Та?ырыбы: Етістік. Б?л саба?та сіздер к?птеген м?ліметтер ала аласыздар. Б?л слайд о?ушыларды? саба??а ынтасын арттырады деген сенімдемін.
СҚО Тайынша ауданы«Амандық орта мектебі»КММ. бастауыш сынып мұғалімі: Сейпиева Арайлым Хасеновна Оқушыларға етістіктің сөз табы екені туралы білім беру, негізгі лексикалық мағынасы мен қызыметі туралы ұғымдарын кеңейту. Етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар орындау арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу, етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету. Дамытушылығы: Сөз таптарын ажырата білуге, сөйлемнің мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.Тәрбиелілігі: Олардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілдікке, адамгершілікке, әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Түрі: Тренинг.Әдісі: Жарыс, ойын ашық айту, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау-мадақтау.Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.Көрнекілігі: Ереже жазылған плакат, мультимедиялық құрылғы, А. Байтұрсынұлы суреті. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.Сәлемдесу.Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз.Құрметпенен бас иіп,Сәлем еттік біз.Поэзия минуты.Қазақ тілім-өз тілім ана тілім.Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім.-Міне балалар қазір, кемеңгер ұлы бабаларымыздың, ақындарымыздың туған тілі, біздің тіліміз-қазақ тілі сабағы. Үй тапсырмасы және өткенді қайталау . Кубизм әдісі бойынша пысықтау.1.Топтастыру.
Сөз табы: 2.Зат есім дегеніміз не?3.Адамдар мен жануарларға қандай сұрақтар қоямыз?4.Зат есімнің көпше түрінің жалғауларын ата5.Жалқы есім дегеніміз не?6Жалпы есім дегеніміз не? ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау, ережемен таныстыру. Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтпек. Тренинг сабақтың негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды еркін бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.Бүгінгі сабағымызда ІІ топқа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. Сабақ барысында топ басшылары ұпайлар қойып отырады.І-топ: БілімпазІІ-топ: БолашақЕрежемен таныстыру.1.Тыныштық сақтау.2.Бір-бірін тыңдау3.Қол соғу4.Ойларыңды ашық айту. Төрт аяғы бар.Адам деуге болмайды,Бірақ та сақалы бар. 2.Кірбигенді күлдірер, Көңіліңе күн кірер. Өз еркіне жіберсең, Дүниені бүлдірер 3Көк көйлекті жеңешем, Көлбең-көлбең етеді. Желмен ұшып кетеді, Жер түбіне жетеді. 4.От басында құмған, Екі көзін жұмған. 5.Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. 6.Тұмсығы мықты, Кедір-бұдырдың барлығын, Тегістеп шықты. 7.Күміс табақ дөңгелек, Аспанда жүр дөңгелек СӨЗЖҰМБАҚ . Балалар қандай сөз шықты?-Етістік Бүгін біз етістік туралы алған білімімізге жаттығу жұмысын орындаймыз-Үй жануарларына нелер жатады?-Түйе, сиыр, қой, жылқы.-Олай болса үй жануарларының іс-әрекетін сәйкестендіре қояйықСәйкестендіру.Жылқы маңырайдыСиыр боздайдыТүйе үредіҚой мөңірейдіИт мияулайдыМысық кісінейді-Жануарлардың іс-әрекетіне қандай сұрақтар қоямыз?-Қай сөз табы?Сызбамен жұмыс-Етістік дегеніміз не?-Етістік сөз табы. Заттың іс-қимылын, әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз.Сұрақтары Не істеді? Не қылды? Қайтті? Мысалы: Ойнады, күлді, жылады, ұшты т. БЕтістік сөзін тілімізге енгізген А. Байтұрсынов атамыз. Ол алғаш рет «Оқу құралы» деген еңбегінде етістік сөзінің мағынасын, қызметін талдап көрсеткен. Етістік сөйлем ішінде баяндауыш қызметін атқарады. Астын екі сызықпен сызамыз. . Оқулықпен жұмыс.Жаттығу. Суреттер бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады?Әңгімеге ат қой. 2-жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып, етістіктерді теріп жаз. , оларға сұрақ қой. 3-жаттығу. Сөздерді оқып, сипатына қарай топтап жаз екі топқа бөліп жазу. «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға жазылған ұйқастардың жалғасын жазу, етістікті тапқызу.І-топ. Нұрлан тойға барды, Көптеп кәмпит... (алды) Жаз жайлауға барайық, Шырқап әнге ... (салайық) ІІ-топ Қызыл алма жинаймын, Анама әкеп ... (сыйлаймын) Қалың қарды күрейік, Коньки теуіп ...(жүрейік) Сергіту сәті. «Құстар қалай сайрайды? Ойыны -Балалар, мен допты лақтыру арқылы құстардың атын атаймын. Ал сіздер олардың қалай сайрайтынын айтасыздар.Бұлбұл ...(сайрайды)Торғай ...(шырылдайды)Шағала ...(шаңқылдайды)Қарға ...(қарқылдайды)Тырна ...(тыраулайды)Бөдене ...(Бытпылдайды)Үйрек ...(пырылдайды)Қаз ...(қаңқылдайды)\Сауысқан ... (саңқылдайды) «Ақ сүйек» ойыны2-топқа ортақ бір мақал беру, Мақалға қатысты әр топқа жеке тапсырма беру(қағаз, маркер беру, әр топ өз жұмысын тақтада қорғайды) І-топ Сөз құрамына талдайдыІІ-тап Сөйлем мүшесіне талдайды Ой қорытуІ-топ Венн диаграммасы ІІ-топ. Семантикалық картамен жұмыс Атауы Зат есім Етістік гүл ұшты аспан келді қонды кітап тырна Бекіту.. Шығармашылық тапсырма.Мына плакаттағы суретте ана тіліндегі қандай мысал суреттелген?-«Шегіртке мен құмырсқа», «Сүт қалай ұйықтады?» мысалдарға байланысты етістігі бар сөйлем құрау.Мысалы: Шегіртке секірді. Құмырсқа еңбек етті....т.б Үйге тапсырма: 4-жаттығу. Ережені жаттау.Бағалау.Мадақтау Топпен жұмыс істеуге Өз ойын еркін айтуға Шығармашылық тапсырмалар орындауға Ойын қорытып, тұжырымдауға ӨЗін-өзі бағалауға Өзгенің пікірімен санасуға ҮЙРЕНДІ