлқиссадан шертеді,
Оқиғасы не түрлі.
Әжем айтқан ертегі,
Ел тағдыры секілді.
Алтынай: Әжем менің шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде
 Бізді ойлап жүреді.
  Менің әжем, ақ әжем,
             Ақ жаулықты жан әжем.
             Ақыл айтқан дан әжем
              Ертегісі дар (мол-?) әжем.
5-сынып қыздарының орындауында «Ертегілер» әні.
Диана: Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
С.Аяжан: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал әжем,
Ылғи менің қасымда.
Ақ жаулықты әжемді
Ай-нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін.
Әділет: Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл-қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.
Нұрдаулет: Атам менің әманда Әдепті жан бол деген. Атам сөзі санамда Жасы үлкенге жол берем. Алдын орап кісінің Кесіп өтпе көлденең. Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем.
Е. Аяжан: Атам менің әманда Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда Мақтанбауды жөн көрем. Қалдыратын ұлтқа Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізеді мұратқа Тек шындықты көздеймін.
Мирас: Атам менің әманда Әділетті бол деген. Ата сөзі санамда Жүрмін тура жолменен. Ей, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы. Танимысың сен мені? Мен - қазақтың баласы.
1-жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық, Өркениетке нақты анық бастық. Туған жердің тұғыры биік бол деп, Шын жүректен ән-жырды сыйға тарттық.
6-сыныптың орындауында «Көк туым» әні.
2-жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады. Той деп бүгін әлем сырын ашады. Қарттар күні мейрамына арналған Бишілер өнерлерін шашады.«Қазақ биі» бір топ бишілер (жоғары сынып қыздары).
Серік: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар. Ана мейір күн көзімен пара – пар. Тұла бойға қуат болып таралар. Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Камила: Ата күні - әже күні - әлем күні! Әлемде теберінділер (тербелетер-?) ақылды үні Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде. Ұғып ал бөбектерім сендер мұны. Ата – әже, мерекелеріңіз құтты болсын! Жанұяңызға тек қана шаттық толсын! Немерелеріңіздің өнерін тамашалап Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!
1-жүргізуші: Күн нөсерін төгейік,
         Жырдан моншақ өрейік.
         Уа жамағат, ал енді
        Әнге кезек берейік.
6-сынып ұлдарының орындауында «Әкешім» әні.
2-жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар,
          Кәнеки би бастаңдар!
          Ата-әжелердің көңілін
          Бір көтеріп тастаңдар!
Бүлдіршіндерді қазақтың «Қамажай» биімен ортаға шақырамыз.
Ақниет: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып, Қуат кетіп бара жатыр қартайып. Отбасында, бала – шаға қасында Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып. Көңіл жетім болмаған соң сыңары Жас баладай жаутаңдаған жанары Қайта – қайта қарағың кеп тұрады Қағыс естіп қалбақтайды баладай Мәпелеңдер қарт біткенді аялап Ниеті ақ, көңілі кең даладай Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.Асет: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама, Аспанымдай мәңгі жаса, құлама! Ер жетсем де еркелігім қалмайды, Көз алдымда сен тұрғанда, ұлы Ана!
Бексұлтан: Атамыз біздің панамыз,
Атамыз біздің данамыз.
Атадан ақыл аламыз,
Атадан адам боламыз.
Болашақ алды ұрпаққа,
Сілтеген түзу жолдарын
Балалар түсін оны-ойла,
Қарттар - асыл тауларын!
Шыңына шығып биіктің
Мансапқа жетер қолдарың.
Ұмытпа сонда қадірін,
Қарттар - асқар тауларың!
Оқушылар өз шығармаларын, өлең-тақпақтарын оқиды.
1-жүргізуші: Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Жоғары сынып оқушыларының орындауында көрініс (8-сынып, Дауылбай Ақниет).
2-жүргізуші: Тұра тұршы есейгенше ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің!
Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?
5-6 сынып қыздарының орындауында «Асыл әжем» әні.
1-жүргізуші: Менің әжем алтын!
2-жүргізуші: Менің де әжем алтын!
Бірге: Әжелерді құрметтеп қол соғыңдар жалпың!
Әжелерді ортаға шығарып, ойын ойнату.
2-жүргізуші: Кешіміздің қадірлі қонақтарын ортаға шақырып сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Күлімдеген көзіңнен,
Айналайын атажан!
Не үлкен сый бар бізге
Өзің берген батадан? – деп бүлдіршіндерге ақ бата берсеңіздер.
2-жүргізуші: Алдында жүрші көзімнің,
Асылым, алтын-қазынам.
Ауыра қалсам өзіңнің,
Пейіліңнең-ақ жазылам.
1-жүргізуші: Сағынып талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап,
«Қарттарым, аман-сау жүрші» –деп бүгінгі шағын құттықтау кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет!