1 сынып?а арнал?ан саба? жоспары Та?ырыбы К?рші атам
Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Жұп дауыстылар. Көрші атам.
Мақсаты а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін
пысықтау
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік
қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс
амандасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап
Күтілетін нәтиже +Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта
жігерлерін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.Балалар, өткенсабақта қандай тақырып өткен едік? Кім мағанайтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы нағашы ата деген кім?-Дұрыс мамамыздың әкесі.-Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы –сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?-Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар? Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады.
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін
Жүгіріп кеп асыға
Оған сәлем беремін
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады
-Міне нағыз жігіт!- деп,
Сүйсініп бір алады
(Көрініс ретінде)
Сәлем бере білейік
-Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»
- Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
М. Жаманбалиев
Дәптермен жұмыс.
56-жаттығу. Көбелек, бөгелек сөздерінің жазылуын біліп алыңдар.
Жаңбыр жауар себелеп,
Жолға шығар көбелек.
Гүлге қогар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Ал енді бір-бірімізбен амандасып көрейікші.Сыныптастармен.
Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Үйге тапсырма 57-жаттығу. Мәнерлеп оқу 63-64 бет. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады