Урок по казахскому языку на тему Негізгі ж?не туынды зат есім


Қазақ тілі Уақыты Кабинет Мұғалім
Сабақтың тақырыбы Негізгі және туынды зат есім
Сілтеме Қазақ тілі оқулығы
Сабақтың жабдығы Кесте,тапсырмалар жазылған үлестірмелер
Жалпы мақсаттар Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,айырмашылықтарын ұғындыру.
Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысықтау,жетілдіру.
Білім,білік дағдыларын,танымдық қабілеттерін дамыту.
Мәнерлеп сөйлеуге,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөлу Сөз таптарының сұрақтарымен бөлу 1-топ «Зат есім»
2-топ «Етістік»
3-топ «Сан есім»
4-топ «Сын есім»
Ынтымақтастық атмосферасы Сабақты Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арнайтынымды айтып,өлеңдерін оқыту Жамбыл Жабаевтың өлеңін оқиды
Қызығушылықты ояту
Бұл бейне неге ұқсайды? Сөз таптарын, сұрақтарын еске түсіреді
Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ Негізгі және туынды зат есім бойынша білімдерін одан әрі жетілдіру
Тапсырмаларды топтарға бөліп орындату
1-топ. 24-жаттығу
Сөздерді көшіріп жазып,сөз құрамына талдату
Адалдық,астық,ұзындық,көрік,жолдас,сызғыш,қырат,өшіргіш,татулық.
2- топ.25-жаттығу
Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша арқылы бөліп жазу
3-топ.26-жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып,құрылысшы сөзінің туынды зат есім екенін дәлелде.
4-топ.27-жаттығу.
Мақалды жазып,туынды зат есімді тауып,сөз құрамына талдату.
Ойын: «Тез тауып,бөгелмей айт»
Топ басшылары келіп конверттегі тапсырмаларда алады.
1.Кітап,дос,егін,орын сөздеріне тиісті жұрнақтарды қосып,туынды зат есім жаса.
2.Таза,мал,ас,ән сөздеріне тиісті жұрнақтарды қосып,туынды зат есім жаса.
3.Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып айт.
..............-кезекші
..............-сыйлық
..............-көлшік
4. Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып айт.
.....-іскер
.....-сөздік
.....-сызғыш
Сергіту сәті Мақал сөздің мәйегі
Мақал-мәтелдер айтқызу.
Ойын: «Тамшыларды көлшікке түсіру»
«Блиц-тур»
1-топ сұрақтары 2-топ сұрақтары 3-топ сөрақтары 4-топ сөрақтары
1 Зат есім нені білдіреді?
Сұрақтары Етістік нені білдіреді?
Сұрақтары Сан есім нені білдіреді?
Сұрақтары Сын есім нені білдіреді?
Сұрақтары
2 Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша неше түрлі болады? Жұрнақ пен жалғауды ажырат
3 Зат есімнің түрлерін айт Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не? Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не? Жалқы есім дегеніміз не?
4 Жалпы есім дегеніміз не? Негізгі зат есім дегеніміз ше? Туынды эат есім дегеніміз не? Туынды зат есімге мысал келтір
Үйге тапсырма 29-жаттығу Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады